ІІІ. Жаңа сабақ. Бейнеролик көрсету Сабақтың тақырыбын ашу және мақсатын айқындау Мұғалімнің түсіндіруі. Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым Сергей Гаврилович Навашин. 1-тапсырма. Жеке жұмыс «Кім жылдам?» Көбеюге қатысты негізгі мүшелерді атаңыздар (Аталық және аналық жыныс жасушалары) Оқушыларға таратылған суреттің бос орындарына атауын жазып, қызметін айтады. ҚБ: «Фигуралар арқылы бағалау» Дескриптор: Көбеюге қатысты негізгі мүшелерді атайды Гүл құрылымын ажыратады Саралау тапсырмасы Берілген терминдердің ішінен гүлдің «аналық» және «аталық» бөліктерін белгілеңіз Терминдер | ♀ | ♂ | Тозаң | | | Жұмыртқа жасушасы | | | Аналық мойыны | | | Жатын | | | Аталық жіпше | | | Түйін | | | Аталық дәндері | | | Тозаң дәндері | | | Дескриптор: Көбеюге қатысты негізгі мүшелерді біледі Гүл құрылымын ажыратады 2- тапсырма. Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс. 2 топқа бірдей мәтін таратылады. 1-топ: Қосарлы ұрықтанудың үдерісін түсіндіреді 2- топ: Қосарлы ұрықтанудың маңызын түсіндіреді Постер қорғайды. ҚБ:Топтар бірін- бірі «басбармақ» арқылы бағалайды Дескриптор: Қосарлы ұрықтанудың үдерісін айтады Қосарлы ұрықтанудың маңызын түсіндіреді Бекіту: Ал, бүгінгі сабақ мақсатың мақсаты не болды? Мақсатымызға жеттік пе? | Bilimland.kz http://bilimland.kz/kk/#lesson=12640 Таратпа қағазы, түрлі түсті маркерлер А4 қағаздары және түрлі түсті қарандаштар |