kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Биологиялық прогресс жəне биологиялық регресс (А.Н.Северцов).

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды ғылыми жетістіктерді бағалауға, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлыққа тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Биологиялық прогресс жəне биологиялық регресс (А.Н.Северцов).»

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы: Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Биологиялық прогресс жəне биологиялық регресс (А.Н.Северцов).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға макроэволюция туралы және оның дәлелдемелеріне түсінік бере отырып, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы туралы білімді кеңейту, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тақырыпты оқыту барысында оқушылардың эволюция ғылымы туралы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық және тез ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ғылыми жетістіктерді бағалауға, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлыққа тәрбиелеу. 

Түрі: дәстүрлі Типі: аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі ,сұрақ-жауап, жеке, жұптық жұмыс түрлері .

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу, түгелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.«Ой қозғау»

а) жалпылама сұрау

б) жеке сұрақ-жауап.

1.Организмдер үшін бейімделушіліктің қандай маңызы бар?(организмдердің тіршілік етуі кезінде орта жағдайларына қарай жаңа қасиеттер мен белгілерге ие болады)

2. Еліктіруші рең дегеніміз не? (өздігінен қорғана алмайтын,организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келуі)

3.Сақтандырушы рең дегеніміз не? (Бұл рең шағатын, күйдіретін жәндіктерде айқын байқалады. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, бірден есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болады)

4.Бейімделушіліктің салыстырмалы сипатына мысал келтіріңіз? (Улы жыланның кірпіге, шошқаға әсер етпеуі, тасбақаның сауытының құтқармауы,өсімдіктерді тозаңдандыратын жәндіктер болмаса өсімдіктер тозаңданбайды жеміс бермейді)


Жаңа сабаққа кіріспес  бұрын , берілген сызбанұсқаға  қарап, кестені толтырыңыз:

Бұрыннан білемін

«+» Мен үшін жаңалық

« !» Түсінбедім

«?» Кейбір ақпаратпен    келіспеймін

 

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Макроэволюция-түрден жоғары деңгейдегі жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар,кластар, типтердің түзілу процесі.

Дарвин эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашып, оның қозғаушы күштерін атап көрсетті. Ол ілім жарыққа шыққаннан кейін де биология ғылымының түрлі салаларында эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар көптеп жинақтала берді. Тірі организмдердің жасушадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылды. Бұл барлық тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігі айқын дәлел болды. Жалпы құрылысы және шығу тегі бір мүшелерді гомологиялық мүшелер деп атайды. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелераналогиялықмүшелердепаталады. организмдерұрығының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы эмбриология депаталады. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады. 

- Прогресс және регресс терминдерін тарих, экономика сабақтарында жиі пайдаланамыз.Дамудың прогрессивті , регрессивті түрлері деген термин биология саласында да пайдаланылады.Бүгін біз, осы даму түрлерін эволюциялық тұрғыдан қарастырамыз.бейімделушілік, түрлер саны, таралу аймағы(ареалы).

Сіздер қалай ойлайсыздар , табиғатта прогресс тиімді ме, әлде регресс тиімді ме?

( прогресс)

Орыс ғалымдары А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен эволюциялық әрекеттің негізгі екі бағытын және оның жүзеге асырылуының үш жолын атап көрсетті. 
Биологиялық прогресс- түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. 
Биологиялық регресс-бейімділіктің төмендеуі, даралар санының азаюы,аймақтың таралуы байқалады. Мысалы: ертедегі ихтиозавр,динозавр сияқты алып кесірткелер толығымен жойылып кетсе,қазіргі кезде жойылу қаупі бар түрлер де белгілі. 
Биологиялық прогрестің негізігі жолдары.
Ароморфоз-күрделенуі
Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі. 
Кейде тіршілік ортасының біршама тұрақталуына байланысты бір қатар мүшелер қажетсіз,артық болып, бірте-бірте жойылады.соның нәтижесінде организмнің құрылысы қарапайымданады.Бұл құбылыс жалпы дегенрация деп аталады. 

ІV. Бекіту

1.Оқулықпен жұмыс.

2.Кері байланыс.

3. Биологиялық диктант 
А. Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы ....................................... зерттейді. 
1. Палеонтология; 
2. Салыстырмалы - анатомия. 
Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан.............. мүшелер дамиды 
1. Аналогтық 
2. Гомологт ық 
Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер 
1. Аналогтық 
2. Гомологтық 
Көбелек пен құстың қанаттары бірдей ұшу қызметін атқарғанымен құрылысы бір-біріне.............. 
1. Ұқсайды 
2. Ұқсамайды 

Тізімнен жануарлардағы аналогтық және гомологтық мүшелерді ажыратып кестеге жазыңдар 
a) Көбелектің қанаты 
b) Жарғанаттың қанаты 
c) Құстың қанаты 
d) Көртышқанның алдыңғы аяқтары 
e) Балықтың желбезегі 
f) Бұзау бастың аяғы 
g) Өзен шаянының желбезегі 

4. Сөйлемді аяқта......
• Биологиялық прогресс....
• Биологиялық регресс....
• Ароморфоз....... 
• Идиоадаптация.........
• Дегенерация....... 

IV. Бағалау

V. Үйге тапсырма беру. §12


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Бақыт Асыл Қадыржанқызы

Дата: 08.06.2018

Номер свидетельства: 472740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства