Ма?саты: Білімділік: О?ушыларды? биология ?ылымына ?ызы?уын тудырып, ?ылыми – д?ниетанымны?, білім – біліктілігін жетілдіру, ??старды? пайдасы туралы ма?л?мат беру.
Т?рбиелік: Б?секеге ?абілетін арттыру, жан – жа?ты білімді етіп т?рбиелеу, ??стар жайлы, оларды ?ор?ауды ой – санасына орны?тыру, таби?ат?а деген с?йіспеншілікке, ?ам?орлы??а баулу, мейірімділікке, аяушылы??а т?рбиелеу.
Дамытушылы?: ??старды? т?рі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту, ата – бабамызды? ??старды ?алай ?астерлеп ??рметтегені туралы айтып ой-?рістерін дамыту, о?ушыны? ?з бетінше ізденіп, ?рекет жасау?а да?дыландыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«??стар. ??с шаруашылы?ы. »
Тақырыбы: Құстар. Құс шаруашылығы. Күні: 14.04.12
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың биология ғылымына қызығуын тудырып, ғылыми – дүниетанымның, білім – біліктілігін жетілдіру, құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Бәсекеге қабілетін арттыру, жан – жақты білімді етіп тәрбиелеу, құстар жайлы, оларды қорғауды ой – санасына орнықтыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу, мейірімділікке, аяушылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту, ата – бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып ой-өрістерін дамыту, оқушының өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру.
Денесі хитинмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Құстарды зеттейтін сала - герпетология.
Қазақстанда құстардың 10000 – дай түрі бар.
Құстардың денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдеріне бөлінген.
Құстардың қаңқасы ауыр, әрі берік.
Ұшатын, жүзетін құстардың төс сүйегі алдыңғы жағынан сүйірленіп, сүйіртөс түзеді.
Құстардың жүрегі кіші әрі екі қуысты.
Тауық жұмыртқасынан 30 тәуліктен соң балапан шығады.
Құстардың дене температурасы – тұрақсыз, суыққанды.
Дұрыс жауабы:
Омыртқалы
Қауырсынмен
Орнитология
500 – ден астам түрі мекендейді
Бас, мойын, тұлға
Жеңіл
Қырланып, қыртөс түзеді
Үлкен, әрі толық төрт қуысқа (екі құлақша, ері қарынша)
21 тәулік
Тұрақты, жылықанды, әрі жоғары (+41 )
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Құстарды топқа бөлу
Құс шаруашылығы.
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі.
1 топ: Қыртөссіздер (жүгіретін құстар)
2 топ: Жүзетін құстар (пингвиндер)
3 топ: Қыртөстілер (ұшатын құстар)
Қыртөссіздер (жүгіретін құстар)
Африкалық түйеқұс – өте ірі, салмағы 90 кг, қолда өсіріледі, етін, жұмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады.
Киви – ең кіші түрі, салмағы 2-3 кг, жұмыртқасы – 0,5 кг, Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі.
Нанду – 3 саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, салмағы 25 кг.
Қазуар – басында мүйізтекті айдары бар, мойыны қауырсынсыз, салмағы 80-90 кг.
Эму – Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған, салмағы 45-50 кг, жұмыртқасын қоразы басады.
Жүзетін құстар (пингвиндер)
Үлкен пингвиндер (императорский), корольдік пингвин, қоршаукөз пингвин.
Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған. Ең ірісі үлкен пингвин, биіктігі – 110-120 см, салмағы 45 кг. Сәл кішілеу түрі – корольдік пингвин. Ең көп таралған түрі – қоршаукөз пингвин. Олардың кәсіптік мәні жоқ.
Қыртөстілер (ұшатын құстар)
Қыртөстілер (ұшатын) құстар тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
Орман құстары:тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлар.
Құстар тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының ерекше маңызына қарай үшке бөлінеді.
Жыл құстары
Көшпелі құстар
Қыстап шығатын құстар
Рысбай Сәтімбековтың бір шумақ өлеңінен үзінді:
Қызыл кітап - қырағылық белгісі
Мұны – дағы білу керек әр кісі.
Қызыл бояу – оттың алау жалыны
Қызыл кітап – сақтандыру үлгісі.
«Қазақстан Қызыл Кітабына тіркелген құстар:
Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген құстардың:
1978 жылы 1 – басылымдағы түрлер саны – 43
1991 жылы 2 – басылымдағы түрлер саны – 53
1996 жылы 3 – басылымдағы түрлер саны – 56
2010 жылы 4 – басылымдағы түрлер саны – 57 (8)
(Жақша ішіндегі сан Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының Қызыл Кітабына (ХТҚО) тіркелген санын білдіреді).
Қоқиқаз, қараша қаз, қалбағай, сұңқылдақ аққу, ақ дегелек, мәрмәр, шүрегей үйрек, сары, кіші құтан, бұйра бірқазан.
Сұңқартәріздестер
Сұңқартәріздестер – балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын және т.б.
Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Қыран құстардың қоразы – «шәулі», мекиені – «ұябасар», балапаны – «ақүрпек» деп аталады.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі – саятшылық. Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене жақындастыра түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді. Аспан түстес көгілдір туымыздағы бүркіт бейнесінің болуында да үлкен мән бар. Саятшылық өнер – қазақ халқының тарихи әрі дәстүрлі ескерткіштерінің бірі.
Этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке байланысты тілімізде 2000 – ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде саятшылық өнерді жандандыру саласында ізгі шаралар қолға алынды. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында «Жалайыр Шора атындағы халықаралық құсбегілер мектебі» ашылды.
Жас достар, сендер де халқымыздың ата кәсібін, өнерін қастерлей біліңдер!
Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірде таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді.
Тауықтәріздесті құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді. Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.
Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты жеолерде таралған. Дуадақ – ірі құс, оның салмағы кейде 16 кг жетеді. Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды.
Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ, көнекөз шағала) Реликті шағала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған.
Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл Кітапқа тіркелген.
Халқымызда үкі – ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын қадірлеп, бас киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қою дәстүрі бар.
Торғайтәріздестердің түрлері көп. Қазақстанда жорға торғай, көкқұс, үлкен құралай сирек кездеседі. Жорға тоғай еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер бетінде жылдам жүгіретіндіктен «жорға торғай» деп аталған.
Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп атайды.
Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат неде? (Проблемалық сұрақ)
Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10 – нан астам түрі белгілі.
А) Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы, құс жұмыртқасына сипаттама.
Құрал – жабдықтар: құстардың суреттері, тұлыптары, жеке қауырсыны, табиғи қаңқасы, піскен, шикі жұмыртқа, сапты ине, жайпақ табақша, ұлғайтқыш қол әйнек.
І. 1. Алдымен жұмыртқаны жармай, бітеу күйінде пішініне, сыртқы қатты әкқабығына, қабықтағы өте ұсақ ойыс шұрықтарға көңіл аудару. Ойыс шұрықтардың жұмыртқаның қай ұшында \үшкір немесе доғал\ жиірек болатынын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап анықтау, себебін түсіндіру.
2. Піскен жұмыртқадан неше қабаттан тұратынын анықтап, олардың атқаратын қызметін түсіндіру.
3. Ауа қуысы жұмыртқаның қай ұшында \үшкір немесе доғал\ екенін белгілеу.
ІІ. Құстардың дене бөлімдеріне қарап өзіне тән ерекшеліктерін табу. Үстіңгі, астыңғы тұмсықтарына, алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығына, сирақ, жіліншіктеріндегі мүйізді қабыршақтарға көңіл бөлу.
ІІІ. Жеке қауырсынды қарап, оның қаламын, сояуын, пәрін анықтау.
Жабын, бағыт беруші, мамық қауырсындарының орналасуына ерекше көңіл бөлу.
ІV. Құстар қаңқасының ерекшеліктеріне назар аударып, қаңқасынан ұшуға бейімділік белгілерін табу.
Омыртқа жотасының бөлімдеріне, кеуде қуысындағы қабырғалардың құрылысына көңіл бөліп, ерекшеліктерін анықтау.
Ә) Карточкамен жұмыс:
Орман құстарын атаңдар.
Қоқиқаз Қазақстанның қай өңірінде кеңінен таралған?
Құстың адам үшін қандай маңызы бар?
Өздерің тұрған жерде үй құстарының қандай түрлері өсіріледі?
Алғаш қай құс, қашан қолға үйретілді?
Африкалық түйеқұс Қазақстанның қай жерлерінде өсірілуде?
Әсемдік үшін өсірілетін үй құстарын атаңдар.
Адамдарда кездесетін құстардың аты.
Қорытындылау: Сұрақ – жауап:
Тіршілік жағдайының өзгеруіне немесе көбеюге байланысты жануарлардың өте алысқа қоныс өзгертуі, орта ауыстыруы. (маусымдық миграция)
Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)
Құстар неге ұшуға бейімделген? (денесі қауырсындармен жабылған, тоқпан жіліктің ішкі қуысы ауа қапшықтарымен байланысқандықтан, ішінде ауа болады және алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.)
Жаңа Зеландияда кездестін салмағы 2-3 кг-дай түйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі (қанатсыз түйеқұс немесе киви)
Құстардың қауырсындарын майлайтын қандай безі болады? (құйымшақ безі)
Құстарда өңешінің кеңейген бөлігін не дейді? (жемсау)
Құстардың көпшілік түрлері үш не төрт саусақты болады, ал африкалық түйеқұстың саусағы нешеу? (екеу)
Түнде белсенді тіршілік ететін қандай құстарды білесің? (үкі, жапалақ)
Қорегін иісі арқылы іздеп табатын қандай құстарды білесің? (дауылпаздар, киви)
Құстардың ең ежелгі арғы тегінің қаңқасы бұдан 150-250 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың атын атаңыз? (ілкіқұс, көнеқұс)