kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рлер арасында?ы ?арым-?атынасты? негізгі т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Т?рлер арасында?ы ?арым-?атынасты? негізгі т?рлері" та?ырыбында жасал?ан ?ыс?а мерзімді саба? жоспарында тірі а?залар арасында?ы ?арым-?атынасты? мутуализм, комменсалим, аменсализм, паразитизм сия?ты т.б. т?рлерін ме?гертуге арнал?ан ?рекеттер жоспарлан?ан. Саба? "Жа?сы-жаман" тренингімен басталады, "А?и?ат ж?не жал?ан" т?жырымдары ар?ылы жал?асады. Жа?а саба?ты ме?герту https://twig-bilim.kz сайтынан "Мутуализм" ж?не "Паразитизм" бейнероликтерін демонстрациялау ар?ылы басталады. Саба?ты? келесі кезе?інде о?ушылар "Достармен кездесу(Друг по часам)" ойыны ар?ылы м?тінмен ж?мыс жасайды. Талдау ж?мыстарынан со?ынан ?алыптастырушы ба?алау ж?мысыны? тапсырмалары орындалып, ?зара тексеру ?теді. Саба? о?ушыларды? саба? барысына кері байланыс беруімен ая?талады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рлер арасында?ы ?арым-?атынасты? негізгі т?рлері »

САБАҚ: Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлері

Мектеп: Шымкент қаласы ФМБ НЗМ


Күні: 06-11.04.15

Мұғалімнің аты-жөні: Ару З.Ә.


Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Оқыту мақсаттары:

Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін ажырата білу


Жетістік критерийі

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

  • Әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.


Тілдік мақсаттар

Дұрыс ғылыми терминдерді пайдаланып әртүрлі түрлер арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтай алады (оқылым, айтылым және тыңдалым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

популяция

популяция

population


факторлар

факторы

factors


«жыртқыш-құрбан» қатынасы

отношение «хищник-жертва»

attitude the "predator-victim"


энергия

энергия

energy


қоректік тізбек

цепь питания

food chain


қоректік тор

сеть питания

supply network


бәсекелестік

конкуренция

competition

паразитизм

паразитизм

parasitism


мутуализм

мутуализм

mutualism


тамақтану қатынасы

пищевые взаимоотношения

feeding relationships


трофикалық деңгейлер

трофические уровни

trophic levels


Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сурет … мысалын көрсетеді, себебі …

Екі түр де бір тағаммен қоректенеді. Бұл … мысалы

Уақыт ішінде қарқындауда популяция ұлғаяды

Егер Х популяциясы …, онда Y популяциясы …


Алдыңғы білім

  • Қоректік тізбектердің қарапайым сұлбаларын жасай білу(6 сынып)
    Қоректену тізбектерінің көмегімен өндірушілер, тұтынушылар және редуценттерді анықтай білу(6 сынып)

  • Тірі организмдер арасындағы қарым-қатынастар типтерін сипаттай алу (6 сынып)

  • Қоректік тізбектер (6 сынып)

  • Экожүйеге әсер ететін биотикалық және абиотикалық факторлар (7.4В бөлім)

  • Популяция мен экожүйе құрылымы (8.4В бөлім)



Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Оқушылар әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Оқушылар үрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

  • Оқушылар әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.


Әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, топтық жұмыс, белсенді жұмыс жасау әдістері, АКТ –ны пайдалану, диалогты әдіс.


Сабақ барысы


Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары


Басы

1-2 минут


3-5 минут









6-8 минут


















9-12 минут


13-19 минут























20-27 минут






















28-32 минут



33-36 минут











37-38 минут

Ынтымақтастыру «Жақсы-жаман» әдісі бойынша

«Ақиқат және жалған» тұжырымдамасы бойынша оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Сынып оқушылары орындарын көтеріліп, партааралықтарына тұрады. Мұғалім оқыған тұжырымның ақиқат және жалған болуына байланысты орындарынан қозғалады. Ақиқат болса, бір қадам алға, жалған болса, бір қадам артқа жылжиды.





Жаңа сабақ тақырыбы хабарланады: «Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін ажырата білу»

Жетістік критерийі таратылады:

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

Әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.

Бағалау ағашының тақырып бойынша білімі қай деңгейде екенін көрсететін тұсына стикерлерге есімдерін жазып жапсырады.

Терминдермен жұмыс. Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлері қазақ, орыс, ағылшын тілінде беріледі.


Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

twig-bilim.kz сайтынан бейнероликтер көрсетер алдында оқушыларға сауалдар таратылып беріледі. Олардың бейнекөрсетілім барысында мұқият болуы сұралады, әр бір сауалға жауап іздеуі қажет екендігі соңынан талданатыны ескертіледі.

«Мутуализм» ролигі бойынша

1. Селбесу деген не?

2. Мутуализм деген не?

3. Актиния қызметі қандай?

4. Сайқымазақ балықтың қызметі ше?

5. Асшаян мен бұзаубалық қарым-қатынасы неге негізделген?

6. Мутуализмнің маңызы неде?


«Паразитизм» ролигі бойынша

1. Паразитизм деген не?

2. Паразиттердің ерекшелігі неде?

3. Безгек паразиті қалай тасымалданады?

4. Көкек пен айқабақ қарым-қатынасын сипаттаңыз.

5. Паразитим қандай стратегия, ол неге негізделген?

Оқушыларға twig-bilim.kz cайтынан бейнероликтер көрсетіледі.

Талдау жұмыстары жүреді.

Оқушыларға «Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлері» тақырыбында мәтін беріледі. Оқушылар «Достармен кездесу» ойыны шарты бойынша тақырыппен жұмыс жасайды.

Ойын шарты: Оқушыларға сағат циферблатының суреті таратылып беріледі, оқушылар әр сағаттың тұсынасағат 01.00-ден достарының аттарын жазады. Соңынан мәтін бойынша реттілікті сақтай отырып, 10-11 сұрақ құрастырады, сауалдар түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін, олардың мысалдарын қамтиды.

Мысалы, 1.«Симбиоз деген не? Мысалдарын келтір», 2.«Мутуализм деген не? Бұл қатынас қандай ағзалар арасында болады?» т.б.

Уақыт өтуіне байланысты оқушылар сынып ішінде еркін жүріп, сағаттар бойынша достарымен кездесуге барады. Сағаттағы уақыттта көрсетілген досына сәйкес нөмірленген сауалдарын қояды, дұрыс жауап бергендерінің есімдерінің тұсына «+», ал жауап бермегендерінің тұсына «-» таңбасын қоя отырып, мүмкіндігінше достарының барлығымен кездесуі тиіс.

Оқушылар мұғалім нұсқауымен оқушылар «кездесуден» қайтады.

Оқушылар орнына оралған соң, кезекпен оқушылардың әрқайсысының қанша сауалға жауап бергені талданады. Жауап берілмеген сауалдар болса, олар сынып алдына талқыланады.

Қалыптасырушы бағалау тапсырмасы беріледі. Жетістік критерийі таратылады:

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

Әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.

Өзара тексеру өтеді.


Қосымша 1

Қосымша 2

«Ақиқат және жалған» тұжырымдамалары «Сандардың, биомасса мен энергияның пирамидалары» тақырыбы бойынша


Бағалау ағашы







Терминдер





Қосымша 3

Мутуализм: https://twig-bilim.kz/film/symbiosis-mutualism-5531/

Паразитизм: https://twig-bilim.kz/film/symbiosis-parasitism-5532/
















Жетістік критерийі

Қосымша 4 (мәтін)

Сағат суреті

















Қосымша 5 (ҚБ)


Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары


Соңы 39-40

(2 мин., жалпы алғанда)

Рефлексия

Бағалау ағашына тақырып бойынша білімді қаншалықты меңгергенін көрсететін деңгейге есімдері жазылған стикерлердің орнын ауыстырады.






Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелік элемент)

  • Барлық оқушылар: Әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

Әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.


Жұпта және топта тақырып терминдері бойынша әңгімелесу.

Видеоматериалды көру, талқылау.

Тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас типтері туралы сипаттайды. Топтар өзара ақпарат алмасады.

Мысалдар келтіреді.


Акт пайдалану, Экологиялық ақпараттар талдау.

Қазақша-ағылшынша сөздікті пайдалану.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауапберіңіз.







Қысқашабағалау

Қандайекімезетеңтабысты (сабақберуменоқытудықарастырыңыз)?

1:

2:

ҚандайекімезетСабақтыжақсартты (сабақберуменоқытудықарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелегенадамдартуралыне білдім, келесісабақта не айтамын?
















































Қосымша 1


«Жақсы-жаман» әдісі бойынша(тұжырымдарға қатысты «жақсы», «жаман» деп хормен жауап береді.

  1. Жағдайларың қалай, балалар!

  2. Ауа райы тосын мінез танытты, көктемде қар жауды.

  3. Құралайдың салқыны.

  4. Биыл Ұлы Жеңіске -70 жыл!

  5. Жеңіс оңайлықпен келмеді, Кеңес Одағының 27 миллион адамы мерт болды.

  6. Олар біздің жарқын болашығымыз үшін күресті.

  7. Соғыс даласында 601939 қазақстандық қайтыс болды, ол сол кездегі Қазақстан халқының 12%-ын құрады.

  8. Соңғы кезде нақтыланған мәліметтер бойынша Кеңес Одағы тұсындағы жоғары награда- Кеңес Одағының батыры атағына ие болған қазақстандықтардың саны -528.

  9. Ұлы Жеңіске -70 жылдығына 30 күн қалды.

  10. 1993 жылы 9- сәуірде «Қорғаныс және ҚР қарулы күштері туралы» Заң қабылданды.  

  11. Әлемдік экономикалық дағдарыс келе жатыр.

  12. Қазақстанды дағдарыс айналып өтеді деп сенеміз.

  13. Бүгін ауа райы тамаша.

  14. Біздің сынып.

  15. Біздің мектеп.

  16. Қазақстанның болашағы!



Қосымша 2

«Ақиқат және жалған» тұжырымдамалары «Сандардың, биомасса мен энергияның пирамидалары» тақырыбы бойынша

1.Популяцияда микроэволюция өтеді. +

2. «Популяция» латын тілінен аударғанда жануар деген мағына береді.-

3.Популяция саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны.+

4.Продуценттер – автотрофтар. +

5.Жасыл балдырлар – продуценттер+

6.Адамдар – автотрофтар. -

7. Қоректік тізбек продуценттен басталады. +

8.Редуценттер – органикалық заттарды түзеді. -

9.Өсімдікқоректілер – І реттік консументтер. +

10. Етқоректілер – І реттік консументтер. -

11.Консументтер - бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер. –

12. Экологиялық пирамидалардың екі түрі бар. -

13.Пирамида негізін 1-ші деңгей (продуценттер деңгейі) құрайды, ал келесі деңгейлері пирамиданың қатар және төбесін түзеді.+

14. Сандар пирамидасы (м2/даралар саны) - әртүрлі қоректік деңгейдегі организмдердің массасын көрсетеді. -

15. Биомасса пирамидасы-(г/м2) әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы санын көрсетеді. -

16. Энергия пирамидасы- (Дж/м2 жыл)-қоректік деңгейдегі энергия ағынының шамасын көрсетеді. +










Қосымша 3

Бейнероликтер алдында қойылатын сұрақтар

«Мутуализм» ролигі бойынша

  1. Селбесу деген не?

  2. Мутуализм деген не?

  3. Актинияның қызмет қандай?

  4. Сайқымазақ балықтың қызметі ше?

  5. Асшаян мен бұзаубалық қарым-қатынасы неге негізделген?

  6. Мутуализмнің маңызы неде?


«Паразитизм» ролигі бойынша

  1. Паразитизм деген не?

  2. Паразиттер деген не?

  3. Безгек паразиті қалай тасымалданады?

  4. Көкек пен айқабақ қарым-қатынасын сипаттаңыз.

  5. Паразитим қандай стратегия, ол неге негізделген?








































Қосымша 4

Тірі ағзалар арасындағы қарым-қатынас түрлері

Бәсекелестік - - Қоршаған ортаның бірдей жағдайлары үшін түрлер арасындағы немесе бір түр дараларының арасындағы күрес.

Өсімдіктер өзара жарық, ылғал және т.б. жағдайдар үшін бәсекелеседі; орманның жыртқыш құстары мен аңдары азық үшін(кемірушілер) бәсекелеседі.

Жыртқыштық + -

Бір ағза(жыртқыш) басқа ағзаны(жемтік) азық етеді. Егер ағзалар бір түрдікі болса, онда каннибализм болып табылады.

Омыртқасыз жануарлардан: инелік және өрмекшілер шыбындарды, көбелектерді және масаларды жейді; омыртқалы жануарлардан қасқырлар мен түлкілер қояндар мен кемірушілерді қорек етеді.

Паразитизм + -

Бір ағза (паразит) басқа ағзаны (иесін) қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланады.

Лямблия, трипаносомалар, безгек плазмодийі омыртқалылардың және адамның ішегінде, қанында паразиттік тіршілік етеді; тайтұяқ ағаштарда, қастауыш пен қаракүйе астық тұқымдастарында паразиттік тіршілік етеді.

Мутуализм (симбиоз) немесе кооперация + +

Қоректік, кеңістіктік және басқа қарым-қатынасқа негізделген өзара пайдалы қарым-қатынас түрі. Талшықты (жгутиконосцы) қарнында тіршілік етіп, жасунықты (клетчатка) қорытатын термиттер; мүйізтұмсық және терісінен паразиттерді шұқып жейтін құстар(воловьи птицы); актиния және тақуа шаян.

Комменсализм немесе арамтамақтық + 0

Қарым-қатынастан бір ағза пайда табады, ал екінші ағза үшін қарым-қатынас әсері бейтарап болады.

Жабысқақ балықтарға азық беріп және қорғаныш болатын акулалар; құстар мен кемірушілердің індерінен бунақденелілердің көптеген түрлері өздеріне азық және қорғаныс табады.

Аменсализм 0 -

Бір ағзаның тіршілік әрекеті басқа ағзаның дамуын бәсеңдетеді.

Аралас орманда өсетін шыршалар қайыңдар мен басқа да жапырақты өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді, бірақ олардың тіршілігі жапырақты өсімдіктерге мүлдем тәуелді емес; пеницилл саңырауқұлағы бактериялардың өсуін тежейтін антибиотик бөледі.

Нейтрализм 0 0

Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары(орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді.

Африка саваннналарындағы антилопалар түрлі ярустағы өсімдіктермен қоректенеді. Айталық, жирафтәрізді антилопа ағаштардың жапырақтарымен, Гну антилопасы- бұталардың жапырақтарымен, Куду антилопасы шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.





Ұлдар үшін

Қыздар үшін































Қосымша 5


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

9 сынып Түрлер арасындағы қарым- қатынас түрлері

Тапсырма: Түрлер арасындағы қарым қатынас типтері бойынша кестені толықтырыңыз.

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мысалдарын келтіре алады;

  • Әрбір қарым-қатынас түрінің мәнісін анықтайды;

  • Түрлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі түрлерін біледі;

Әрбір қарым-қатынас түрлерін бір-бірінен ажырата біледі.

Қарым-қатынас

Түрлер үшін маңызы

Қарым-қатынас сипаты

Мысалдар

Бәсекелестік


Қоршаған ортаның бірдей жағдайлары үшін түрлер арасындағы немесе бір түр дараларының арасындағы күрес


Жыртқыштық



Өрмекші және шыбын; қасқыр мен қояндар қасқыр мен кеміруші

Паразитизм

+        -





Мутуализм (симбиоз) немесе кооперация


Қоректік, кеңістіктік және басқа қарым-қатынасқа негізделген өзара пайдалы қарым-қатынас түрі.


Комменсализм немесе арамтамақтық

+        0


Жабысқақ балықтарға азық беріп және қорғаныш болатын акулалар; құстар мен кемірушілердің індерінен бунақденелілердің көптеген түрлері өздеріне азық және қорғаныс табады.

Аменсализм

0        -



Нейтрализм


Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары(орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді.


Бағасы: ....................................................................................................................................................................

Комментарий..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................







ТІРІ АҒЗАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ


Қарым-қатынас

Түрлер үшін маңызы

Қарым-қатынас сипаты

Мысалдары

Бәсекеестік

-     -

Қоршаған ортаның бірдей жағдайлары үшін түрлер арасындағы немесе бір түр дараларының арасындағы күрес

Өсімдіктер өзара жарық, ылғал және т.б. жағдайдар үшін бәсекелеседі; орманның жыртқыш құстары мен аңдары азық үшін(кемірушілер) бәсекелеседі.

Жыртқыштық

+    -

Бір ағза(жыртқыш) басқа ағзаны(жемтік) азық етеді. Егер ағзалар бір түрдікі болса, онда каннибализм болып табылады.

Омыртқасыз жануарлардан: инелік және өрмекшілер шыбындарды, көбелектерді және масаларды жейді; омыртқалы жануарлардан қасқырлар мен түлкілер қояндар мен кемірушілерді қорек етеді.

Паразитизм

+     -

Бір ағза (паразит) басқа ағзаны (иесін) қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланады.

Лямблия, трипаносомалар, безгек плазмодийі омыртқалылардың және адамның ішегінде, қанында паразиттік тіршілік етеді; тайтұяқ ағаштарда паразиттік тірлілік етеді; қастауыш пен қаракүйе астық тұқымдастарында паразиттік тіршілік етеді.

Мутуализм (симбиоз) немесе кооперация

+     +

Қоректік, кеңістіктік және басқа қарым-қатынасқа негізделген өзара пайдалы қарым-қатынас түрі.

Талшықты (жгутиконосцы) қарнында тіршілік етіп, жасунықты (клетчатка) қорытатын термиттер; мүйізтұмсық және терісінен паразиттерді шұқып жейтін құстар(воловьи птицы); актиния және тақуа шаян.

Комменсализм немесе арамтамақтық

+      0

Қарым-қатынастан бір ағза пайда табады, ал екінші ағза үшін қарым-қатынас әсері бейтарап болады.

Жабысқақ балықтарға азық беріп және қорғаныш болатын акулалар; құстар мен кемірушілердің індерінен бунақденелілердің көптеген түрлері өздеріне азық және қорғаныс табады.

Аменсализм

0    -

Бір ағзаның тіршілік әрекеті басқа ағзаның дамуын бәсеңдетеді.

Аралас орманда өсетін шыршалар қайыңдар мен басқа да жапырақты өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді, бірақ олардың тіршілігі жапырақты өсімдіктерге мүлдем тәуелді емес; пеницилл саңырауқұлағы бактериялардың өсуін тежейтін антибиотик бөледі.

Нейтрализм

0    0

Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары(орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді.

Африка саваннналарындағы антилопалар түрлі ярустағы өсімдіктермен қоректенеді. Жирафтәрізді антилопа ағаштардың жапырақтарымен, Гну антилопасы- бұталардың жапырақтарымен, Куду антилопасы шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рлер арасында?ы ?арым-?атынасты? негізгі т?рлері

Автор: Ару З?уре ?бдір?сіл?ызы

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200199


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства