Оқушыларға жеке жұмыс, жұптық тапсырмаларды беру арқылы оларды ізденуге, Выготскийдің айтуы бойынша (ЖАДА) оқушылар нақты мақсаттарды көздеп, қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Рефлективті есеп "Онотогенез"»
Рефлективті есеп
«Онтогенез»
Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.
Ой шақыру кезеңінде «Тез, шапшаң» әдісі бойынша әр түрлі сұрақтар қойылды. Сұрақтарды өмірмен байланыстыра қойдым. Оқушылар ойланып жауап беру арқылы Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды.
Үй тапсырмасы кезіндегі «Сәйкестік тестісін» оқушылар жұпта орындады. Жұптық жұмыстар оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттырумен қатар Фирманның (1998) ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің бірі ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ой қозғау кезінде оқушыларға суреттер бердім. Суреттерді талқылай отырып, сабақтың тақырыбын өздері ашты. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ойлау, салыстыру, тұжырымдау қабілеттері арттады.
Іздену кезеңінде оқушылар өздерінің «Эмбриология ғылымының даму тарихы, Бластуланың түзілуі», «Гаструла. Нйрула. Постэмбриондық даму» тақырыбы бойынша не білетіндерін жазып, қорғап шықты. Мұндай кластермен жұмыстар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын.
Ой қорыту кезеңінде оқушылар «сәйкестігін тап», «қатені тап та, толықтыр» тапсырмаларын орындау арқылы Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген тұжырымын жүзеге асырды.
Рефлекция бөлімінде «Шығу парағы» стратегиясын қолдандым. Оқушылар мұнда сабақтан алған білімдерін қысқша жаза отырып, сабақты қорытындылайды.
Бағалауда оқушылар бір-бірін «Бесбармақ» әдісі бойынша бағалады. Бұндай бағалаулар оқушыларды пікір айтуға, өзгенің пікірімен яғни бағалауымен келісуге жетелейді.
Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларға жеке жұмыс, жұптық тапсырмаларды беру арқылы оларды ізденуге, Выготскийдің айтуы бойынша (ЖАДА) оқушылар нақты мақсаттарды көздеп, қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытамыз.