kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы " Ж?йке ж?йесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология. 8 сынып. Биология  п?ніні?  м??алімі  Шамшаева  Гулзине  Казбековна.  

                                 «М.?уезов  атында?ы  орта  мектебі» кмм.

                                                                                                      Алматы  облысы

                                                                                                      ?арасай  ауданы

                                                                                                      ?ш?о?ыр  ауылы

Саба?ты? та?ырыбы: Ж?йке ж?йесіні? ма?ызы, оны? ??рылысы ж?не ?ызметі. Саба?ты? ма?саты:

1.Ж?йке ж?йесіні? ма?ызын, ??рылысы ж?не ?ызметі туралы о?ушыларда т?сінік ?алыптастыру.

2. Рефлекс  ж?не  рефлекстік  до?а  туралы  т?сіндіре  отырып, ойлау  ?абілетін  дамыту.

3. О?ушыларды? ?з пікірін білуге, ?згені? ойын ты?дау?а, жауапкершілікпен  ж?мысты  орындау?а  баулу.

Саба?ты? т?рі: жа?а  саба?ты  ме?герту.

Саба?ты? ?дісі:  Баяндау, с?ра?-жауап, ой ?оз?ау, к?рнекілік.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті  та?та, тірек-сызбалар, слайд, резе?ке  бал?а,

                                         орынды?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы " Ж?йке ж?йесі"»

Биология. 8 сынып. Биология пәнінің мұғалімі Шамшаева Гулзине Казбековна.

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» кмм.

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Үшқоңыр ауылы

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Сабақтың мақсаты:

1.Жүйке жүйесінің маңызын, құрылысы және қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру.

2. Рефлекс және рефлекстік доға туралы түсіндіре отырып, ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың өз пікірін білуге, өзгенің ойын тыңдауға, жауапкершілікпен жұмысты орындауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызбалар, слайд, резеңке балға,

орындық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен амандасу;

ә)Кезекшінің көмегімен жоқ оқушыларды журналға белгілеу;

б)Сынып тазалығына назар аудару;

д)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Үнтаспадан әуен қосылады. Балалар қане бүгінгі сабағымызға орай ойланып көрейікші.

  • Адам кез-келген жұмысты орындар алдында ойға беріледі. Ойлау арқылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде қажетті жағдайлар жан-жақты талданып, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады.

  • Бүгінгі жаңа тақырыпқа орай ойларын нелер түсті.

/Оқушылар өз ойларын айтады/

  •  Балалар біз ойланып, өткенді еске түсірдік.

  • Ал ойлау мидың күрделі қызметі арқылы жүзеге асады.

ІІІ.Ой шақыру.

Жүйке жүйесі деген не?

/Оқушылар «жүйке жүйесі» туралы не білетіндерін айтады/

IV.Жаңа сабақ.

Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары — нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау, беру жөне сақтау қызметін атқарады. Жүйке жасушалары дене, өсінді және жүйке ұштарынан тұрады. Денелері түрлі пішінді, ал өсінділері түрліше ұзындықта болады. Қысқа өсінділері— дендриттер, ұзындары — аксондар деп аталады. Нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің топтасуыми мен жұлынның сұр затын құрайды. Ал май қабығымен қапталған ұзын өсінділер ақ затты түзеді. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын — рецепторларды құрайды. Нейрондар:сезімтал (орталыққа тепкіш), қимыл- қозгалыс (орталықтан тепкіш) және аралық болып бөлінеді.

Нейрон импульстерді қысқа өсінділер арқылы алады да, сигналды жүйке талшықтарын түзетін ұзын өсінділермен береді. Сезімтал талшықтардың бойымен импульс орталық жүйке жүйесіне беріледі, ал козғалғыш нейрон талшықтарының бойымен керісінше орталык жүйке жүйесінен бұлшық ет синапсы — қозғалғыш талшықтың бұлшық етпен түйісуі арқылы жұмыс мүшесіне беріледі.

Жүйке жасушаларының қыска өсінділері қосылып жүйке синапсын түзеді. Қозғалтқыш нейрон талшықтары безге баратын жерде безді синапс түзіледі.

Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар — медиатор көмегімен іске асырылады. Жүйке талшықтары бойынша 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдьқпен таралатын жүйке импульстері — әлсіз биоэлектрлік ток.

Синапстардын бірі — қоздырушы, ал басқалары — тежеуші.


Жүйке жүйесінің маңызы:

1.Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді.

2.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады.

3.Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.


Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондап 3 топқа бөлінеді





Сезімтал Қозғалтқыш Аралық


Рефлекс және рефлекс доғасы. Организм әртүрлі тітіркендіргіштерге үнемі жауап қайтарады. Организмнің тітіркендіргішке жауап реакциясы рефлекс (лат. reflexus — кері бұрылған) деп аталады. Рефлекс дегеніміз— орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге организмнің жауап реакциясы. Рефлекс рефлекс догасы арқылы іске асырылады. Ал рефлекс доғасы — жүйке импульсі өтетін жол. Рефлекс доғасын рецепторлар — тітіркенуді кабылдайтын жүйке ұштарынан, импульсті орталык жүйке жүйесіне өткізетін сезімтал жүйке талшықтарынан, түскен ақпарат талданатын орталык жүйке жуйесінің бөлігінен, жұмыс мүшесіне (бұлшык етке) синапс арқылы импульсті беретін қозғалтқыш жүйке талшықтарынан тұрады. Осыған жауап ретінде бүлшық ет жиырылады.


Мидан келетін талшықтар

Жұлын

Аткарушы нейрондар




Аяқтың бастапкы калпы





Тізе рефлексі кезіндегі аяқтың қалпы


Ең қарапайым рефлекс- тізе рефлексі. Рефлекс доғасының көбісінің құрылысы күрделі. Олар- сезімтал, бір немесе бірнеше аралық және атқарушы нейрондар тізбегінен түзілген. Ыстық затқа жанасу ауыру сезімін туғызады да, адам қолын тартып алады. Бұл бүгу (иілу) рефлексіне байланысты. Осы кезде ауыру сигналдары жұлынға жетіп, аралық нейрондарға беріледі. Олар қол бұлшық еттеріне нұсқау беретін атқарушы нейрондарды қоздырады. Бүлшықет жиырылады да, қол бүгіледі.

Рефлекс доғасының бір бөлігі орталық жүйке жүйесінің белгілі бөлігінде орналасады да, аралық және атқарушы нейрондардан тұрады. Бұл — осы рефлекстін жүйке орталығы. Жүйке орталыгы — белгілі бір рефлекс әрекетін (акт) орындауға қатысуға, яғни қандай да бір мүшенің немесе мүшелер жүйесінің іс-әрекетін басқаруға арналған нейрондардың бірігуі.

Жүйке жүйесі




Орталық Шеткі



Ми, жұлын Жүйкелер, жүйке түйіндері мен жүйке ұштары


Тапсырма №1

Биологиялық диктант.

1.Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары — ,,,,,,,,,,,,түзеді. (нейрондар)

2.Жүйке жасушалары ,,,,,,,,,,, тұрады.(дене, өсінді және жүйке ұштарынан)

3.Қысқа өсінділері.......... , ұзындары .......... деп аталады.(дендриттер,аксондар)

4.Нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің топтасуыми мен жұлынның ........құрайды.(сұр затын)

5.Май қабығымен қапталған ұзын өсінділер .......түзеді. (ақ затты)

6.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын — .......... құрайды. (рецепторларды)

7.Жүйке жасушаларының қыска өсінділері қосылып, .........түзеді. (жүйке синапсын)

8. .........— орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіпітерге организмніңжауап реакциясы.(рефлекс)

9. .......— жүйке импульсі өтетін жол.(рефлекс доғасы)

Қосымша сөздер:Рефлекс, нейрондар,дендриттер , аксондар , дене, өсінді және жүйке ұштарынан, сұр затын, ақ затты, рецепторларды, жүйке синапсын, рефлекс доғасы.


Тапсырма №2

№2 зертханалық жұмыс. Тізе рефлексін зерттеу.


V.Бекіту .

*Жүйке жасушасы тұрады (нейрон денесі,аксон,дендрит)

*Жүйке импульстері (әлсіз биоэлекторлық ток )

*Нейрон (жүйке жасушалары )

*Адамның саналы мінез-құлқы,ойлау мен сөйлеуі неге байланысты (жүйке жүйесі)

* Рефлекс (Орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын,сыртқы

немесе ішкі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы )

*Рецептор (тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштары)

*Нейрон денелерін не құрайды (жұлынның сұр заты)

*Синапс арқылы берілетін сигнал ненің көмегімен іске асырылады (медиатор)

*Рефлекс доғасы (жүйке импульсі өтетін жол)

*Қозғалғыш талшықтарының түйсінуі (бұлшық ет синапсы)

*Импульсті орталық жүйке жүйесіне өткізеді (сезімтал жүйке талшықтары)


VI. Қорытынды /Оқушылардың білімін бағалау)

VII.Үйге тапсырма. Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы " Ж?йке ж?йесі"

Автор: Шамшаева Гулзине ?азбек?ызы

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297236


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства