kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кешенді т?рбиені? басым ба?ыттары

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Бала т?рбиесі ?ашанда ?зектілігімен ?о?амны? басты міндеті болып санал?ан.  Жалпы орта білім беретін мектептерде кешенді т?рбиені?                              12 ба?ыты бойынша т?рбие процесі ж?ргізіліп келеді. ?ай ба?ыты болмасын о?ушыны? жан-жа?ты кемел азамат болып жетілуі ?шін ?ажет-а?. Осы ба?ыттарды? ішінен б?кіл ?лемді тол?андырып ж?рген экологиялы? ба?ыт. Бізді ?орша?ан ортаны ?ор?ау, ана таби?атымызды аялау сынды ?асиеттерді ме?герту міндетіміз. Е? бірінші о?ушылар?а е?бекке, эстетикалы? тал?ампазды??а, жанашырлы??а баулу?а ба?ыттал?ан.

          2007 жыл бой к?терген Манашы орта мектебі де ?ажырлы е?бегімен к?зге т?сті.   Мектеп ауласында ?ш мы?нан астам т?рлі а?аштар жай?алып ?сіп т?р. А?аштарды к?тіп баптауда сенбіліктер ?йымдастырылып, о?ушылар ?ол?абыс к?рсетіп отырады. ?здері отыр?ыз?ан к?шеттерді?  тамыры тере?ге жайып ?лкен а?аш?а айнал?анын к?ріп масаттанып ?ояды. К?нделікті  саба? барысында а?аштарды? ?сіп жетілуі, олар?а ?ажетті д?румендер беру, арамш?птерден тазарту сынды ж?мыстарды іс ж?зінде жасап к?реді. Мектеп ішін г?лдендіру ж?мыстары бірнеше жылдардан бері биология п?ніні? м??алімдері мен ба?бан а?айлары арнайы кесте бойынша о?ушылармен ж?мыс ж?ргізсе,  экология ба?ытында?ы ?йірмелер ар?ылы о?ушылар жан-жануарлар мен жергілікті жерге бейімделген ?сімдіктерді? ?сіп жетілуі туралы м?ліметтер алып ?ана ?оймай, ?ылыми ізденістермен де айналысып жатыр. Атап айтар болса?,  Мырзатаев Н?рбекті? «Адыраспанны? емдік ?асиеті» та?ырыбында?ы  ?ылыми жобасы облысты? кезе?нен І орынды иеленіп, республикалы?  де?гейде ?ылыми жобалар сайысына ?атысып келді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кешенді т?рбиені? басым ба?ыттары »



Кешенді тәрбиенің басым бағыттары

Бала тәрбиесі қашанда өзектілігімен қоғамның басты міндеті болып саналған. Жалпы орта білім беретін мектептерде кешенді тәрбиенің 12 бағыты бойынша тәрбие процесі жүргізіліп келеді. Қай бағыты болмасын оқушының жан-жақты кемел азамат болып жетілуі үшін қажет-ақ. Осы бағыттардың ішінен бүкіл әлемді толғандырып жүрген экологиялық бағыт. Бізді қоршаған ортаны қорғау, ана табиғатымызды аялау сынды қасиеттерді меңгерту міндетіміз. Ең бірінші оқушыларға еңбекке, эстетикалық талғампаздыққа, жанашырлыққа баулуға бағытталған.

