kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА ??ЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ?АЛЫПТАСТЫРУ?А БА?ЫТТАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кезде егемен елімізде білім беруді? жа?а ж?йесі жасалып, ?лемдік білім беру ке?істігіне енуге ба?ыт алуда. Б?л о?у-т?рбие ?рдісіндегі елеулі ?згерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы ?згерді, білім беруді? мазм?ны жа?арып, жа?а к?з?арас, жа?аша ?арым-?атынас пайда болуда. Келер ?рпа??а ?о?ам талабына сай т?рбие мен білім беруде м??алімдерді? инновациялы? іс-?рекетіні? ?ылыми-педагогикалы? негіздерін ме?геруі ма?ызды м?селелерді? бірі.  ?ылым мен техниканы? жедел дамы?ан, а?паратты? м?ліметтер а?ыны к?шейген заманда а?ыл-ой м?мкіндігін ?алыптастырып, адамны? ?абілетін, талантын дамыту білім беру мекемелеріні? басты міндеті болып отыр. Ол б?гінгі білім беру ке?істігіндегі ауадай ?ажет жа?ару о?ытушыны? ?ажымас ізденімпазды?ы мен шы?армашылы? жемісімен келмек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА ??ЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ?АЛЫПТАСТЫРУ?А БА?ЫТТАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯЛАР »

 



Биология пәні мұғалімі

Сарыагаш ауданы №40 Н.Абдиров атындагы негізгі орта мектеп биология пәнінің мұгалімі Кушерова Айтолқын Муратхановна



 



БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР



 



Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.



 Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.



Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.



 ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары қолданылуда.Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс-тәсілдері.Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.



- оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;



- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;



- жеке дамуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;



- өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;



- білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.



Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартындаанықталатын түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.



Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері:



1.     Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.



2.     Оны шешудің жолын бірге қарастыру.



3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.



Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.



Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.



І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.



ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.



ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.



ІV. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.



V. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.



Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы бойынша «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Саяхат» оқыта үйрету ойындарын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде пайдаланамын. Оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді.



Мысалы: 7 сынып «Мәдени өсімдіктер әлеміне саяхат» оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі өсімдіктер топтарын бөліп беру «Көкөніс дақылдар», «Астық тұқымдастар », «Жеміс- жидектер», «Бөлме өсімдіктері». Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, плакат түрінде безендіріп класс бөлмесінің кез келген жеріне ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Өмірде қажет қолдануға болатын өсімдіктер туралы қосымша мәліметтер алады.



Стандартты, типті міндеттерді шешуге алғаш оқыту үшін тапсырмалармен өзара алмасу әдіснамасына арналған тапсырмалар, оқу материалдарын қайталау үшін, бекіту және оқушыларды жаттықтыру үшін жеке тапсырмаларды өзара жаттықтыру мен өзара тексеру үшін пайдаланады. Бұл әдіснаманы пайдалану үшін арнайы тапсырмалар дайындалады, құрастырған материал нақты болуы қажет.



Коммуникативтік құзыреттілігі анықтау мақсатында 6 сыныптағы биология пәнінен «Тамыр-өсімдіктің топырақтан коректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбын қорытындылап, бағалау үшін мына әдістерді пайдалануға болады.Алдын ала оқуға берілген мәтіннен үзінді және сұрақтармен тапсырмалар беріледі, сонымен қатар бағалау жеке парағы беріледі, керек болған жағдайда дұрыс жауаптары көрсетіледі.Сұрақтар мен тапсырмаларды жұппен орындайды.



 Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор.Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы.



 



�ғ�Q���߯(O��і пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “Messages» электронды оқулықтарын жиі қолданамын.



 



     Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін     нәтижелер:



• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;



• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;



• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;



• оқушылардың шығармашылығын арттырады;



• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;



• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;



• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;



• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;



     Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.



     Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың  басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.



     Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:



1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.



2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.



3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.



4. Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.



5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.



Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.



Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.



Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.



    Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.



    Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.   



     Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.



      Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы жаңа ақпараттық технологияны  меңгерген  мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА ??ЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ?АЛЫПТАСТЫРУ?А БА?ЫТТАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Автор: Кушерова Айтол?ын Муратхановна

Дата: 17.08.2015

Номер свидетельства: 225612


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства