kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студенттерді дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелерімен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері»

ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА

«ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕДИКО-ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР» БӨЛІМІ

ФАРМАКОГНОЗИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ




БЕКІТЕМІН

ОӘЖ бойынша директордың орынбасары

Жантелиева Л.О.

___________________

«____» ______________ 2016ж.





Фармакогнозия пәнінен «Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері.» тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулық







Аты-жөні

Қызметі

Қолы

Өңдеуші

Отаргалиева Майгуль Оралгалиевна

Фармакогнозия пәнінің мұғалімі


Оқу-әдістемелік мәліметтері «Фармация және медико-техникалық пәндер» бөлімінің ЦӘК отырысында қарастырылып бекітілген.

Хаттама № __


от «___» ____ ____ 2016ж.


Председатель ЦМК Сатекова А.Е.

_________________







Алматы- 2016ж.


Сабақтың технологиялық картасы


Пән «Фармакогнозия»

Күні ____________ Топ _________

Тақырыбы практика Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері.

Сабақтың мақсаты: дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау үрдістерінің негіздері туралы біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

Білімдік: Студенттерге тақырыпты жүйелендіріп түсіндіру, сонымен қатар сабақ барысында ізденіс атмосферасын тудыру.

Дамытушылық:

  1. Жаңа дәрілік өсімдіктерді және дәрілік өсімдік шикізаттарын табу әдістері. Ойлау операцияларын дамыту (сараптама, синтез, себеп-салдар байланыстарын қалыптастыру, жіктеу,негізгі түсініктерді ерекше атап көрсету, дәлелдеуді уйрету)

  2. Халық медицинасының тәжірибесін оқып-білу және пайдалану.

  3. Дәрілік өсімдік шикізатына нормативті құжаттарын өңдеу және дәрілік өсімдік шикізаттын жинау, кептіру және сақтау жөніндегі сұрақтарын оқып-білу.

Тәрбиелік:

  1. Студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту

  2. Сөйлеу мәдениетіне үйрету және еңбекқорлыққа тәрбиелеу

  3. Еңбекке деген жауапкершілігімен творчествосын дамыту

Сабақтың типі практика [90 мин.]

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а) оқу көрнекілік құралдар: ҚР Мемлекеттік Фармакопеясы, оқулық

б) үлестірмелі материалдар:тесттер мен карточкалар

в) ТОҚ: презентация, видеофильм және жылжымалы проектор

Пән аралық байланыс: фармакология, дәрілік заттар технологиясы, микробиология, ботаника, химия

Өз бетінше жұмыс: тақырып бойынша тесттер және гербарий

Ұйымдастыру кезеңі: [5 мин.]

  1. Сәлемдесу

  2. Студенттерді тізім бойынша белгілеу

  3. Студенттердің сырт көрінісін тексеру

  4. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың өту барысы

- дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарап тани білу;

- өсетін жерін білу;

- дәріге өсімдіктің қай мүшесін алуды білу;

- кептіру әдісін білу.

- қабылдау;

Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру (үй тапсырмасы) [30 мин.]

1. Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау жүйесі.

2. Топ бойынша дайындық Kanban әдісімен

Тапсырма

Морфологиялық белгілері бойынша аналог, біртұқымдас өсімдіктердің әртүрлі түрі химиялық құрамы бойынша ерекшеліктерге ие. ББЗ құрамы вегетация, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, кептіру және сақтау кезінде өзгеруі мүмкін.

Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау сұрақтарына ДДСҰ үнемі көңіл бөлуде. Дәрілік өсімдік шикізатының әлем халқының денсаулығын сақтауда маңыздылығын атай отырып, ол резолюцияны қайта қарауды және барлық дәрілік заттардың терапевтикалық классификациясына сәйкес дәрілік өсімдіктердің терапевтикалық классификациясын периодты түрде икемдеуді мақұлдады. Осы резолюцияда ДДСҰ барлық мемлекеттерді – Ұйым мүшелерін халықаралық стандарттар мен тиісті өндірістік тәжірибе ережелерін қолдана отырып, заманауи технологияның көмегімен дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілердің сапасын бақылауды қамтамасыз ететін өз стандарт нормативтерін құрастыру мен енгізуге шақырды.

Тақырып мақсаты. Қазіргі таңда, ТМД мен басқа мемлекеттер сияқты, Қазақстанда да, дәрілік өсімдік шикізатының және фитопрепараттардың сапасын бақылау, негізінен, МФ ХІ басылымы және ГОСТ-тар бойынша, ал импортталған шикізаттың кіріс бақылауы фирмалар спецификациясы мен әлемнің жетекші мемлекеттерінің монографиялары, соның ішінде Еуропалық, Британдық және т.б. бойынша жүргізіледі. Халықаралық стандарттармен үйлестірілген дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылау бойынша ҚР -да біртекті заңнамалық база құру ҚР Фармация Комитетінің алдындағы актуальді мәселенің бірі болып табылады. Фитопрепараттарды стандартизациялау мәселелері 2003 жылы 23-26 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Халықаралық конференцияда талқыланды. Содан бері біраз уақыт өтті, алайда шешілмеген мәселелер сол қалпында актуальді. ҚР ВТО-ға ену концепциясы бойынша, халықаралық стандарттармен үйлестірілген дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау бойынша заңнамалық базаның базалық құжаты ретінде Еуропалық және Британдық Фармакопеяның сәйкес баптарын қолдану қажет деп есептейміз. Көрсетілген құжаттар халықаралық мәнге ие және жалпы мойындаған, ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ, тек үйрене отырып, орындау қажет.

Дәрілік өсімдік шикізатының сапасына қойылатын талаптарға қатысты онда үш жалпы баптар берілген:

■ Өсімдік текті дәрілік заттар

■ Дәрілік өсімдік шикізаты

■ Дәрілік өсімдік жинақтары (шай)

Онда өсімдік шикізатына жалпы сипаттама, оның негізіндегі дәрілік заттар, оның өндірісіне қойылатын талаптар, идентификациялау, тазалығы мен сандық талдау бойынша сынақтар жүргізу берілген. Біз осы мәселеге қатысты әлемнің жетекші Фармакопеялары арасында салыстырмалы талдау жасадық. Сонымен, Америка Фармакопеясы сәйкес баптар (өсімдік препараттарын және шикізатын сипаттайтын) жоқ, бірақ «Жалпы баптар» (Gеneral Chapters) бөлімінде сынамаларды алу әдістері мен фармакогонозияның бірқатар әдістері: бөтен қоспалар, жалпы күл, т.б. берілген «Дәрілік өсімдік шикізаты» (Medicinal plant materials) бабы берілген.

Француз Фармакопеясының Х басылымында өз редакциясы бойынша Еуропалық Фармакопеясынан ерекшеленетін «Дәрілік өсімдік шикізаты» жалпы бабы берілген, бірақ мұнда да дәрілік өсімдік шикізаты түсінігі мен оның сапасын бақылау бойынша жалпы талаптар қысқа ғана берілген. Осында белгілі бір өсімдік шикізатына монографияның құрылымы туралы ақпарат көрсетілген.

Жапон Фармакопеясында «Жалпы ескертулер» бөлімінде «Дәрілік өсімдік шикізаты үшін жалпы ережелер» бабы берілген, мұнда өсімдік және жануар текті шикізаттар тізімі, олардан алынған дәрілік қалыптар (экстрактар,жасушалық қосымшалар, минералдар және т.б.) көрсетілген. Ары қарай шикізат түрі (бүтін, кесілген немесе ұсақталған), кептірудің қарапайым шарттары (60°С жоғары емес температура), тазалығына қойылатын талаптар (бөтен қоспалардың болмауы), зарарсыздандыру мен сақтау шарттары атап өтіледі.

Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау сұрақтарына ДДСҰ Халықаралық Фармакопеясында ерекше көңіл бөлінетінін атап өту керек. Ол жеке дәрілік өсімдіктер және дәрілік өсімдік шикізаты мен фитопрепараттар сапасын бақылау әдістері бойынша 2 том монографияны баспадан шығарды. Алайда берілген құжаттар ұсыныстық сипатқа ие және алмастыруға сәйкес фармакопея баптары немесе кез-келген ұлттық заңнамалық құжаттар жоқ.

Еуропа елдерінде дәрілік заттардың өндірісі тиісті өндірістік тәжірибе (GМР) шарттарына сәйкес жүргізілетіні және Еуропа Фармакопеясының жалпы баптарының басым бөлігі ЕС директиваларына негізделген және тиісті өндірістік тәжірибе шарттарымен тығыз байланысты («Өсімдік шикізатынан дәрілік заттар өндірісі» қосымшасы, мұнда алынған шикізаттың сапасын бақылаудың негізгі принциптері, қажетті құжаттарға қойылатын талаптар берілген) екендігі белгілі.

Жоғарыда көрсетілгендей, ҚР-да басқа ТМД елдері сияқты, дәрілік өсімдік шикізаты мен оның негізінде алынған фитопрепараттар сапасын бақылау МФ ХІ басылымы және ГОСТ бойынша жүргізіледі. МФ ХІ басылымында «Дәрілік өсімдік шикізатын талдау әдістері» бөлімінде шикізат түрлері мен фармакогнозия әдістері келтіріледі. Екінші басылымында белгілі морфологиялық топтар: жапырақ, шөп, гүлдер, жемістер, тамырлар, тамырсабақтар, пиязшықтар және т.б. бойынша жіктелген жеке шикізат түріне 83 бап берілген. Әрбір топ үшін анықтама, жинаудың қарапайым мерзімдері, сыртқы белгілерінің ерекшеліктері, микроскопиялық, гистохимиялық сипаттамалары және сан көрсеткіштері берілген. Сынаманы дайындау және микроскопиялық сынамаларды жүргізу техникасы «Дәрілік өсімдік шикізатының микроскопиялық және микрохимиялық зерттеу техникасы» және «Люминесцентті микроскопия» баптарында берілген. Дәрілік өсімдік препараттарын сипаттайтын жалпы баптарға сипаттамасы, өндірісінің кейбір аспектілері мен сапа көрсеткіштерінің тізімі келтірілген «Жинақтар», «Эфир майлары», «Экстрактар» және т.б. баптар жатады.

Бүгінгі таңда дәрілік өсімдік шикізатына аналитикалық құжат айтарлықтай дамыған және келесідей сапа көрсеткіштерін қарастырады: дәрілік өсімдік шикізатының атауы латын, мемлекеттік және орыс тілдерінде көпше түрде, баптың преамбуласында дәрілік өсімдіктің және тұқымдасының атауы латын, орыс және мемлекеттік (қазақ) тілдерінде, бүтін немесе ұсақталған шикізатының түрі көрсетіледі. Преамбуладан кейін негіздігін (сыртқы белгілер, микроскопия, сапалық реакция) анықтайтын әдістерінің сипаттамасы берілген. «Сыртқы белгілер» бөлімінде диагностикалық белгілері (қабық, шөп, жапырақ және т.б.) сипатталады, мұнда өлшемдері, түсі, дәмі және сулы оқшауының дәмі көрсетілуі тиіс. «Микроскопия» бөлімінде міндетті шарттар ретінде ұсақталған шикізат немесе ұнтақтың диагностикалық белгілерінің сипаттамасы беріледі. Құжатқа шикізаттың нағыздығын дәлелдейтін, арнайы белгілерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін көрнекілік ретінде микропрепараттардың суреттері енгізіледі. Негіздігін анықтауда маңызды сапалық, гистохимиялық реакциялар берілетін «Сапалық реакциялар» бөлімі келтіріледі, бірақ сапалық химиялық реакциялар шикізаттың тазалығын нақты дәлелдей алмайды, ол тек шикізатта ББЗ белгілі тобының немесе қатарының, жиі шикізаттың осы түріне сәйкес емес ББЗ тобының барлығын көрсетеді. Тек стандартты үлгілерді қолдана отырып хроматографиялық талдау әдісі ғана шикізаттың таза екендігін жоғары сенімділікпен айтуға мүмкіндік береді. Дәрілік өсімдік шикізатына ғана тән «Сан көрсеткіштері» бөлімі, онда арнайы сапа көрсеткіштері беріледі: ұсақталғыштық, ылғалдылық, жалпы күл, 10% хлорлысутекте ерімейтін күл, сондай-ақ органикалық, минералды және басқа да қоспалар. Маңызды бөлімдердің бірі - «Сандық талдау», мұнда талдау әдістемесі толық сипатталады және осы шикізатта кездесетін биологиялық активті затқа есептегенде әсер етуші заттың құрам мөлшері анық нормаланады. Егер шикізаттан субстанция ретінде қолданылатын жеке зат бөлініп алынса, онда шикізатта осы заттың мөлшері есептеледі.

