Мен мектеп мұғалімі ретінде бала болашағына қатты алаңдаймын. Себебі қазір баланы қызықтыратын жаман нәрселер өте көп. Соның бір басты дерті - нашақорлық. Біз кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің ұрпақтары емеспіз бе? Мұндай жат қылықтарға неге барамыз? Олардың үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген зиянды заттар біздің еліміздің жастарын неге бүлдіріп жатыр? Әлде мұның бәрі еліктеушілік пе? Зерттеулерге сүйенсек, есіріткіге қызығатындар негізінен жасөспірімдер мен жастар екен. Өйткені, жасөспірімдердің бойлары тез қабылдағыш келеді.
