Жетістік критерийі | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Популяцияның санына әсер ететін факторлар туралы алған білімдерін қолданады. Популяция санының өзгеруіне әсер ететін барлық мүмкін факторларды дұрыс анықтайды (қоректің, судың болуы, жаулары, паразиттер, абиотикалық факторлардың әсері, т.б) кем дегенде 3 фактор. |
Басы 0 – 10 минут 11 – 20 минут Ортасы 21 – 30 минут 30 – 36 минут Соңы 37-40 мин | Ынтымақтастыру атмосферасын құру. (W) Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларды популяция қалыптасуына әсер ететін факторларды жіктеу арқылы суреттермен топтастыру. (T) Оқушылармен тірі организмдер мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесу туралы әңгімелесу. Осыны популяция қалыптасуына әсер ететін факторлар анықтау үшін және олардың арасындағы айырмашылықтарды білу үшін пайдалану. Сабақтың мақсатын анықтау мақсатында оқушылар кесте толтырады: Еске түсіреміз, популяция туралы не білеміз? (1 бағана) Бүгінгі сабақта нені біліп, неге үйренгілеріңіз келеді? (2 бағана) Бүгінгі мақсатқа жете алдық па? Нені білдік? ((3 бағана) сабақ соңында) Мен білемін | Білгім келеді | Мен білдім | | | | Жаңа сабақты игеру. Популяция қалыптасуына әсер ететін факторлар. Термин сөздермен жұмыс. Глоссарий. Жетістік критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді | Популяцияның санына әсер ететін факторлар туралы алған білімдерін қолданады. Популяция санының өзгеруіне әсер ететін барлық мүмкін факторларды дұрыс анықтайды (қоректің, судың болуы, жаулары, паразиттер, абиотикалық факторлардың әсері, т.б) кем дегенде 3 фактор. | (T /G) Әр түрлі мекен ету орталықтарынан үзінді бейнебаяндар көрсету. (T) бактериялар немесе ашытқы жасушаларының көбеюі туралы бейнебаян көрсетіңіз. Көбею ең жоғары санына жеткенге дейін өсетіндігін, содан кейін саны азая бастайтындығын түсіндіріңіз. (G) Оқушылар популяция санының ең жоғары шегіне жететіндігінің себебін болжайды. Олар топта талқылауды, содан кейін өз идеяларын қалған сыныпқа түсіндіреді. Оқушылар тағам мен су туралы идеяларды жинауы керек. Кейбір оқушылар санның төмендеу себептерін болжай алады, мысалы залалсыздандыру құралдарын енгізу. Әрі қарай популяцияға арналған интерактивті ойындар сияқты ұқсату үлгілерін пайдаланып идеяны дамытуға болады. (G) Экожүйелердегі сияқты мекен ету орталарындағы жалпы биотикалық және абиотикалық факторлар кестесін дайындау. Экологиялық факторлар | Абиотикалық | Биотикалық | Антропогендік | | | | Рефлексия БББ әдісі қолданылады, сабақ басталғандағы берілген кестенің 3-ші бағанасын толықтырады. | Суреттер Интернет Шынайы және жасанды жүйелердің бейне/фотомысалдары https://www.twig-bilim.kz/film/what-is-an-ecosystem-5517/ https://www.twig-bilim.kz/film/abiotic-factors-in-ecosystems-5537/ https://www.twig-bilim.kz/film/biotic-factors-in-ecosystems-5536/ Бұл қысқа бейнебаян бактериялардың көбеюі туралы: http://www.youtube.com/watch?v=zrx7Xg0gkQ4 популяцияға арналған интерактивті ойындар, қояндар мен түлкі: http://www.abpischools.org.uk/page/modules/population_growth/activity.cfm?age=Age%20Range%207-11&subject=science https://www.twig-bilim.kz/film/conservation-5538/ (табиғатты қорғау) |
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Барлық оқушылар: «популяция» терминіне және популяция қалыптасуына әсер ететін факторларға түсінік бере алады Оқушылардың көбі: популяция қалыптасуына әсер ететін факторлар мәнін түсінеді Кейбір оқушылар: биотикалық, сол сияқты абиотикалық экологиялық факторларды жіктей және қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін сипаттай алады. | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар (формативті) Суреттік, кестелік тапсырмалар | Тірі материалды ұстағаннан кейін қолды жуыңыздар. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |