- оқушыларды белсенділігін арттыру ІІ. Мағынаны тану Мағынаны тану мақсатында .Тамыр туралы не білесіңдер? «Кластер» стратегиясын қолданамын.1. Венн диаграммасы арқылы. Өсімдіктің жер асты мүшесі Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстыру 1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген. Гүлді өсімдіктердің мүшелері 2.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: 1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; 2.Қоректік заттарды қорға жинау; 3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді; 4.Көбеюге қатысады. 4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді. 5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ т.б. Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады. Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут). Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма. 1 – топ жазбаша Өрмекші торы 2 –топ Сурет қиындыларынан өсімдіктердің тамыр жүйелерін аныққтап бөлу. 3-топ Тест жұмысын орындайды 1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? 2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет? 3.Тамырдың қызметін ата. 4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата. 5.Тамыр жүйесі дегеніміз не? 6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар. VI.Жаңа сабақты бекіту: Зертханалық жұмыс. Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар. Орындалатын тапсырмалар: 1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар; 2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар; 3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар; 4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар; Нәтижесі: 1) Тамыр типтерін ата:
1.___ ________________________________________ 2. __________________________________________ 3.___________________________________________ 2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:
Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________
Қорытынды: 1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?______________________ ______________________________________________________________________________ |