kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биологиядан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұрынғы әдіснама бойынша сыныпта мұғалім басқарушы және оқушыға дайын білім беруші болса, бүгінде мұғалім бағдар, бағыт беруші, оқушы білімге өздігінен жетуші. Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әр түрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ғана жете алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биологиядан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы»

БИОЛОГИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сагиева Бактыгул Есеновна

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,

Мөңекей орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі.




В данной статье рассматривается важность развития творческих способностей учеников по предмету биология,приемы стимулировать их интерес к творческим работам для самостоятельной работы.

In this article importance of developing creative flairs of students is examined on an object biology, receptions to stimulate their interest in creative works for independent work.


Бұрынғы әдіснама бойынша сыныпта мұғалім басқарушы және оқушыға дайын білім беруші болса, бүгінде мұғалім бағдар, бағыт беруші, оқушы білімге өздігінен жетуші. Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әр түрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ғана жете алады.

Шығармашыл тұлға- өзін қоршаған ортаны түсіне алатын санасы жоғары, белгілі бір құбылысқа деген өзіне тән ғылыми көзқарасы бар тұлға. Қазір әр мемлекеттің алдында ғылым, білім саласында өзінің ұлттық, өзіне тән білімді адамның шығармашылық, тұлғалық модельін сомдап шығару мәселесі тұр.

Сабақты бір сарынды өткізу оқушылардың пәнге деген қызығуын,білімге ұмтылысын төмендетеді. Сондықтан оқыту барысында сабақтың түрлерін,әдіс-тәсілдерін өзгертіп отырған тиімді.Осыған орай биология пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру,өз бетінше ізденіске,шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу мақсатымыз.Бұл мақсатқа жету үшін әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге көңіл бөлеміз. Сабақта оқушыларға өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойылады,әрбір мәселеге байланысты өзіндік көзқарасын қалыптастырып, ой түюге жетелейді.

Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Оқушыларға мәтінді өз беттерімен оқып білуге жағдай жасау, өмірмен байланыстыру, ойларын жүйелеп жеткізе білуге үйрету. Еңбекқорлыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеуде сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдіс-тәсілін пайдалана отырып, «Қанайналым: үлкен және кіші қанайналым шеңберлері» атты сабақты 8-сынып оқушыларымен өткіздік.

Адам тіршілігі үшін, организмнің тірегі – қан және қан жасушаларының белсенділігі, өміршеңдігін оқушыларға медициналық тұрғыдан түсіндіре отырып, сабақта оқытудың жаңа технологиясы элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушының білім-біліктілігін дамыту. Сонымен бірге оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-санасын құрметтеуге үйрету, барысында сабақ өтілді.

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды қан топтарына байланысты топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау- Қайталау сұрақтары:

  1. Организмнің ішкі ортасы деген не?

  2. Қан жасушаларын ата?

  3. Агглютинация деген не?

  4. Адамның неше қан тобы бар?

  5. Қантамыр түрлерін ата?

  6. Қанайналым деген не?

  7. Жүректің бөліктерін ата?

  8. Жүрек неше қабаттан тұрады?

Терминдермен жұмыс – Жүрек ойыны (донор, реципиент, кардиолог, гемофилия, эритроцит, иммунитет)

донор

иммунитет



Тірек схемасымен жұмыс

1 – қанның қызметі


Қанның қызметі








2 – қан құрамы

Қан құрамы










«Сандар сыры» ойыны

  • 120/80 мм

  • 75/76 рет

  • 4,5 – 5 млн

  • 4-5 л

  • 4 топ

  • 100 мың км

  • 50 есе

«Оқушының қызығушылығын ояту» мақсатында жұмбақтар шешілді.

  1. Тарам – тарам бір ғалам,

Айқыш-ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бар адам

(.қан тамырлары.......)

  1. Жанды мотор сынбайды,

Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдайды.

(жүрек)

«Ой қозғау» кезеңінде оқушыларға өмірмен байланысты қызықты сұрақтар берілді.

  • «Қан – өмір сыйлаушы» дегенді қалай түсінесің?

  • Қан арқылы берілетін тұқым қуалайтын ауруларды білесіз бе?

  • Адам жүрексіз өмір сүре ала ма?

Жаңа сабақ (слайд материалдарымен түсіндіріледі):

  1. Қанайналымының ашылу тарихы

  2. Үлкен қанайналым шеңбері

  3. Кіші қанайналым шеңбері

  4. Қан қысымы

  5. Қан қысымының аурулары – гипертония, гипотония

Үлкен қан айналым шеңбері – жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа сала қантамырларынан басталады. Оттегіне қаныққан қан алдымен қолқаға одан ірі және ұсақ сала қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ сала қантамырлармен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады.

Кіші қанайналым шеңбері – жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе сала қантамырынан басталып, ондағы вена қаны өкпе сала қантамырлары арқылы өкпеге келеді.

Өкпеде сала қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттегіне қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе көк қан тамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады.

Бекіту кезеңінде сәйкестік тест жұмысы алынды.

  1. Қанның мөлшері қанша литр?

  2. Қан пластинкасы қалай аталады?

  3. Оксигемоглобин деген не?

  4. Лейкоцит қызметін ашқан ғалым кім?

  5. Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі?

  6. Қанды қабылдайтын адам?

  7. Тромбоцит қызметі?

  8. Егу арқылы қабылданатын иммунитет?

  9. Жүрек құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым?

  10. Қанның түссіз жасушалары?

  1. И.И. Мечников

  2. Қан ұю

  3. Фагоцитоз

  4. Реципиент

  5. Лейкоцит

  6. Оттегі гемоглобин

  7. Жасанды иммунитет

  8. Кардиология

  9. 4,5 – 5 л

  10. Тромбоцит


V. Бағалау парағы

Ааты-жөні

Қайталау сұрақтары

терминдер

Тірек сызба

Сандар сыры

Сәйкестік тесті

Жұмбақ шешу

эссе

Топ басшысының бағалауы

қорытынды












Сабақ соңында рефлекция жасап, суммативтік бағалау жүргізілді.Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналды.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013. -447 б.

  2. Поляков С.Д. В поисках педагогической инноватики. – М.; 1993.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Биологиядан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы

Автор: Сагиева Бактыгул Есеновна

Дата: 26.12.2018

Номер свидетельства: 492918


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства