kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табигат гажаптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп № 264 мектеп – лицей     Мерзiм:            2017жыл    № 29 сабақ

Тақырып: Табиғат ғажаптары

Құндылық : Қиянат жасамау     Қасиеттер: жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм : Каракулова Зәуре       Класс: 5 «Г»    Оқушылар саны : 20

Сабақ мақсаты: Табиғат ғажаптарының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға табиғаттың маңыздылығын  аша отырып,мейрімділік қасиетін кеңейту.

2. Дамытушылық: Оқушыларды табиғаттың әсемдігінің сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.  
3. Тәрбиелік: Оқушыларды  табиғатқа жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаға мейірімділік танытып қамқор болуға тәрбиелеу 

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Сабақ  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

      5-т ережесі

 Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Бала және інжугүл қоңыраулары» (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою

Сұрақтар:

  1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
  2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
  3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
  4. Бала інжугүлді неліктен жұлмады?
  5. Өзің табиғаттан қандай үлгі аласың?

 Ескертулер

  1. Дәйек сөз.

« Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ». 
                                                                          Р. Сәтімбеков 
 Дәйексөзді  ұлдарға және қыздарға кезекпен хормен  оқыту. 
  Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?. 
 Дәйексөзді дәптерге жаздыру. 

 

4.Әңгiмелеу (сұхбат) ( Мұғалім сыйы)
                   « Қайыңның көз жасы » 
                                                                     Т. Әбдірайым 
Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. 
 Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір-шүпір балаларға толы. Асыр салып, салқын суға шомылып жүр. Қапан шолақ шабарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайыңның  бұтағын сындырып алды. Дереу « атына » мінді де, ауыл шетіне қарай « шаба » жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған. 
Қапан кешке бұтағы сындырылған  қайыңнаң су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт қасына келді. Қапан: 
-Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр?-дейді қайыңның діңін ұстап
-Су емес. Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған  Жаны жараланып, жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсін байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы. 
Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей, басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. « Енді сындырмаймын, ата! »-деген сөзді іштей қайталай берді.

Сұрақтар:

1Әнгімеден қандай ой түйдіңдер?

2.Бала Күркебай қарттың жауабынан қандай әсер алды? Өз қателігін түсінді ме? 

3 Біз табиғатты қалай аялаймыз?

4. Сендер қалай ойлайсыңдар табиғатқа киянат жасамас үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

 5.Табиғатпен сырласқың келе ме?Оған  не айтар едің?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  3 топқа да «Аялайық табиғатты» тақырыбында жоба қорғау.

  1. Топпен ән айту.

« Саржайлау » 
Сөзі. М.Мақатаев 
Әні. Н.Тілендиев 

Жазира, жасыл кілем өрнектеген 
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! 
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем 
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем 
Қайырмасы 
Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! 
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем 
Басқаның жерұйығын неғылайын 
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! 

Жадырап, жұтайыншы тау самалын 
Осы еді ғой сағынып аңсағаным 
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым 
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын 

Жанымды жырға бөлеп таң атырған 
Әкем едің ақ таңда жаратылған 
Төліңнен айналайын жаңа туған! 
Айналайын еліңнен дара тұрған! 

  1. Үй тапсырмасы.

110 бет, 30 - сабақ, А. Лопатина " Суретші туралы ертегі " оқып келу.  

  1. Сабақтың қорытынды  сәтi.  

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық.  Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.  Рахмет!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табигат гажаптары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп № 264 мектеп – лицей Мерзiм: 2017жыл № 29 сабақ

Тақырып: Табиғат ғажаптары

Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм : Каракулова Зәуре Класс: 5 «Г» Оқушылар саны : 20


Сабақ мақсаты: Табиғат ғажаптарының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. 


Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға табиғаттың маңыздылығын аша отырып ,мейрімділік қасиетін кеңейту.

2. Дамытушылық: Оқушыларды табиғаттың әсемдігінің сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.  
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа жауапкершілікпен қарап , қоршаған ортаға мейірімділік танытып қамқор болуға тәрбиелеу 


Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

5-т ережесі

Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз



  1. Үй тапсырмасын тексеру.



Үйге берілген «Бала және інжугүл қоңыраулары» (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою

Сұрақтар:

  1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?

  2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?

  3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?

  4. Бала інжугүлді неліктен жұлмады?

  5. Өзің табиғаттан қандай үлгі аласың?


Ескертулер


  1. Дәйек сөз.


« Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ». 
Р. Сәтімбеков 
Дәйексөзді ұлдарға және қыздарға кезекпен хормен оқыту. 
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?. 
Дәйексөзді дәптерге жаздыру. 





4.Әңгiмелеу (сұхбат) ( Мұғалім сыйы)
« Қайыңның көз жасы » 
Т. Әбдірайым 
Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. 
Қапан есік алдына шығып , аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір-шүпір балаларға толы. Асыр салып, салқын суға шомылып жүр. Қапан шолақ шабарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайыңның бұтағын сындырып алды. Дереу « атына » мінді де, ауыл шетіне қарай « шаба » жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған. 
Қапан кешке бұтағы сындырылған қайыңнаң су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт қасына келді. Қапан: 
-Ата, айтыңызшы . Неге су ағып тұр?-дейді қайыңның діңін ұстап
-Су емес... Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған Жаны жараланып, жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсін байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы ... 
Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей , басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. « Енді сындырмаймын, ата! »-деген сөзді іштей қайталай берді.

Сұрақтар:

1Әнгімеден қандай ой түйдіңдер?

2.Бала Күркебай қарттың жауабынан қандай әсер алды? Өз қателігін түсінді ме? 

3 Біз табиғатты қалай аялаймыз?

4. Сендер қалай ойлайсыңдар табиғатқа киянат жасамас үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

5.Табиғатпен сырласқың келе ме?Оған не айтар едің?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

3 топқа да «Аялайық табиғатты» тақырыбында жоба қорғау.


  1. Топпен ән айту.

« Саржайлау » 
Сөзі. М.Мақатаев 
Әні. Н.Тілендиев 

Жазира, жасыл кілем өрнектеген 
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! 
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем 
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем 
Қайырмасы 
Саумал бұлақ - балдай дәрім 
Салқын самал - баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! 
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем 
Басқаның жерұйығын неғылайын 
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! 

Жадырап, жұтайыншы тау самалын 
Осы еді ғой сағынып аңсағаным 
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым 
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын 

Жанымды жырға бөлеп таң атырған 
Әкем едің ақ таңда жаратылған 
Төліңнен айналайын жаңа туған! 
Айналайын еліңнен дара тұрған! 


  1. Үй тапсырмасы.

110 бет, 30 - сабақ, А. Лопатина " Суретші туралы ертегі " оқып келу.  


  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Рахмет!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Табигат гажаптары

Автор: Каракулова Зәуре

Дата: 14.03.2017

Номер свидетельства: 400109


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства