Просмотр содержимого документа
«?лулар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері»
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Пәні: Биология
Пән мұғалімі: Н. Смаханова
Сыныбы: 7
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлулардың құрлысы, сан алуандығы, тіршілік жағдайы,
табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру
Дамытушылық: дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау
қабілетін дамыту өз бетімен ізденуге,пәнге қызығушылығын
арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды танымдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, венн диаграмма, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, фишка
Ұйымдастыру
оқушыларды түгендеу
сабаққа даярлықтарын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау
тапсырма
Сұрақтарға жауап
Тип неліктен буылтық құрттар деп аталады?
Буылтық құрттар қалай көбейіп дамиды?
Денедегі соңғы қуыстың алғашқы қуыстан айырмашылығы?
Соңғы қуыс қандай қызмет атқарады?
Тұйықталған қантарату жүйесі деген не?
Сүлік неге жеке класқа бөлінеді?
Гидурин деген не, оның қандай әсері бар:
Параподия деген не?
2- тапсырма
Венн диаграммасы
Жұмыр құрт пен буылтық құрттың ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Үй тапсырмасын қорытындылау
Сөйлемдерді толықтыру
1.Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен (буылтық құрт) деп атайды.
2.Тұңғыш рет ( тұйық қанайналым) жүйесі пайда болған.
3.( Трохофора) денесінде кірпікшелері бар дернәсіл.
4.Соңғы қуыс (целом) деп аталады.
5.Буылтық құрттарда (қантарату жүйесі) жақсы дамыған.
6.Денесінде қылтанақтары бар құрттар
(көпқылтанақта) деп аталады
Жаңа сабақ
Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Соңғы кезде бұл типті «ұлулар типі» деп аталды. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептелді. Олар бірнеше класқа жіктеледі.
Бауыраяқтылар
Қосжақтаулылар
Басаяқтылар
Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады.
Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейін тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы – шапанша ( мантия ) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады. Зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралған. Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Қантарату жүйесі ашық. Асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз тісшелері - үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. “ Бауыр “ асқорыту безі аузы қарынға ашылады. Жүректе бір немесе екі құлақша , бір қарынша болады. Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады.
Сабақты бекіту
Жаңа сөздер мен терминдерге анықтама
Шапанша – ерекше қатпарлы қабат
Бақалшақ – шапаншаның үстіңгі беті
Үккі – тіс орны
Шапанша қуысы – тұлға мен шапанша аралығы
Планктон – теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы.
1 – тапсырма
Суреттегі ұлулардың аттарын жазып, оларды кластарға бөл
2 – тапсырма
Сөйлемдерді толықтыр
Сабақты қорытындылау
1 - тапсырма
Тест тапсырмалары
Ұлу денесі неше бөлімнен тұрады
А) 3 Б) 5 В) 4
2. Ұлудың зәршығару жүйесі
А) бүйрек Б) несепағар В) барлығы дұрыс
3. Реактивті қозғалыс жасайды
а)кальмар, б)тоспаұлу, в)қошқар мүйіз
4. Ұлулардағы қан айналым
а)тұйық, б)ашық, в)екі шеңберлі
5. Ұлуларды зерттейтін ғылым
а)гельминталогия, б)маммалогия в)малакология
6.Ұлуларда алғаш пайда болған
а)қарын, б)Ішек, в)бауыр
7.Ұлуларда жүйке жасушалары жинақталып....
а)жүйке жүйесін құрайды б)түйінге айналады в)ми мен жұлын құрайды
8.Басаяқты ұлулар денесі құралады
а)бастан және тұлғадан б)бас,тұлға,аяқтан в)бас,тұлға,аяқ,бақалшақтан
9.Ас қорыту жүйесі
а) ауыз тісшелері(үккі) - жұтқыншақ – қарын -ішек - анальтесігі