Мектептің ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен өзара әрекеттестігі сапасы
Критерийлер
Базалық көрсеткіш
Ұпайлар
баға
Дескрипторлар
Мектептер ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықты оқу сапасын арттыруға тартады
0,5
4
2
Үлгілік.
3
1,5
Жақсы.
2
1
Жасартуды талап етуші. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықпен өзара әрекеттестік жоспар бойынша қарастырылғанымен, іс-шаралар толық іске асырылмайды. Себебі, жергілікті қоғамдастықтың мектептің оқу сапасын арттыру бойынша іс-шараларға қатысуы төмен деңгейде.
1
0,5
Төмен.
Ата-аналар балаларды тәрбиелеуге, олардың ынтасын арттыруға қатысуы
0,5
4
2
Үлгілік..
3
1,5
Жақсы. Мектепішілік іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысады. Оқушыларды марапаттауда мектеп және ата-аналардың ұйымдастыруымен белсенді оқушыларды марапаттау слеті өткізіледі. Мектеп жарғысымен және ішкі тәртібімен белгіленген қағидаларды орындауға ат салысады.
2
1
Жақсартуды талап етуші.
1
0,5
Төмен.
Ата-аналарды балалардың оқудағы жетістіктері жөнінде ақпараттандыру
1,5
4
6
Үлгілік.
3
4,5
Жақсы. Ақпараттандыру күнделікті сапалы жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданады және талқыланады. Қоғамдық тыңдаулар кезінде оқушылардың жетістіктері АКТ-ң көмегімен жүзеге асырылады. Мектептің кіре берісінде ұсыныстар мен шағымдарға арналған «Сенім жашігі» қойылған.
2
3
Жақсартуды талап етуші.
1
1,5
Төмен.
Ата-аналар комитетінің мектеп өміріне қатысуы
1
4
4
Үлгілік.
3
3
Жақсы. Ата-аналар комитеті құрылған. Іс-шаралар жоспарын құрастырғанда ұсынымдар береді. Мерзім сайын ата-аналар мен ұжымды демеушілік көмек туралы есептіліктен хабардар етеді. Мектептің дамуына үлесін қосады. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысады.
2
2
Жақсартуды талап етеді.
1
1
Төмен.
Барлық критерий бойынша жалпы бағасы – 10. Пайызы бойынша – 71%. Ұпайы – 3 (жақсы).
1. Мектептер ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықты оқу сапасын арттыруға тартады. Мектеп жергілікті қоғамдастықпен өзара әрекеттестік қарастырылған. Бірақ толығымен жүзеге асырылмайды. Ата-аналар мен қоғамдастықтың мектептің бастамасы бойынша оқу сапасын арттыру бойынша іс-шараларға қатысу деңгейі өз дәрежесінде емес.
2.Ата-аналар балаларды тәрбиелеуге, олардың ынтасын арттыруға қатысуына тоқталсақ, ата-аналар оқушылардың рухани және материалдық ынталандыру жүйесін әзірлеу мен жұмыс істеуіне жыл бойы қатысып отырды. Жыл бойы жағдайы төмен отбасыларына киім-кешек пен мектеп құралдары түрінде көмек көрсетті. Ата-аналардың көмегімен жаңа жыл мерекесіне 7 түрлі жануарлардың киімдері алынып, 20 оқушыға жаңа жылдық шырша мерекесінде сыйлықтар тапсырылды. Мектеп жарғысы және ішкі тәртіпті сақтауда да ата-аналардың көмегі зор. «Түнгі қаладағы бала» атты рейдке 9-11 сынып ата-аналары кезекшілік кестесіне енгізілген. Қазан айында өткізілген «Ашық есік» күні барысында ата-аналар кесте бойынша сабақтарға қатысты. Дегенмен де, бұл шараға қатысуда барлық ата-аналар белсенділік танытқан жоқ.
3. Ата-аналарды балалардың оқудағы жетістіктері жөнінде ақпараттандыру. Ата-аналарды оқушылардың оқудағы жетістіктерімен ақпараттандыру көбінесе күнделік арқылы жүзеге асырылады және ата-аналар жиналысында қаралады. Әр тоқсан сайын сыныптық ата-аналар жиналысында өткен тоқсанның нәтижесі талданып талқыланады. Мысалы, қоғамдық тыңдауда ата-аналарға мектепте жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие саласы бойынша іс-шаралар АКТ арқылы таныстырылып, талданады. Мектеп дәлізінде ұсыныстар мен шағымдарға арналған сенім жәшігі қойылған.
4. Ата-аналар комитетінің мектеп өміріне қатысуы.
2015 жылдың қазан айында өткен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл бойы өткен 2 жалпы мектепішілік және 5 сыныптық ата-аналар жиналысы, 2 қоғамдық тыңдау барысында оқушылардың білім алу ынтасын арттыруға ықпал ететін әңгімелер өткізіліп, мектепішілік іс-шараларға тартылып отырды. Дегенмен де, ата-аналар комитеті мектеп өміріне қатысқанымен, жоспарлы және жүйелі жұмысын қалыпқа келтіруді талап етеді. Ата-аналардың сыныптық жиналысқа қатысу мониторингісі
Оқушыларға қамқорлық таныту және қолдау
Критерийлер
Базалық көрсеткіш
Ұпайлар
баға
Дескрипторлар
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2
4
8
Үлгілік.
3
6
Жақсы. 16 бейнебақылау орнатылған. Оқу үдерісі кезінде күзет ұйымдастырылған. Мектеп бойынша мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс, мұғалімдердің, психологтың бірлескен жұмысы бар. Ұсынымдарға арналған жәшік қойылған.
2
4
Жақсартуды талап етуші.
1
2
Төмен.
Денсаулыққа қамқорлық таныту
1,5
4
6
Үлгілік.
3
4,5
Жақсы. Мектепте лицензияланған 1 медициналық кабинет және 1 стоматологиялық кабинеттері қызмет көрсетеді. Ыстық тамақтану ұйымдастырылған. Әлеуметтік әлсіз тобынан шыққан балалар үшін тегін ыстық тамақтану қарастырылған. Сабақ кестесіне жарық, жылу режимдеріне қойылатын санитарлық ереже талаптары сақталынады. Спортпен айналысуға үлкен үзілістер кезінде тынығуға жағдай жасалынған. Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2
3
Жақсартуды талап етуші.
1
1,5
Төмен.
Оқушылардың жеке дамуына ықпал етуші жағымды орта құру
1,5
4
6
Үлгілік
3
4,5
Жақсы. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша спорт секциялары мен үйірмелер жүргізіледі. Балалардың жеке дамуында шеттегі ұйымдармен ынтымақтастық орнатылған.
2
3
Жақсартуды талап етуші.
1
1,5
Төмен.
Мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту
1
4
4
Үлгілік.
3
3
Жақсы. Мектептік өзін-өзі басқару жүйесі әзірленді және бірқатар жылдар бойы қызмет етуде. Оқушылар мектеп өміріне белсенді қатысады. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым мектеп өміріндегі мәселелерді шешкенде үнемі балалар пікірін ескере бермейді. Мектептік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері дауыс беру арқылы тағайындалады.
2
2
Жақсартуды талап етуші.
1
1
Төмен.
Оқушыларды психологиялық және әлеуметтік қолдау
1
4
4
Үлгілік.
3
3
Жақсы. Ынтасы жоғары балаларды, сұраныстары ерекше балаларды, мәселелі оқушыларды уақытылы айқындау жұмыстары жүргізіледі. Түзетушілік және профилактикалық жұмыс жоспар бойынша ұйымдастырылған. Оқушылардың психологиялық дамуына жағдай жасалынған. Шешілмеген жанжалды жағдайлар жоқ.
2
2
Жақсартуды талап етуші.
1
1
Төмен.
Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылар тұлғасын дамыту
1
4
4
Үлгілік.
3
3
Жақсы. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралары жоспарда қарастырылған. Бұл іс-шаралардың барлығы мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып, оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар.
2
2
Жақсартуды талап етуші.
1
1
Төмен.
Мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысы
1
4
4
Үлгілік.
3
3
Жақсы.
2
2
Жақсартуды талап етуші. Мектепте баланың бейімділіктерін айқындау мен кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жоспары құрылған. Тұрақты негізінде оқу орындарымен, колледждермен кездесулер ұйымдастырылады. Ғылыми үйірмелер жұмысының болмауы. Кәсіп өкілдерімен кездесулерді және кәсіпорындарға шығуларды талап етеді.
1
1
Төмен.
Барлық критерий бойынша жалпы бағасы – 26. Пайызы бойынша – 76%. Ұпайы – 3 (жақсы).
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектептің мәселелі жерлеріне 16 бейнебақылау (мектептің сыртқы дәретханасына-1, котельнаяға-1, мектеп алдына-1, барлық дәліздерге-7, физика кабинеті-1, мультимедия кабинеті-1, мұғалімдер бөлмесі-1, миницентрде-1, асханада-1, гардеробта-1) орнатылған. Барлық бейнебақылау қалыпты жұмыс істейді. Мектеп директоры кабинетінде бақылау мониторы орнатылған, апта соңында мектеп директорының кабинетінде сараланады. Мысалы, қаңтар айында гардеробта бір оқушының сырт киімін табуға үлкен көмегі тисе, мектеп алдына қойып кеткен оқушының велосипедін айдап кеткен баланы оңай тауып алдық. Бейнебақылау қойылғалы бері сабақ уақытында мезгілсіз жүріс азайып, мектепішілік ішкі тәртібіне зор үлес қосты. Оқу үрдісі кезінде күзетті ұйымдастыру бойынша 3 күзетші жұмыс атқарады. Мектепке бөгде адамдар рұқсатсыз кірмеуіне жауап береді. Мектепке кіре беріс жерде тіркеу журналы жүргізіледі. Өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес 1 пожарный щит және 38 өртке қарсы кран, өрт қауіпсіздік дабылы барлық дәліздерде және мектеп жер қабатында орнатылған.
Денсаулыққа қамқорлық таныту бойынша мектепте қызметкерлер мен педагогтар және оқушылардың қатысуымен 2015-2016 оқу жылында 2 рет дабыл оқулары жүргізілді. Оқу барысында өрт немесе жер сілкінісі болған жағдайда оқушылар мен мектеп қызметкерлері бірінші әрекеттері туралы түсінік беріліп, іс жүзінде өткізілді. Сонымен қатар, жылдық жоспар бойынша 2 рет ауылдық аурухана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып және «Қауіпсіз дөңгелек-2016» байқауында оқушылар алғашқы көмек көрсетуден сынаққа қатысты.
Мектеп бойынша ыстық тамақпен барлық оқушы қамтылған. Тегін ыстық тамақпен жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен жетім, жартылай жетім, көп балалы, әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан 78 бала, арендатор есебінен 10 бала тегін тамақтандырылды.
Санитарлық ережелердің сабақ кестесіне жарық, жылу режимдеріне қойылатын талаптары сақталған. Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 12 спорттық секциялар жұмыс атқарылды. Мектепте оқу сабақтары 2 ауысымға ұйымдастырылған.
Оқушылардың жеке дамуына ықпал етуші жағымды орта құру:
Биылғы 2015-2016 оқу жылының басыннан барлығы 22 тақырыптық үйірме және 7 спорттық секциялар ұйымдастырылып, жүргізілді. Нәтижесі:
Таэквондодан – 5 оқушы облыстық, 5 оқушы қалалық турнирде, 3 оқушы республикалық мақтау қағазымен марапатталды. Баскетбол командасы аудандық баскетболдан 2- орын, облыстық жарыста 5- орын, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған» аудандық баскетболдан 1-орынды иеленіп келді. облыстық чемпионатта 4-орын, облыстық «Алтын доп» чемпионатында 3-орынға иеленді. Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде жеңіл атлетикадан жарыста «60м қашықтыққа жүгіруден» 2 оқушы 2-орын, 1 оқушы 1-орынға ие болып келді.
Мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту бағыты бойынша «Жас Ұлан» өзін – өзі басқару ұйымының 2015-2016 оқу жылына мүшелері тағайындалып, барлық мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып отырды. «Жас Ұлан» Өзін – өзі басқару ұйымы жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасап, мектеп оқушыларының белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Оқушылардың психологиялық әлеуметтік қолдау бойынша мектептеынтасы жоғары, сұраныстары ерекше, мәселелі оқушыларды айқындау жұмыстары жүргізілді. Түзетушілік және профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында 6 оқушының тәртібі дұрысталды. Айтарлықтай жанжалды жағдайлар болған жоқ. Мектептің психологиялық дамуы оң жолға қойылған. Дегенмен де, психологиялық ауытқушылығымен 12 оқушы бар. Олар ерекше назарға алынып, тұрақты түрде психологиялық жұмыстар атқарылуда.
Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылар тұлғасын дамыту бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік іс-шараларға «Дарын» - 5 оқушы, Зерде – 4 оқушы, Пони – 24 оқушы, Кенгуру – 25 оқушы, МАН – 4 оқушы, Бульдог – 55 оқушы, КИО – 19 оқушы, ДИК – 864 оқушы, мәдени-көпшілік «Бәрінен де сен сұлу» облыстық байқауда 1-орын, аудандық Жансүгіров оқулары 2 оқушы, 2-3 сыныптар арасында ұйымдастырылған сайыста 3г сынып оқушысы Мирамбек Жания «Кішкентай ханшайым» атанса, 3а сынып оқушысы Нұрымбет Әмір «Кішкентай ханзада» атағына ие болды. Мектепішілік «Жыл оқушысы-2016» интеллектуалдық марафонына мектептің белсенді, үздік оқушылары қатысып, нәтижесінде 11б сынып оқушысы Эсентураева Салтанат бас жүлдені жеңіп алды. Спорттық іс-шаралары таэквондодан – 5 оқушы облыстық, 5 оқушы қалалық турнирде, 3 оқушы республикалық мақтау қағазымен марапатталды. Баскетбол командасы аудандық баскетболдан 2- орын, облыстық жарыста 5- орын, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған» аудандық баскетболдан 1-орынды иеленіп келді. облыстық чемпионатта 4-орын, облыстық «Алтын доп» чемпионатында 3-орынға иеленді. Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде жеңіл атлетикадан жарыста «60м қашықтыққа жүгіруден» 2 оқушы 2-орын, 1 оқушы 1-орынға ие болып келді.
Мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысы: Баланың бейімділіктерін айқындау жұмысын көбінесе психолог мамандар мен мектеп әкімшілігі жүргізеді. Жоғары оқу орындарымен, колледждермен байланыс орнатылған. Атап, айтсақ осы оқу жылында Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл колледжінен, Алматы қаласындағы Аграрлық университетінен, ЦАУ және т.б. ЖОО-нан өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Осы оқу жылында жоспар бойынша 9-11 сыныптар арасында мамандық таңдауға байланысты кеңес беру мақсатында ауылдағы мекемелер Теміржол – Б.Тургембаев ЭЧ-19 басшысы, Б.Бахтияров – теміржол станциясының бастығы, аурухана – К.Кожантаева-педиатр, Ж.Наренбаева – медбике, АМЭС қызметкерлері – Қ.Джулаев – инженер қонаққа шақырылып, кездесу ұйымдастырылған. Дегенмен де, заманның талабына қарай оқушылар бұл ауыл мамандарының кәсібіне қызығушылық танытпайды. Оқушылар көбінесе жаңа технология мамандықтарын таңдағысы келеді. Алдағы уақытта осы мамандықтар бойынша кездесулер ұйымдастыру көзделіп отыр.