2007 жыл бой көтерген Манашы орта мектебі де қажырлы еңбегімен көзге түсті. Мектеп ауласында үш мыңнан астам түрлі ағаштар жайқалып өсіп тұр. Ағаштарды күтіп баптауда сенбіліктер ұйымдастырылып, оқушылар қолғабыс көрсетіп отырады. Өздері отырғызған көшеттердің тамыры тереңге жайып үлкен ағашқа айналғанын көріп масаттанып қояды. Күнделікті сабақ барысында ағаштардың өсіп жетілуі, оларға қажетті дәрумендер беру, арамшөптерден тазарту сынды жұмыстарды іс жүзінде жасап көреді. Мектеп ішін гүлдендіру жұмыстары бірнеше жылдардан бері биология пәнінің мұғалімдері мен бағбан ағайлары арнайы кесте бойынша оқушылармен жұмыс жүргізсе, экология бағытындағы үйірмелер арқылы оқушылар жан-жануарлар мен жергілікті жерге бейімделген өсімдіктердің өсіп жетілуі туралы мәліметтер алып қана қоймай, ғылыми ізденістермен де айналысып жатыр. Атап айтар болсақ, Мырзатаев Нұрбектің «Адыраспанның емдік қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жобасы облыстық кезеңнен І орынды иеленіп, республикалық деңгейде ғылыми жобалар сайысына қатысып келді. Жергілікті жеріміздің тылсым табиғатымен таныстыру арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оқушыларымыз «Манашы сайы», «Күйкен тұмсық», «Құланды сай» т.б. жерлерге саяхат жасап, бір жағынан тылсым табиғатпен танысса, екінші жағынан сол жердің өсімдігін, жан-жануарларын зерттейді.

Биылғы оқу жылында мектеп ұжымы «Облыстық табиғи ресурстарды қорғау және реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған облыс көлеміндегі жалпы орта білім беретін мектептер арасында өткізілген «Табиғатпен үндес мектеп» сайысына қатысты. Сайыс 2-бөлімнен 12 бағыт бойынша жүргізілді. 1-бөлімінде арнайы жасақталған комиссия құрамы мектепішілік жасалынған жұмыстармен танысты. Ал, 2-бөлімде комиссия құрамы сайысқа қатысушы мектепке барып, олардың жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеп, саралап қорытындысын шығарған болатын.



Оқушылар жетекшілерімен бірге біреулері балық өсірсе, енді бірі үй жануарларын баптап күтті. Кейбір оқушылар бөдене, тотықұс, көгершін сынды құстарды өсіріп, оларды көбейту жолдарымен айналысады. Табиғатпен үндесу біріншіден еңбекке баулыса, екіншіден олардың қабілеттерінің артуымен эстетикалық талғамын көтереді. Барлық сынып жетекшілері «Табиғат бұрышын» жасақтап, оған оқушыларының өздері жасаған бұйымдарын қояды. Технология пәнінің мұғалімі Р.Сиыкованың жетекшілігмен бір топ шебер қыздар тоқыма жіптерден әр түрлі жануарлар мен құстарды тоқысса, 6 «А» сынып оқушылары түрлі қағаз бұйымдарына жан бітіріп, жасанды орман көрмесін көрсетті. Мектеп бой көтерген күннен бастап мектептің сырты мен ішін гүлдендіру жұмыстары жалғасын тауып келеді. Бүгінгі таңда мектеп ауласында 3000 мыңнан астам жасыл желек болса, мектеп ішінде 1500- ден астам түрлі түсті бөлме гүлдерінің 136-ға тарта түрі өсіріледі. Бөлме гүлдері таза ауа таратса, олар оқушы мен мұғалімнің көңіл-күйіне оң әсер береді. Ең бастысы оқушылар мен ата-аналар ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Оқушылар сабақтан бос уақытының бір бөлігін тиімді пайдалана алады. Сайыс қорытындысында облыстан сынға түскен 12 мектептің ішінен суырылып шығып, жүлделі ІІ орынды иемденді. Мектеп ұжымы бұл жетістікпен тоқталып қалмай, республикалық сайыстарға қатысады деген сенімдеміз. Ғылым мен техниканың дамыған өркениетті ғасырда келер ұрпаққа ана табиғат пен адамзат арасындағы байланысты нығайтып, оны тиімді пайдалану жолдарын меңгеру керек-ақ. Бұл үшін сынып жетекшілері қолда бар мүмкіндіктерді орынды пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырып отыруға міндетті.

Бүгінгі мектеп оқушысына өнегелі тәрбие көрсету, туған жері мен ана табиғатын қастерлеу сынды асыл қасиеттерді ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып тәрбиенің басым бағыттарын басты назарда ұстаған жөн.







Манашы орта мектебінің директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Утебаев Сакен






















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кешенді т?рбиені? басым ба?ыттары

Автор: Утебаев Сакен Туремуратович

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 204939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства