Сабақты өткізген күні: 24.02.2017 | Пәні:ағылшын тілі |
Сабақтың тақырыбы: | Extra exercises |
Ресурстар | Кілттік сөздер жазылған парақшалар |
Оқу мақсаты | Бөлім бойынша оқушылардың білімін пысықтау жаттығуларын жасату арқылы,қысқаша эссе жазу және тест арқылы білімін тексеріп,қатемен жұмыс жасау арқылы меңгерту, ақпараттар негізінде қорытынды жасай білу іскерліктерін қалыптастыру, өзіндік мысал келтірулеріне жағдай жасау, оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайта отырып, өзін-өзі ұйымдастыра білуге тәрбиелеу; |
Табыс критерилері | Қысқы және жазғы спорт түрлерін ажырата алу қабылеті Қысқаша эссе жаза алу іскерлігін арттыру Ой қорытынды жазу. |
Көрнекі құрал-жабдықтар: | СД диск,стикерлер,слайд(флипчарт)карточкалар |
Сабаққа бөлінген уақыт кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті. Тапсырмаларды сипаттау | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау тәсілдері |
3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен; Киіз үйдің ішіндегі спортқа байланысты түрлі түсті суреттердің біреуін алуға ұсыну арқылы топқа бөліну. 1.Climbing 2. Sailing 3. Scuba-diving. | “Сәлемдесу”ойыны. Оқушылар орнынан тұрып, бір- біріне қарап тұрып берілген белгімен амандасып қал- жағдай сұрасады. Спортқа байланысты жасырын тұрған суретті алып, топ атауы бойынша бөліну | Бас бармақ арқылы бағалау. |
8 минут | Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысын парталасымен дәптер алмасу арқылы бір-бірін тексеруге нұсқау беру. A) exercise 1 and 2, page 46 B) exercise 3 and 4, page 47 C) Exercise 2c , page 30 | Үй жұмысын парталасымен дәптер алмасып, жауап нұсқалары арқылы тексеріп шығу | Белгіленген критерийлер арқылы бағалау. |
5 минут | Жаңа сабақты түсіндіру. 8ші бөлім бойынша өтілген тақырыптар аясында оқушылардың білімін пысықтау жаттығулар арқылы алу; білімін Present perfect tense шағын жалпы қолданысы жайлы айтып ойын дәлелдеуга нұсқау беру. | Оқушылар аяқталған нәтижелі өткен шақпен жәй өткен шақтың айырмашылығын өткір ой, түйінді мысалдармен жалпы қолданысын айту. | “Смайлик” арқылы бағалау |
22 минут | Жаңа сабақты бекіту: Exercise 1 p.n 86 Choose the right words. Exercise 2 p.n 86 Put the words in the right order and make sentences. Exercise 3 p.n 86 Complete the conversations Exercise 4 p.n 86 Do a crossword | Нәтижелі өткен шақты еске түсіре отырып, көп нүктенің орнын лайықты сөзбен аяқтау. Сөздерді орын тәртібіне байланысты сөйлем құрастыру. Диалог тұрғыда сөйлемді мазмұнына қарай айту. Сөзжұмбақты түсіндірмесіне қарап табу, топ атауына байланысты монолог жасау | «Бағдаршам» түстері арқылы жұптар бірін-бірі бағалау Бағалау шкаласы арқылы бағалау |
2 минут | Үй тапсырмасын беру: Үй тапсырмасын беру, орындалу жолын түсіндіру, оқушыларға сабақты қорытындылау сұрақтарын беру, ой-пікірлерін сұрау. Retelling the text. Exercise 1,2,3 p.48 | Үй тапсырмасын мұқият түсініп алады. Сабаққа қатысты өз сұрақтарын қояды, өз ой – пікірін айтады. | |
3 минут | Қорытындылау. Сабақ барысында өтілген мәліметті қорытындылау, кері байланыс парақшасын ұсыну. | Кері байланыс парақшасына сабақ туралы пікірін жазып қалдыру. | |
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:______________ Қарымбаева Н.А.