№ | Оқу іс-әрекетінің тақырыбы | Мақсаты | Қолданатын көрнекі кұралдар | Сағат саны |
1 | «Жемістер жыры» (өлең) | Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністін айырмашылығын білу. | Жемістердің суреттері, муляж, хрестоматия | 1 |
2 | «Алтын дән» (өлең) | Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру, оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету. | Хрестоматия, егін, комбайн суреттері | 1 |
3 | «Мен тәртіпті баламын»(өлең) | Кұрдастарымен өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікьі шешу тәсңлдерін таба білу қабілетін қалыптастыру. | Мазмұнды суреттері | 1 |
4 | «Әдептілік әлемі» (өлең) | Балаларды адамдардың арасындағы қарым – қатынас нормалары және қоғамдағы жүріс – тұрыс ережелерімен таныстыруды жалғастыру, сыпайлықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу. | Хрестоматия, суреттер | 1 |
5 | «Екі дос» (өлең) | Құрдастарымен қарым – қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және қарым – қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. | Хрестоматия, суреттер | 1 |
6 | «Әке мен бала» (әңгіме) | Әңгімені тыңдай білу дағдыларын дамыту. Үлкендерді тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | Хрестоматия, суреттер, үнтаспа | 1 |
7 | «Түлкі мен қоян» ертегі | Ертедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіре отырып, қимылдарын көрсете білуге баулу. | Атрибуттар, қоян мен түлкінің суреті, хрестоматия | 1 |
8 | «Қайырымдылық» | Адам жүріс – тұрысының ерекешеліктерін бағалауға үйренуді жалғастыру, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту. | Суреттер, хрестоматия | 1 |
9 | «Шырша» (өлең) | Өлеңді оқу, өлең мазмұнымен таныстыру, мәңгі жасыл шыршаның қысы – жазы бір түсте болатындығын айтып өту. Шырша туралы толық мағлумат беру, сөйлеу қабілеттерін дамыту. | Шырша суреті, қыс көрінісі, Жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер. | 1 |
10 | «Қыс» | Ақын туындыларына деген қызығушылықты қалыптастыруға баулу. Қалтырайды, ағарады, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану сөздік қорларын кеңейту. | Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, хрестоматия | 1 |
11 | «Торғай мен мысық» (өлең) | Өлеңді есте сақтауға, педагогтен кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғаның көркемдігін қалыптастыру. | хрестоматия | 1 |
12 | «Арыстан мен Тышқан» (латыш ертегісі) | «Арыстан мен Тышқан» ертегісін оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. | «Арыстан мен Тышқан» ертегісі кейіпкерлерінің бейнесі, үлгілер, суреттер, хрестоматия | 1 |
13 | «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі) | Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту. | Ермексаз, тақтайша, сүрткіш, қуыршақ, жасыл, қызыл, сары түсті алмалар, себет | 1 |
14 | «Наурыз мейрамы» (әңгімелеу) | Сурет арқылы Наурыз мейрамы туралы ұғынуға көмектесу, мейрам және тағы да басқа жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. | Хрестоматия, суреттер, атрибуттар | 1 |
15 | «Құмырсқа мен көгершін» (мысал) | Балалармен әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрысын талдау, құмырсқаның еңбекқорлығын, көгершінің бейбітшілік құы екенін түсіндіру, сөздік жұмысын жүргізу. | Суреттер, кейіпкерлердің атрибуттары | 1 |
16 | «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі) | Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрысына талдау жасауға, жан – жануарларға мейірімділік білдіруге, өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. | Атрибуттар, суреттер, хрестоматия, үнтаспа | 1 |
17 | «Айна» (ертегі) | Балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету. Сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу. | Ертегі желісі бойынша суреттер, қуыршақ театрының кейіпкерлері, әр балаға айна | 1 |
18 | «Жазда» өлең | Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жеміс - жидек туралы түсінік бере отырып, сөздік қорларын байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. | Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, хрестоматия, жемістер, көкөністердің суреті | 1 |
| Барлығы: 18 сағат | | | |