kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование Ж?мыр ??рттар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?мыр ??рттар типі (нематодтар).

Ж?мыр ??рттар — денесі созылы??ы, буылты?тар?а жіктелмеген, цилиндр немесе ?ршы? пішінді, к?лдене? кесіндісі д??гелек, те?іздерде, т?щы суда, топыра?та, кейбір т?рлері адамда, жануарлар мен ?сімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін ж?ндіктер. Б?лар денесінде буылты?ы болма?анды?тан, ж?мыр ??рттар деп аталады. Жер ж?зінде ж?мыр ??рттарды? 20000-?а жуы? т?рлері тіршілік етеді.

Ішексор?ы мен ?шкір??рт — адамны? денесінде тіршілік ететін паразит ж?мыр ??рттар. Ж?мыр ??рттарды? к?пшілігі паразиттікпен тіршілік етеді, соларды? бірі — адам ішексор?ысы мен ?шкір??рты.

Адам ішексор?ысыны? тіршілігі мен сырт?ы ??рылысы. Ересектерден г?рі жас?спірімдер мен балаларды? аш ішегінде орны?атын, екі ?шы да с?йірленіп келген, дене т?р?ы 20 сантиметрге дейін жететін а?шыл немесе сар?ыш т?сті ??рт ішексор?ы деп аталады. Ішексор?ы екі с?йір ?штарын ?адап, ішекте тіршілік етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование Ж?мыр ??рттар»



Биология

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт , олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы.

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу

Көрнекілігі

Биология оқулығының әдістемесі, слайд,

Топқа бөлу

Құрттардың түрлері арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Суретке қарап құрттарды ата


«Шеңбер бойымен әңгімелеу»




Оқушылар шеңбер арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы шеңбер артындағы сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Мағынаны тану





































































































Семантикалық карта

Жұмыр құрттар типі (нематодтар).

Жұмыр құрттар — денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Ішексорғы мен үшкірқұрт — адамның денесінде тіршілік ететін паразит жұмыр құрттар. Жұмыр құрттардың көпшілігі паразиттікпен тіршілік етеді, солардың бірі — адам ішексорғысы мен үшкірқұрты.

Адам ішексорғысының тіршілігі мен сыртқы құрылысы. Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті құрт ішексорғы деп аталады. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар, құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан соралы. Оның денесі тығыз қабықшамен — кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұошықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды, оның денесі созылмайды да, сондықтан пішінін өзгертпей, жан жағына иіледі.

Ішексорғыгың денесін қаптаған тығыз қабықша тері бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады. Сондықтан жұмыр құрттарды ілкіқуыстылар деп те атайды.

Қоректенуі. Ішексорғының қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қанайналым және тыныс алу мүшелері болмайды, ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғвда көз болмайды.

Көбеюі. Ішексорғылар — дара жынысты жәндіктер аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000 — ға деін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкқністерден адамның аузына түсіп, одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болып, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

     Дернәсілдердің қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға, адам жұтынғанда қайтадан ішекке түседі. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі де, үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

     Үшкірқұрт. Адамның, әсіресе жас баланың тік ішегінде паразиттікпен тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — үшкірқұрт. Оның пішіні де ішексорғыға ұқсас, аталығы аналығынан екі есе қысқа болады. Үшкірқұрттың тұрқы 10 миллиметрге дейін жетеді және сыртқа аналығы ғана тірідей шығады. Құрттың құйрық бөлігі өте жіңішкеріп бітеді, сондықтан құрт үшкірқұрт деп аталады. Оның аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі. Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.

     Ішексорғы мен үшкірқұрттан сақтану жолы — тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөністерді тек жуған соң ғана тамаққа пайдаланып, суды қайнатып ішу.

     Паразит жұмыр құрттарды бір бірінен ажырата білген жөн. Тоқтау сулардан шумақталып жатқан жылқының құйрық қылы тәрізді қоңыр түсті, ұзындығы бір метрге дейін жететін жіңішке құрттарды көргенде үлкендердің әлдеқандай күшпен жылқының қылы тіріліп, адам денесіне бұралып енуі ықтимал деген әңгімесі еске түседі. Бұл — жұмыр құрттарға жататын,  дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік ететін қылқұрт деген жәндік. Мұның адамға ешқандай да зияны жоқ. Шумақталып жатқан ұзын құрттар — жұмыртқалау үшін шыққан ересек қылқұрттың аналығы.

     Жұмыр құрттардың дәл қылқұртқа ұқсас тағы бір түрі бар, ол суыртқы деп аталады. Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл — адам үшін өте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында паразиттік тіршілік етеді. Сол кезде аяқтың еті қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды. Бұл Иранда, Үндістанда және Африка елінде көп кездеседі. Оның көбею айналымы да, басқа жұмыртқа құрттардан ерекше — аралық иесі болады. Науқас адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып (циклоп — суыртқының аралық иесі), ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам қайта жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің астына жетіп, 8 — 10 айда ересек суыртқығаайналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауруды дракунлез деп атайды.



Мәтінмен жұмыс. «Оқы,жұптас, талқыла»

Оқушылар кестені толтырады стикер арқылы жазып жапсырады.

Мәтінмен жұмыс ( жұптық әңгіме құрамыз) топшама арқылы

1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері

2.Үшкірқұрт (острица)

3. Суыртқы (ришта)

4. Ішексорғы (аскарида)

5. Қылқұрт 


Ой толғаныс

Қорытындылау: 

1 топ жұмыр құрттарды ата?

2 топ сөйлемді толықтыр?

3 топ биологиялық диктант

4 топ Суретпен жұмыс

рефлексия

«Бес бармақ»

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Жұмыр құрттар типін қайталап оқу
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зияны туралы әңгімелеңдер


Күнделіктеріне жазады








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Планирование Ж?мыр ??рттар

Автор: Исмагулова Акзия Абдуллаевна

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 251004


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства