Просмотр содержимого документа
«Сойылатын малдар және қоңдылығын категорияға байланысты анықтайтын факторлар.»
Дәріс сабағы №1
Сабақтың тақырыбы: Сойылатын малдар және қоңдылығын категорияға байланысты анықтайтын факторлар.
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге өнімнің сапасын қалай сынап,бақылауын көрсету,мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрету.
Дәріс жоспары:
1.Сойыс өнімдерін вет-сан сараптау
2.Сояр алдындағы балау.
3.Союдан кейінгі балам.
Сояр алдындағы балау.
Ауру құстар селсоқ күйінде, ұйқышыл, тыныс алуы қиындап, жөтел, айдары көкшілденіп, танау қуысымен тұмсығынансұйықтық ағады. Іші өтіп, нәжісте кейде қан аралас шығады. Аяқ, мойын тартылып, сіреспеленіп, осыдан ақсақтыққа ұшырауы, бір не қос қанатының салбырап қалуы кездеседі.
Союдан кейінгі балам.
Ас қорыту, тыныс алу органдарының кілегейлі қабығында ұсақ дақ не жолақтанып қан құйылғаны көрінеді. Тікішектің кілегейлі бездері мен қабығына, асқазанға, соқыр ішектің тарамдалып, таралатын тұсына ұзыншақ жолақша сияқты не дөңгелене қан құйылғаны көрініп, тоқ ішектің ісініп, фиброз-некрозды ошақтардың домалақ не сопақша күйдегілері болуы кездеседі. Көмей, кеңсірік, ауызда сілекейлі-кілегейлену кездеседі.
Өнім қалдықтарына санитариялық баға.
Ауруға ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады.
Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.
Жұқпалы ларинготрахеит-тауық тектес құстардың жұқпалы ауруы, қоздырғышы-герпесвирус. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.
Сояр алдындағы балам.
Ауру құстар самарқау күйде болады. Ентігу, кеңірдекте қан мен фибрин араласқан сұйықтық жөтелмен шығады, конъюнктивальды қалыпта-конъюнктив гиперемиясы, қабақ ісуі, көз кішіреюі, жас ағуы, жарықтан қорқу, бір не екі көздің де үлкеюі, көз жанарынан айрылуы, көз алмасының атрофиясы болады.
Союдан кейінгі балау.
Көмей ішінде, кеңірдектің өн бойында кейде үлкен бронхыларда катаральды-гемаррагиялық қабыну, үстіңгі кілегей қабығын бітеген қан ұйындылары, фибрин мамығы, кілегейлі-қан болады. Басқа органдарда да өзгерістер болуы мүмкін, бірақ олар ауру үшін қалыпты емес.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
Ауру шыққан шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді.
Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин 85-900 С ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не 85-950 С ыстық сумен 20мин зарасыздандырады.
Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді.
Шешек-бұл тауық, құр, көгершін, күркетауық т.б құстардың жұқпалы ауруы, авипоксвирус тобы вирусынан шығатын және терінің кейбір бөліктерін экзантематозды күйде не ауыз қуысы мен үстіңгі тыныс алу жолдарының ішкі қабатын кілегейлі қабынуы.
Сояр алдындағы балау.
Ауру құстардың қабақ, тұмсық үсті, ауыз жиегі, арқа терісі, қанаты, аяғы, артқы жағы және басқа да дене бөлшектерінде жалғыздан не көптеген экзантема қабыршақтары пайда болады. Түрлері-ақшыл-сары көбікше сияқты, томпайған қоңыр-қызыл не домалақ сұр қабыршақтар, терімен тұтас жабысып тұрады.
Ауру кілегейлі түрде болса, арқасында қабыршақтар болмайды. Ауыз жиегінің кілегей қабатында, тілінің астында, кеңірдекте сарғыш, тығыз фибринды пленка не ірімшіктектес қоймалжың кілегей қабатпен жабысып тұрады, бұл кезде құста ентігу пайда болады.
Союдан кейінгі балау.
Денесінен, тыныс алу жолдарынан, ауыз қуысынан сояр алдында көрінген өзгерістер түгелдей табылады. Ішкі құрылыстарынан қандай да бір басқа өзгерістер табылмайды.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау.
Егер құстың басында не дене бітіміндегі қабыршақтар кішкене болса, сол жерлерін ғана алып тастайды. Ал өзгермеген бітімі мен ішкі органдарын қайнатқаннан кейін шығарады. Егер де бітімінің бірнеше бөлегі қабыршақтанса, онда бүкіл ішкі құүрылысымен қоса жойылады. Ауру не күдікті құстардың сойылған өнімінің қалдықтары, жүн, қауырсындарын зарарсыздандырып, екі қабатпен қапталған ыдыста өңдеуші кәсіпорынға жөнелтеді. Ветеринариялық куәлікке ауруы туралы мәлімет жазылады. Қалған клинико-анатомиялық белгілері жоқ партияны өңдеп, азықтық мақсатқа ешқандай тиымсыз шығара береді. Ауру құстың жұмыртқаларын зарасыздандырып, азықтық мақсатқа ұстайды.
Тұмау-тауық, үйрек, күркетауық т.б жұқпалы ауруы. Бұларды ауру тасымалдаушы және адамдар арасында шығатын тұмау эпидемиясын туғызушы дейді.
Қоздырғышы: ортомиксовирус тобының А типті виурсы. Ауру өте ауыр өтеді, әсіресе, жас балапандарда аз ған уақыт ішінде топтың 80-100 % дейін қырылады, кейде белгісіз күйде не созылмалы түрде болады.
Сояр алдындағы балау.
Ауру құстарда гипертермия, ауыр күйзеліс, каматоз күйге де түседі. Тыныс алу ауырлап, ентігу, тұмсық қуыстарынан малынан сұйықтық ағып, бас, аяқ ісіп, тұмсық, айдары көкшілденеді. Ал үйрек, қазда конъюнктивит, жанарынан айрылу кездеседі.
Сойғаннан кейінгі балау.
Танау қуыстарында кілегей, сұйық жиналып, үстіңгі тыныс алу жолдарының кілегей қабатында, қабыну, ісіну болады. Бас, аяқ, мойын терісінің тері астыңғы ісіктері, ішкі органдардың серозды қабықшаларында ұсақ нүктелі қан ағуы, суда жүзетін құстардың көз хрусталиктерінің үстінде фиброзды қабықша жиналады. Көптеген жағдайда ауру құстардың танау жолдарының кілегейлі қабықшасында катаральды қабыну, бас тіндерінде көкшілдену, синус болады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Тілеуғали Т., Қырықбайұлы С., Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері, Алматы: 1998
2. Горегляд Х.С., Макаров В.А., Чеботарев И.Г., Шаблой В.Я., Кожемякин Н.Г., Коряжиев В.П. Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылық өнімдерінің технологиялық негіздері.
4. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы. Астана 2005ж
5. Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Т.Тілеуғали, С.Қырықбаев. Алматы: Бастау, 1998ж