ДДСҰ ұсынған қауіпсіздіктің жаңа және өте маңызды сапа көрсеткіштері: микробиологиялық тазалық, пестицидтер, радионуклеидтер, ауыр металдар ізін анықтау. Қажеттілік кезде мынадай сапа көрсеткіштері енгізіледі: тығыздық, құрғақ қалдық, оптикалық айналу бұрышы, спиртті құрамы және т.б. Ерекше көңіл «Қаттау» және «Маркирлеу» бөлімдеріне бөлінеді,бұл бөлімдерде қаттамалар түрлері мен қаттама жапсырмасын графикалық безендіру сипатталады, сосын транспорттау және сақтау шарттары, физиолгиялық активтілік типі беріледі.

Әлемнің жетекші мемлекеттерінің фармакопеяларының талаптарына сәйкес дәрілік шикізатқа заманауи халықаралық сапа стандарты көрсеткіштер мен әдістердің келесідей міндетті тізімін қамтуы керек:

1. Ботаникалық атауы (қажет болған жағдайда жіктеуші автордың атауымен, мысалы Linnaeus);

2. Өсімдіктің шығу тегі туралы толық мәлімет (мемлекет немесе өсу немесе таралу аймағы, жинау мерзімі, жинау әдістемесі, мүмкін қолданылатын пестицидтер);

3. Өсімдік толығымен немесе тек бір бөлігі ғана қолданылатыны туралы мәлімет;

4. Кептіру әдістері туралы ақпарат (егер кептірілген шикізат қолданылса);

5. Өсімдіктің сипаттамасы (макро - және микроскопиялық талдау);

6. Қажет болған жағдайда нағыз стандартты үлгілерді қолдана отырып, белгілі активті ингредиенттер үшін негіздігін анықтау әдістері туралы ақпарат;

7. Қажет болған жағдайда белгілі терапевтикалық активті компоненттерді сандық талдау;

8. Мүмкін болатын пестицидтер контаминациясын және пестицидтердің жіберілетін мөлшерін анықтау әдістерін сипаттау;

9. Саңырауқұлақтар немесе микробтық контаминацияны, афлатоксиндер мен паразиттер инвазиясын анықтайтын, сондай-ақ жіберілетін шектерін анықтайтын әдістемелерді сипаттау;

10. Ауыр металдар мен радионуклеидтер іздерін дәлелдейтін сынамалар әдістемелері;

11. Бөтен текті материалдардың барлығына сынамалар әдістемелері.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі [30мин.]

Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum – тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.

Шөптер.

Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар егер де өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егер де өсімдік көп – жиі топтала кездесетін болса – орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жұлып алуға болмайды.

Жапырақтар.

Сағақтарымен, сағақсыз шикізаттың сипатына байланысты қолмен қыршып жинайды. Егер де шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырақтарында (розеточные) болса, онда оларды пышақпен тамырына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердің қос жапырақтарының тек ірі жақсырақ дамып жетілгендерін жинайды.

Гүлдер.

Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне, орналасуына байланысты (жеке ме, жоқ әлде, гүл шоғы түрінде ме). Аюқұлақ (verbascum – коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (sambucus – бузина) гүлдерін қалқан сияқты кесіп алуға болады. Дәрілік түймедағының (matricaria recutita – ромашка лекарственная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дәрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы жөке ағашының (tilia – липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек.

Жемістер және тұқымдар.

Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістерін және тұқымдарын, жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алды. Шырынды жемістерді (шетен – sorbus – рябина, мойыл – padus – черемуха) соплодин түрінде (гүлшоғы) бақша секаторымен кесіп жинайды.

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер.

Жер асты мүшелерін жинау үшін күрек, қайла (кирка), кетпен, шот (мотыга) арқылы топырақтан қазып алады. Аспапты таңдау өсімдіктің өскен жерінің топырақ ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекеттік немесе жекеменшік шаруашылықтарда өсімдіктердің тамырларын, тамыр сабақтарын жинау механикаландырылған. Мысалы, мия тамырдың (glycyrrhisa uralensis –солодка уральская) тамырын ол өскен жерлерден топыраққа терең енетін соқаларды пайдаланып трактордың көмегімен қазып алады.

Қабық.

Өсімдікті шырыны қозғалысқа келген кезеңде жинайды. Өйткені бұл кезеңде қабықты ксилемадан оңай ажыратып алуға болады.

Жас ағаштар және бұталардың бұтақтарынан, діңдерінен бақша пышағымен жартылай шар немесе шар тәріздес көлденең бірінен-бірі 20-25 см қашықтықта кесіп – тіліктер жасайды. Сосын ең жоғарғы көлденең кесіктен бастап ұзына бойы 2-3 кесіктер жасайды. Соның нәтижесінде пайда болған қабық жолақтарын төменгі кесікке қарай тартады, бірақ оған жеткізбейді. Сол күйінде қабық жолақтары біраз уақытқа қалдырылады. Шамалы солып, кебіңкірегеннен кейін сыпырып алады.

Бүршіктер.

Әртүрлі әдістермен жиналады:

- Қарағай (Pinus) бүршіктерін коронканың астынан кесіп жинайды.

- Қайың (Betula) бүршіктерін әдетте сыпырғы дайындағанда бұтақтарды кесу арқылы жинайды.

- Теректің (Populus) бүршіктерін бұтақтардан ақырын жоғарыдан төмен қарап басу арқылы ажыратып алады.

Осылайша шикізат ретінде жиналған өсімдіктің мүшелерін алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Олардың барлығы әртүрлі қоспалардан тазартылады. Содан кейін кептіруге дайындалады. Кептіруден кейін шикізаттан құралған ДӨШ-ның біртекті партиясы құралады. (НҚ ). ДӨШ -н сұрыптау үстелдерде қолмен жүргізіледі. Шөпті сұрыптау кезінде сабағының қалын жақтарын, табиғи түсін өзгерткен жақтарын артық ұсақ ұнтақтарын алып тастайды. Гүлдерін сұрыптау - НҚ бойынша ұнтақталған шикізат қалдықтарын, ДӨШ кептірген кездегі түсінің өзгергендерінен тазалайды.

Жемістерін сұрыптау - әртүрлі өлшемдегі елеуіштермен тазалайды. Қоспалар елеуіш арқылы бөлінеді. Тұқымдарды тазалау -елеуіштері бар арнайы сепараторларда жүреді. Қоспаларды бөлу ортадан тепкіш күштің әсерінен және ауа ағымен өтеді. Тамыр мен тамырсабақтарды сұрыптау үшін сұрыптау ленталы - транспортер қолданылады. Ликоподияларды корпусы герметикалық жабылған және 3 елеуіші бар: жоғарғы жағы дәндері мен жапырақтарына арналған және жібек немесе капроннан жасалған саңлауы D=0,1 мм бар машинамен тазалайды.

Кеппеген шикізаттар - жақсы желденетін бөлмелерде жұқа қабат етіп жайылады.

Қатты кеуір кеткен ДӨШ ылғалдылығы жоғары бөлмелерде 1-2 тәулік ұсталынады.

Барлық сұрыптау операциялары сорғыш вентиляциясы (шаңдар жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіреді ) бар бөлмелерде өтеді .

Улы және күшті әсер ететін ДӨШ - мен жұмыс істеу кезінде (респиратор, марлілі таңғыш) қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Дәрілік өсімдік шикізатының сапасы нормативті-техникалық қүжаттармен реттеледі. Нормативті - техникалық құжаттар дәрілік өсімдік шикізатының сапасының жан-жақты жоғарылауын қамтамасыз ету керек, ғылым мен техниканың жетістіктерін ескере отырып үнемі жетілдіріліп отыру керек.

Дәрілік құралдар мен дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативті-техникалық құжаттар келесі категорияларға бөлінеді:

Мемлекеттік стаңдарттар- көп тонналық өнім мен дәрілік өсімдік шикізатына арналып бекітіледі.

Фармакопеялық статьялар- денсаулық сақтау министрлігі медицинада қолдануға рұқсат берген сериялық өндірілетін дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізатына арналған фармакопеялық статьялар.

Уақытша фармакопеялық статьялар- дәрілік өсімдік шикізатының алғашқы өндірістік түрлеріне арналып бекітіледі.

Фармакопеялық және уақытша фармакопеялық статьялар мемлекеттік стандартқа теңестіріледі жөне олардың күші Қазақстан Республикасында дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарды өндіретін, бақылайтын, қолданатын барлық мекемелерге жарайды.

Салалық стандарт- дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарының өндірісі мен тасымалдануына қойылатын қосымша техникалық талаптар бекітіледі (ғылыми-техникалық терминдер, жалпы техникалық құжаттар, технологиялық нормалау, қабылдау ережелері, орау, сақтау, тасымалдау ережелері).

Өсімдіктерден шикізат алатын бөлімдері көп: бүршіктері,жапырағы,гүлдері,жемісі,тамыры, тұқымы, тамырсабақтары, қабықтары. Олардың құрамында дәрілік биологиялық белсенді заттар кездеседі.Бүршігін жинау үшін,көктемде бұтақтарын кесіп алып, 30 градус температурада кептіреді.Содан соң оны шыны ыдысқа салыпсақтайды.Сақтау мерзімі бір жыл.Қабығын ерте көктемде ағаш бүршік жар бастағанда жинайды,өйткені бұл кезде өсімдіктің қабығы тез сылынады. Сақтау мерзімі төрт жыл.Жапырағын өсімдік жапырақ тақтасын жазғанда немесе өсімдік гүлдеп тұрғанда жинайды.Жапырақтарды ағаштың,үйдің көлеңкесінде немес шатырда кептіреді.Сақтау мерзімі бір жыл.Құрғақ жерде сақтау керек.Жер үсті мүшелерін өсімдік гүлдеп тұрған кезде сабағын жапырағы,гүлімен қоса ұзындығы 10-15 см етіп кесіп алып, 4-5 талдан баулап көлеңке жерге немесе үйдің шатырында күн сәулесі түспейтін жерде кептіреді.Кептірілген соң,қатырма қағаздан жасалған қорапта сақтайды.Сақтау мерзімі екі жыл.Жемісін әбден піскен кезеде таңертең немесе кешкі мезгілдерде жинайды.Оларды шыны банкада сақтайды.Сақтау мерзімі үш жыл.Дәрілік өсімдіктерді маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалану керек.

Мысалға, шөптер қазіргі кезде медициналық практикада жалбызтікен,таспашөп,жұпаргүл,сасықшөп, тағы басқалар негізінен кең қолданылады.Олар химия- фармацевтикалық өнеркәсіптерде шикізат ретінде,медициналық заттар ретінде қолданылады.Шөптерді ашық,құрғақ күнде жинайды.Таңғы шықтан соң,жаңбырдан кейін,ауа құрғаған соң жинаған дұрыс.Транспорт маңындағы,шаңды жерлерде өскендерін,ауруларын жинау қажет емес.Құрамында эфир майы бар иір,жебір шөпті жайып 30-35 градус температурада кептіреді, одан жоғары температурада кептірсе,май жойылады.Керісінше гликозидтары көбі меруертгүл мен жалынгүлді 50-60 градус температурада гликозидты жоятын ферменттер бөлінуі тоқталады.Құрамында С дәрумені бар итмұрын жемісі,қарақат 80-90 градус температурада кептіру оны ашудан құтқарады.

Дәрілік өсімдіктерді жинағанда қай мезгілде,тәуліктің қай кақытында жинаған дұрыс екенін білу керек.Өсімдіктерді жинағанда өсімдікті түгел тамырымен жұлмаған жөн,себебі дәрілік өсімдіктердің көбі көпжылдық өсімдіктер болғандықтан,өсімдік тамырларының сақталғаны маңызды.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру [15 мин.]

Дәрілік өсімдік шикізатын жинау ережесі

Тақырып бойынша видео материал

Сабақтың қортындысы:

Өтілген тақырыпты сұрақтар мен тест түрінде қорытындылау [5 мин.]

1. Сыну түсін төмендегідей д.ө.ш-ке анықтайды.

А) тамырлар.+

Б) қабықтар

В) шөптер.

Г) жапырақтар.

Д) гүлдер.

2. Амбарлы зиянкестер мен залалалсыздандырудың үшінші дәрежесі.

А) шикізаттың беткі қабатында 20 - -дан сатам кенлер.

Б) шикізаттың 1кг дағы 5 жәндік немесе 20 – ға жетпейтін кенелер.

В) шикізаттың 10кг дағы 5 жәндік немесе 20 ға жетпейтін кенелер

Г) кенелер тұтас масса құрайды немесе 1 кг шикізатта 10 нан аса жәндіктің болуы.+

Д) Барлығы дұрыс.

3. Кептірер алдында жуады.

А) жалбыздың тамыры.+

Б) бадам тамыр сабағы

В) зығыр дәндері

Г) малина жемістері

Д) жөке гүлдері.

4. Дәрілік өсімдік шикізаттының өзекендігі:

А) сандық көрсеткіштері бойынша

Б) жарамдылық уақыты бойынша

В) дайындалған уақыты бойынша

Г) негізгі әсері бойынша

Д) шикізат аты бойынша+

5. Фармацевтикалық тәжірибеде жемістер дегеніміз

А) жай, күрделі және жалған жемістер және оның бөліктері+

Б) гүлдерден түзілетін өсімдік бөліктері

В) жай және күрделі жемістер

Г) жеміс және оның бөліктері

Д) жаңа дайындалған немесе кептірілген жемістер және оның бөліктері

6. Дәрілік өсімдік шикізатының құндылығы

А) шикізаттың өз атына сай болуы

Б) шикізаттың НҚ сай болуы+

В) шикізаттың өз атына және өндіретін өсімдікке сай болуы

Г) НҚ көрсетілген құрамынгда болатын қоспалар мөлшері және шикізатта болуға болмайтын қоспалардың болмауы

Д) шикізатта болуға болмайтын қоспалардың болмауы

7. Жіберілетін қоспалар

А) шыны

Б) улы өсімдіктер бөліктері

В) өндейтін өсімдіктің басқа бөліктері+

Г) кеміргіштер нәжісі

Д) құс нәжісі

8. Көпшілік өсімдіктерді өндеу кезінде қолданылатын қорғау әрекеттері

А) шөптесінді баспайды

Б) өсімдіктерді тамырымен жұлмайды

В) өндеу аймақтарын ауыстырып тұрады

Г) өсімдіктердің жартысын тұқымдануға қалдырады

Д) барлығы дұрыс+

9. Бөлек сақталады:

А) тарлан тамырсабағы

Б) итошаған шөбі

В) сасықшөп шөбі

Г) долана жемістері+

Д) сиырсілекей тамырсабақ тамырымен

10. Atropa belladonna жемісі:

А) жидек+

Б) дән

В) қақпағы бар қорап

Г) қақпағы жоқ қорап

Д) тесік қорапша

Рефлексия [2 мин.]

  1. эмоционалды күй мен көңіл күй рефлексиясы

  2. сабақтағы іс-әрекет рефлекциясы

  3. оқу материалы мазмұнының рефлексиясы

Бағалау: [2 мин.]

«Өте жақсы» немесе «5» деген баға-сан қырлы, және терең оқу-бағдарламалық материалдың ;жүйелік білімін толық меңгерген, оқу-бағдарламамен көзделген тапсырмаларды еркін орындайтын, негізгі және таныс бағдарламамен ұсынған қосымша әдебиетпен жұмыс істей алатын студентке қойылады.

«Жақсы» немесе «4» деген баға оқу-бағдарламалық материалды меңгерген, оқу-бағдарламамен көзделген тапсырмаларды орындайтын студентке қойылады.

«Қанағаттанарлық» немесе «3» деген баға оқу –бағдарламалық материалдарды толық меңгере алмаған, есеп шығаруда, тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберетін, оларды тек мұғаліммнің көмегімен ғана түзете алатын студенттерге қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» немесе «2» деген баға оқу-бағдарламалық материалдың ;жүйелік білімін мүлдем меңгермеген, оқу-бағдарламамен көзделген тапсырмаларды мүлдем орындамайтын студенттерге қойылады.

Үй тапсырмасы: «Дәрілік өсімдіктерді іздеу және дайындау» [1 мин.]


Оқытушының қолы______________________________________















Тақырыпқа қосымша презентация










































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері

Автор: Отаргалиева Майгул Оралгалиевна

Дата: 25.11.2016

Номер свидетельства: 362433


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства