kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?н ж?йесі. Планеталар: жер тобыны? планеталары ж?не алып планеталар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:    К?н ж?йесі. Планеталар: жер тобыны? планеталары ж?не алып планеталар.

Саба?ты? типі: жа?а та?ырыпты ме?герту

Саба?ты? т?рі:     «планетарий» саба?

Саба?ты? ?дісі: интерактивті, т?сіндірмелі-иллюстративтік, салыстыру, талдау, репродуктивті,  фронтальды с?рау, о?улы?пен ж?мыс, компьютермен ж?мыс.

Саба?ты? ?за?ты?ы: 45 мин

Саба?ты? к?рнектілігі: Электронды о?улы?, ?лестірмелі материал, бейнематериал, интернет ресурс- 3D бейне, компьютер

Саба?ты? ма?саты:  К?н ж?йесіні? ??рылысын, планеталар сипаттамаларын, жер тобыны? планеталары ж?не алып планеталар сипаттамалары мен ?асиеттерін ме?герту

Саба?тын т?рбиелік ма?саты: отанс?йгіштік, ??ыптылы? пен на?тылы??а, адамгершілікке, жауапкершілікке т?рбиелеу

Саба?тын дамытушылы? ма?саты: физикалы? ??былыстарды пайымдау ?абілетін, астрономия іліміне ?ызы?ушылы?ын арттыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту

П?н аралы? байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, ішкі аурулар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?н ж?йесі. Планеталар: жер тобыны? планеталары ж?не алып планеталар. »

Сабақтын жоспары №

/теориялық/


Тақырыбы: Күн жүйесі. Планеталар: жер тобының планеталары және алып планеталар.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың түрі: «планетарий» сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, түсіндірмелі-иллюстративтік, салыстыру, талдау, репродуктивті, фронтальды сұрау, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс.

Сабақтың ұзақтығы: 45 мин

Сабақтың көрнектілігі: Электронды оқулық, үлестірмелі материал, бейнематериал, интернет ресурс- 3D бейне, компьютер

Сабақтың мақсаты: Күн жүйесінің құрылысын, планеталар сипаттамаларын, жер тобының планеталары және алып планеталар сипаттамалары мен қасиеттерін меңгерту

Сабақтын тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштік, ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтын дамытушылық мақсаты: физикалық құбылыстарды пайымдау қабілетін, астрономия іліміне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Пән аралық байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, ішкі аурулар




Сабақтың хронокартасы


  1. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру /15 мин/

IV. Сабақтың пысықтау кезеңі /20 мин/

Фронтальды сұрақтар /7 мин/ ,

Планеталар есебі /3 мин/

Шығармашылық жұмыс /10/

V. Сабақты қорытындылау кезеңі: / 7мин/

Бағалау. / 5 мин/

Үйге тапсырма /2 мин/



Сабақтың құрылымы

«Планетарий» сабақ

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Планетарийден Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа аттану сәтін тамашалау

  • Күн жүйесін тамашалау

  1. Сабақтың пысықтау кезеңі

Ғарыш кеңістігінде алған мәліметтерді талдау

«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»

V. Сабақты қорытындылау кезеңі:

1. Бағалау. Ғарыш сапарынан естеліктер алу

2. Үй тапсырмасы.


Сабақтың барысы


І . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылар қатысы мен аудитория тазалығын тексеру тақтаға көрнекіліктерді іліп дайындау.

Мотивация

Пазлдар арқылы тапсырма беріледі. Жасырылған суретті анықтайды /Күн және планеталар/.

  • Студенттер бүгінгі сабағымызда Планетарийге барып, Күн жүйесіне саяхатқа шығамыз.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Нақты планетарийдегідей фонда музыка ойнатылады және диктор /оқытушы/ даусы естіледі. Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемесінің ұшу сәті. (бейнематериал).Бейнематериал арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру, меңгерту.

  1. Бейнематериал тамашалау

  2. Слайд арқылы түсіндіру

Планетарий өшіріліп көрген нәрселерімізді талдайық.

IV Сабақтың пысықтау кезеңі Күн жүйесінің 3D бейнесі арқылы, бақылау сұрақтары арқылы пысықтау, арқылы бекіту.

  • Планетарийден қандай әсер алдыңыздар? Енді алған әсерлеріміз бен жинаған мәліметтерімізді бөлісейік.

  1. Фронтальды -бақылау сұрақтарына жауап

  2. Күн жүйесінің 3D бейнесі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

  3. Күн жүйесінің 3D бейнесі бойынша планеталардың нақты мезгілдегі орналасуы мен қозғалысын тамашалау.

  4. «Ғарышкерлерге арналған тапсырма». Екі оқушыдан топтасып планеталардың макетін пайдаланып Күн жүйесін құрастыру, «Планеталар» лабиринтін бояу /Бағалау парағына бағалары қойылады + белгі/

V Сабақты қорытындылау кезеңі:

Бағалау. Пысықтау кезеңі бойынша жеке оқушылардың бағасын бағалау парағы бойынша қорытындылап, оқушыларға планеталардың қимасын естелік ретінде тарату. /планеталардың орналасу реті бойынша бағалау: Юпитер – 5, Марс – 4, Жер – 3/

Үйге тапсырма Күн жүйесі. Планеталар: жер тобының планеталары және алып планеталар тақырыбы.

  1. Күн жүйесіндегі планеталардың сипаттамасы бойынша тірек-сызба сызу, бейнелеу.

  2. Интернеттен планеталардың және Айдың адам ағзасына әсері туралы мәліметтер жинақтау
































Дәріс.

Оқыту модулі Ж2.

    1. Күн жүйесі. Планеталар: жер тобының планеталары және алып планеталар.


Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама. Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).

Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.

Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан денелері топтасқан – «Құс жолы» галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі.

Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И.Кант пен математик П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.

Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса жаңа жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге шашылып кетеді де жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады. Ондай жарылыс жақын жатқан газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін, соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты сияқты да центр қызып, жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді қоршаған планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір-біріне жабысуының нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып планеталар пайда болады.

Жер тобының планеталары. Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Меркурий. Меркурий – грек сауда құдайы. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы). . Меркурийдің беті Ай беті тәрізді кратерлерге толы.Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күнне ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтыруы –1m-ге тең .Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің диаметрі Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5,43 г/см3). Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие. Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде планетаның бетіне құлаған болуы керек. Меркурийдің жылы Жердің шамамен 6 айына тең. Ондағы температура +4300-тан -1800 қа дейін ауытқиды

Шолпан планетасы. Шолпан немесе Венера Махабат әйел құдайы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0,815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3,24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0,0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект» байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін қос тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды. 50-100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар, вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда , бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір тегістеу планета.

Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ.

Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.

Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.

Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы –230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі алда.

Алып планеталар. Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы азщ (ең аз Сатурнда – 0,7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір-біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.

Юпитер. Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті. Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық. Юпитер кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп шығаратын энергия. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін метанды сутектің өте аз айналуының нәтижесінде қуатты магнит өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай құбылыстары байқалады. Юпитердің үлкенқызыл дағы – өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен қызыл дақ осінен 6 күнде бір толық айналып шығады. Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді.

Сатурн. Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.

Уран. Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде елеулі ірі ақтты ядросы бар. Газ қабығының астында қалындығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, амиак және метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тғыыз мұхит орналасқан. Ондағы атмосфераның қысымы 200 мың жер атмоферасы қысымнан кем емес. Басқа алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен, гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның ту көгілдір, өйткені оның атмосферасының жоғарғы қабатында сутегі мен гелийдің түтіні бар. Уранның магнит өрісі жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік полюс географиялық полюстан шамалы 500 – қа ауытқыған. Уранда 9 сақина бар. Олар: тығыз, жіңішке, сатурынның сақина – карина мың есе жіңішке, түстері көмірдей қара.

Нептун. Күннен 4,5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл жерден 30 есе алыс деген сөз. Нептуннің өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ал газды алып пленталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы жер бетінен 900 есе Юпитерден 30 есе кем. Нептун

атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас екенін өлеулер көрсетті: 13% гелий, 85% сутегі және басқа заттар мен метанның қапасы бар. Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді. Планетаның өз өсінен шығысқа қарай айналуына қатысты алғанда атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады. Күн жүйесіндегі жерлердің күштісі Нептунда соғады, оның жылдамдылығы дыбыстың жылдамдығына жетеді.

Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

Күн жүйесіндегі денелердің адам ағзасына әсері.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады.




















1 кесте



Массасы

кг

Радиусы

км

Тығыздығы

Бетінің температурасы

Атмосфера құрамы

Жыл мезгілдері

Магнит өрісі

Күн

2·1013

696 000

2,07·10-7 г/см3

5780 К

70% Н2,

28% Не, 2% -т.б



_________

бар

Меркурий

3,3·1023

2439

5,43

-170+3500С

жоқ

жоқ

бар

Венера

4,87·1024

6051

5,25

+4800С

СО2, 3-5% N2, аз мөлшерде оттегі, су буы бар

жоқ

жоқ

Жер

5,98·1024

6378

5,52

-96+700С

О2, N2, СО2, су буы

бар

бар

Марс

6,418·1023

3394

3,94

-143+300С

СО2 95%

N22,7%

О2 0,13%

Аргон 1,6%

бар

бар

Юпитер


1,9

71474

1,33


140 К

(-1330С)

90% сутегі және 10% гелий метан іздерімен, сумен, аммиакпен

жоқ

бар

Сатурн

5,68·1026


60268

0,7

-1500 С

-1700 С

75 % сутегі 25 % гелий су ізімен, метан және аммиак ізімен, таспен.

жоқ

бар

Уран

8,683·1025


25559

1,29

60 К

(– 2130С)

83% сутегі, 15% гелий 2% метан

жоқ

бар

Нептун

1,0247·1026


24766

1,72

– 2200С( 53 К)

Азғантай мөлшерде метанмен сутегі және гелий

жоқ

бар














2 кесте


Планета атауы

Экваториальдық диаметр

Күннен орташа қашықтығы

Табиғи серіктері

Сидерлік периоды

Орташа тығыздығы

км

Жер диаметріндей

млн. км

а. б.

жыл

1000 кг/м3

Меркурий

4900

0,38

58

0,387

-

0,24

5,5

Венера

12100

0,95

108

0,723

-

0,61

5,2

Жер

12756

1,00

150

1,000

1

1,00

5,5

Марс

6800

0,53

228

1,524

2

1,88

3,9

Юпитер

142000

11,2

778

5,203

63

11,86

1,3

Сатурн

120000

9,5

1426

9,539

62

29,46

0,7

Уран

50000

3,9

2869

19,18

27

84,02

1,4

Нептун

50000

3,9

4496

30,06

13

164,8

1,6

Плутон

2800

0,2

5900

39,44

1

247,7

2,0


























«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№1

Лабиринт «Планеталар»


Марстың екі табиғи серігі бар: Деймос және Фобос

Күн жүйесі 4,5-5 млдр жыл бұрын пайда болды

Басы

Күн жүйесі: Күн және оны айнала қозғалатын аспан денелері

Меркурий – күннен ең алшақ орналасқан планета


жоқ

жоқ

ия





жоқ

ия

жоқ


ия

ия


ия

ия

Айда атмосфера жоқ

Меркурийде температура +400 0 С

Жер – Жер тобындағы ең кіші планета

Сатурнның 17 серігі бар


жоқ




ия


ия

ия

ия

жоқ



жоқ

Шолпанның өлшемі Жерден кіші

Жер тобындағы планеталар алып планеталардан үлкен

Планеталар екі топқа бөлінеді

Алып планеталар негізінен газдан тұрады


ия


жоқ




жоқ

ия

жоқ

жоқ

ия

ия



жоқ

жоқ

ия

Тек Жерде ғана тіршілік бар

Ай – Жердің жалғыз табиғи серігі

Марста мәңгілік салқындық

Шолпан атмосферасы көмірқышқыл газдан тұрады





ия

ия

жоқ

ия


жоқ

ия


Плутон – алып планеталар


Т

обына жатады

жоқ

Юпитер – Жер тобындағы планета

Жерден Айға дейін – 400 мың км

Соңы

Күннен Жерге дейін 150 млн км


ия

жоқ





«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№2

Күн жүйесі (Фигураларды орналастыру)

№1 кестені пайдаланып планеталарды Күннен өсу ретімен орналастыр:


«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№3

Күн жүйесі (Фигураларды орналастыру)

№1 кестені пайдаланып планеталарды массасының жеңілінен ауырына қарай орналастыр:


«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№4

Ай Жерден көп кіші Күннен өте кіші. Төмендегі дөңгелектердің қайсысы Күн, Жер және Ай













«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№5

Күн жүйесі (Фигураларды орналастыру)

№1 кестені пайдаланып планеталарды температурасы төменінен бастап орналастыр:



«Ғарышкерлерге арналған тапсырма»№6

Күн жүйесі (Фигураларды орналастыру)

№2 кестені пайдаланып планеталарды серіктерінің саны көбінен азына қарай орналастыр:


Фронтальды бақылау сұрақтары:


  1. Күн жүйесінде қанша планета бар?

  2. Күн жүйесіндегі планеталар қандай топтарға бөлінеді?

  3. Плутон неге ергежейлі планета болып саналады?

  4. Жер тобындағы планеталардың атмосферасы бар ма?

  5. Марс планетасының атауы қайдан шыққан?

  6. Рим құдайларының аты берілген планеталар?

  7. Грек құдайларының аты берілген планеталар?

  8. Айдың Жерді айнала қозғалысы адам ағзасына қалай әсер етеді?

  9. Планеталардың қазақша атаулары.




Фронтальды бақылау сұрақтарының жауптары:


  1. Күн жүйесінде 8 планета бар

  2. Жер тобындаығ планеталар және алып планеталар

  3. Плутон неге ергежейлі планета болып саналады?

  4. Жер тобындағы планеталарда Меркурийден басқасында атмосферасы бар.

  5. Марс Рим құдайы – соғыс құдайы

  6. Меркурий, Венера (Шолпан), Марс, Юпитер, Сатурн

  7. Уран, Нептун

  8. Тірі ағзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар.

  9. Болпан, Шолпан, Жер, Қызыл жұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Астрономия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
К?н ж?йесі. Планеталар: жер тобыны? планеталары ж?не алып планеталар.

Автор: Берсиева Мейрим Ерболысовна

Дата: 18.06.2015

Номер свидетельства: 220309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства