kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие на тему: "Жас биолог-2015"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: "Жас биолог - 2015"

Ма?саты: о?ушыларды? ой-?рістерін дамыта отырып, логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыру, топта ж?мыс жасау?а, табандылы?пен шешім ?абылдау?а, оны д?лелдеуге ?йрету, биология п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып, ?ылыми к?з?арастарын дамыту.

Саба?ты? т?рі: Сайыс саба?

?дісі: С?ра?-жауап, топпен ж?мыс, жаппай ж?мыс

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, биологиялы? ?зінділер, портреттер, ?лестірмелі ?а?аздар

Сайысты? барысы:

"Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспан?а жол салынар" -деп Ж.Баласа??н бабамыз айтып кеткендей, білімді ?рпа??а ?ай кезде де жол ашы?. Сонымен, б?гінгі білімділер сын?а т?сетін сайысымызды бастамас б?рын сайыс?а ?атысушы топтарымызбен  таныс болы?ыздар: 1-топ "Фауна" тобы; 2-топ "Флора" тобы.

Сайыс кезе?дері:
І. Кім жылдам?

ІІ. Терминологиялы? с?здік

ІІІ. Е?, е?, е?.

ІV. А?ыздар

V. ?ажайып ?ылымдар

VІ. ?лы есімдер

VІІ. ?т?ыр ой (Егер мен.)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие на тему: "Жас биолог-2015" »

Уақыты: 15.05.2015ж.

Сынып: 9 қ.

Тақырыбы: "Жас биолог - 2015"

Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, топта жұмыс жасауға, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ғылыми көзқарастарын дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жаппай жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, биологиялық үзінділер, портреттер, үлестірмелі қағаздар

Сайыстың барысы:

"Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар" -деп Ж.Баласағұн бабамыз айтып кеткендей, білімді ұрпаққа қай кезде де жол ашық. Сонымен, бүгінгі білімділер сынға түсетін сайысымызды бастамас бұрын сайысқа қатысушы топтарымызбен таныс болыңыздар: 1-топ "Фауна" тобы; 2-топ "Флора" тобы.

Сайыс кезеңдері:
І. Кім жылдам?

ІІ. Терминологиялық сөздік

ІІІ. Ең, ең, ең...

ІV. Аңыздар

V. Ғажайып ғылымдар

VІ. Ұлы есімдер

VІІ. Ұтқыр ой (Егер мен ...)

Барлық кезеңдерде де берген әрбір дұрыс жауаптары үшін топтар 10 ұпайдан еншілейді.

І-кезең "Кім жылдам?" (Бұл кезеңде екі топқа ортақ 10 сұрақ қойылады. Қай топ алдарындағы қызыл түсті белгіні бірінші көтерсе, сол топ сұраққа бірінші жауап береді. Берген жауаптары қате болса, жауап беру мүмкіндігін екінші топ ала алады).

1. Биология қандай ғылым?

2. Неше қан тобы бар?

3. Организмдердің тіршілік орталарын ата.

4. Ересек адамның қаңқасында қанша сүйек бар?

5. Организмде витамин жетіспеушілігін қалай атайды?

6. Даун ауруының пайда болу себебі.

7. Органикалық дүниенің даму тарихында “бауырымен жорғалаушылардың ғасыры” деп аталған заман.

8. Организмнің барлық гендерінің жиынтығы қалай аталады?

9. Организмдегі ең үлкен без.

10. Қазақстанның бірінші және екінші “Қызыл Кітабы” қай жылдары жарық көрді?

ІІ-кезең "Терминологиялық сөздік"(Бұл кезеңде екі топқа екі конверт беріледі. Конверт ішінде үш термин сөз берілген. Топ мүшелері сол терминдерге анықтама берулері керек).

  • Прокариоттар

  • Эукариоттар

  • Эктопаразиттер

  • Эндопаразиттер

  • Мутуализм

  • Зоохория

Прокариоттар - жасушасында оқшауланған ядросы жоқ организмдер (бактериялар, цианобактериялар)

Эукариоттар - жасушасында оқшауланған ядросы бар организмдер

Эктопаразиттер - организмнің сыртқы паразиттері

Эндопаразиттер - организмнің ішкі паразиттері

Мутуализм - әртүрлі қорек деңгейіндегі организмдер арасындағы өзара тиімді қатынастар

Зоохория - жануарлар арқылы өсімдіктердің тұқымының, жеміс-жидегі мен спораларының таралуы

ІІІ - кезең "Ең, ең, ең..." (Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақтан қойылады).

"Фауна" тобының сұрақтары:

  • Ең жүйрік сүтқоректі (Гепард)

  • Ең кішкентай құс (Калибри)

  • Ең ірі гүл (Арнальди Рафлезия)

  • Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)

  • Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі (Морж)

  • Ең ірі құс (Түйеқұс)

  • Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі (Піл)

"Флора" тобының сұрақтары:

  • Ең ұзын жануар (Керік)

  • Ең ірі су жануары (Кит)

  • Ең жылдам өсетін өсімдік (Бамбук)

  • Ең қырағы құс (Бүркіт)

  • Ең жуан ағаш (Баобаб)

  • Ең улы жылан (Патша кобрасы)

  • Ең жылдам ұшатын жәндік (Инелік)

ІV-кезең "Аңыздар" (Бұл кезеңде екі топқа екі аңыздан үзінді оқылады. Аңыз бойынша қойылған екі сұраққа топтар кезегімен жауап береді).

"Фауна" тобына:

Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бері Гүл Үміт символы болып саналған.

Сұрақ: Дара жарнақтылар класына жататын, эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдікті ата.

Жауап: Бәйшешек

"Флора" тобына:

Бұл өсімдік “1000 аурудың емі” деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген.Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз “пәле жаладан сақтасын” деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды.

Сұрақ: Бұл қандай өсімдік?

Жауап: Адыраспан

V-кезең "Ғажайып ғылымдар" (Бұл кезеңде екі топқа ғылым атаулары жазылған екі кесте беріледі. Топ мүшелері ғылым атауларының турасына сол ғылымның зерттеу объектісін жазулары тиіс).

Ғылым атаулары

Зерттеу объектілері

Ботаника

Өсімдіктер

Зоология

Жануарлар

Микология

Саңырауқұлақтар

Цитология

Жасуша құрылысы

Ихтиология

Балықтар

Орнитология

Құстар


VІ-кезең "Ұлы есімдер" (Бұл кезеңде екі топқа екі биолог ғалымдардың портреттері беріледі. Әр топ өздеріне берілген ғалымның аты-жөнін атауы тиіс).

"Фауна" тобының жауабы В.И.Вернадский

"Флора" тобының жауабы В.Н.Сукачев

VІІ-кезең "Ұтқыр ой" (егер мен ...) (Бұл соңғы кезеңде екі топ "Егер мен туризм және спорт министрі болсам..." және "Егер мен әкім болсам..." деген тақырыпта өз ойларымен бөліседі).

Сайыс соңында топтардың жинаған ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ марапатталады.










Ырғыз орыс орта мектебі











(сыныптан тыс шара)





Сынып: 9 қ.

Өткізген: Айдарова А.Т.

(биология пәні мұғалімі)











2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Внеклассное мероприятие на тему: "Жас биолог-2015"

Автор: Айдарова Айсулу Тельмановна

Дата: 16.06.2015

Номер свидетельства: 219903


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства