Просмотр содержимого документа
«Өсімдіктердің гүлденуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері.»
Сабақ№________Сыныбы_________Күні_________
Сабақтың тақырыбы:§22. Өсімдіктердің гүлденуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың білім- білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды өз ойын нақты жеткізіп, тыңдай білуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу
Түрі: дәстүрліТипі: аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет кесте тапсырма т.б
Пәнаралық байланыс: ботаника
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу,сабақ құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қойып үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасуларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын болыімдері аталық және аналық. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай тұрғанда тозаңданып үлгереді. Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығына барып түсуі. Айқас тозаңдануды: бунақ денелер арқылы және жел арқылы тозаңдануы деп екіге бөледі.
IV. Бекіту
1. Оқулықпен жұмыс
2.«Әр пікір, әр ой құнды» топпен
3. №15 Зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыс №15
Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
Мақсаты: Кеппешөп және оқулықтағы сурет арқылы бунақденемен және желмен тозаңданатын өсімдіктердін ерекшеліктерін салыстырып қарап, маңызын білу.
Қажетті құрал-жабдықтар: кеппешөптер (қолда бары)
Орындалатын тапсырмалар:
1. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктерді қарап салыстырыңыз. Мысалы: алма, бидай.
2. негізгі айырмашылықтарын табыңыз.
3. Оқулықтағы бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердін сипаттамасын дәптерге жазыңыз.
Қорытынды: Жұмыс барысында бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктерімен танысты. Бунақденелілер мен тозаңдатаны өсімдіктердің гүлдері ірі, ашық реңді, қос жынысты, хош иісті болатындығын білді. Желмен тозаңданатын өсімдіктердің тозаңы өте майда, жеңіл, көп болады.