оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Өсімдіктің тыныс алуы ҚМЖ 6-класс»
Мерзімі :
Биология
6 а,ә -сынып
Сабақ тақырыбы:
Өсімдіктің тыныс алуы.
Жалпы мақсат:
Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру; оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту. Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру,
Сілтеме:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2.Биологияны оқыту әдістемесі 3.6-сыныпқа арналған оқулық
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Өсімдіктің қалай тыныс алатынын біледі.
Негізгі идеялар:
Тыныс алудың өсімдіктегі маңызы жайлы түсіну.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Үлестірмелі материалдар
Оқыту әдістері:
АКТ,диалог,сұрақ-жауап.
1. Жеке жұмыс 2.Жұптық жұмыс 3. Топтық жұмыс
Сабақтың барысы. І – Ұйымдастыру Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру
«Ең жақсы тілек» Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» сұрақтар.
Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж.) 2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады?(Жел, жануар, адам, су, өздігінен.) 3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық) 4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар) 5. Тозаңдану дегеніміз не?(Тозаңның аталықтың аузынан аналы аузына келіп түсуі) 6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс) 7. Гүлдің негізгі бөліктері.(аталық, аналық) 8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан) 9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.(гүлшоғыр) 10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).
ІІІ. Жаңа сабақ
Барлық жасушалар және тірі ағзалар тыныс алады.Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын шығарады. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері болмайды.Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі – жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады,тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады.Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратып, тотықтырады.
Тыныс алу дегеніміз оттегінің сіңірілуі, көмірқышқыл газынының бөлінуі, сонымен бірге оттегін пайдалану арқылы органикалық қосылыстардың тотығуы.
Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады,өсімдіктің салмағы кемиді.Мысалы,тұқым өну кезінде құрғақ затының 3-10%-ы кемиді.Өну үшін сыртқы орта жағдайы неғұрлым қолайсыз болса, тыныс алуға соғұрлым қоректік заттар көбірек жұмсалады.
Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Тұқым өнген кезде энергия жылу ретінде бөлінеді.
Өсімдіктердің тыныс алуына әртүрлі жағдайлардың әсері
Судың әсері. Тұқым құрғақ болса (10-12 % су), баяу тыныс алады. Егер тұқымда судың мөлшері 33 %-ға жетсе, 2 г көмірқышқыл газын бөледі. Сондықтан да тұқымды қоймада сақтағанда оның ылғалдылығы 12-14%-дан аспау керек.Сонда ол ұзақ сақталып,шығымдылығын жоймайды.
Температураның әсері. Температура неғұрлым жоғары болса,тыныс алу соғұрлым жиілейді.Қыстың -20-250 С аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды,тек баяулайды. Тұқымдардың тыныс алуы +500 С – та тоқтайды.
Жасуша цитоплазмасындағы нәруыз ұйып қалады. Қыста төмен температурада сақталған картоп түйнектерінің тыныс алуы баяулайды. Қанттың қорға жиналуы тоқталмайды.Көп сақталған картоптың дәмі тәтті болатыны сондықтан.
Жарықтың әсері. Өсімдікке жарық жеткілікті болса, тыныс алу жылдамдайды. Тыныс алуға қарама-қарсы фотосинтез процесі де қатар жүреді. Жасыл өркендерді қараңғы жерге қойса, көмірсулардың жетіспеуінен тыныс алу қарқыны күрт төмендейді.
Улы заттардың әсері. Улы заттар атмосферада көбейіп кетсе,өсімдіктерді уландырады. Тыныс алуы бәсеңдейді.
Ауаның ластануы өсімдіктің тыныс алуына әсері
Ауа қандай заттармен ластанады? 1. Жер шарындағы барлық тірі ағзалардан бөлінетін көмірқышқыл газының көбеюі. 2.Өндірістер мен өнеркәсіптерден бөлініп шығатын қалдық заттар,түтіндер.3.Автокөліктердің түтіні.4.Түрлі ауру туғызатын зиянды микробтар. 5.Химиялық жасанды заттардан бөлінетін улы газдар.
Қоршаған ортаны ластанудың қорғау шаралары:
1.Атмосфераның тазалығына жасыл өсімдіктер көп пайдасын тигізеді.Көгалдандыру жұмыстарын дамылсыз жүргізу.
2. Ескіріп, үлкейіп,өсуі нашарлап кеткен ағаштарды кесу.
3. Өндіріс, өнеркәсіп орындарынан шығатын улы газдарды ауаға таратпай, өзіне сіңіретін желдеткіштерді орнату.
1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады. 6. Өсімдіктің салмағы кемиді.
2.Нәтижесінде органикалық зат түзіліп, судың ыдырауынан оттегі бос күйінде бөлінеді.
3.Жарық энергиясы сіңіріледі.
4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді.
5. Тек жарықта ғана жүреді. 6.Өсімдіктің салмағы артады.
1. Органикалық зат пен оттегін пайдаланады.
2.Органикалық зат ыдырап,көмірқышқыл газы мен су бөлінеді.
3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.
4.Барлық тірі жасушаларда жүреді. 5.Күндіз де, түнде де ұдайы болады.
Қорытындылау. 1 - деңгей. 1. Фотосинтез дегеніміз не?(Күн сәулесі қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі.) 2 - деңгей. 1. Қандай жағдайда тамырдың тыныс алуы бұзылады?(топырақта ауа аз болса) 3 - деңгей 1. Егінің иесі үй қояндарына қырыққабаттың жасыл жапырақтарын жұлып береді. Ол дұрыс жасады ма?(Себебі жасыл жапырақта түзілген органикалық заттар, фотосинтездің нәтижесінде ортаңғы бөлігі қауданға «қор» зат болып жиналады.) «Кім жылдам?» тест 1. Жасушаның қай органоидінде фотосинтез үрдісі жүреді? а) цитоплазмада; ә) ядрода; б) хлоропласта; в) вакуольде 2. Күн сәулесі керек а) тыныс алу; ә) фотосинтезге; б) су мен қоректенуге; в) минералдар мен қоректенуге; 3. Адамдар немен тыныс алады? а) өкпемен; ә) желбезекпен; б) терімен; 4. Тыныс алу – ол: а) оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығару; ә) көмірқышқыл газы мен суды ыдырату; б) органикалық заттардың түзілуі; 5. Тыныс алу жүреді: а) қараңғыда; ә) жарықта; б) қыста, жазда в) үнемі
«Ой, толғаныс» Эссе «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?» VІ – Үйге тапсырма. §26. оқып білу. Сұрақтарға жауап беру. VІІ – Бағалау