Просмотр содержимого документа
«открытый урок-"Our classroom" »
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Шиелі кенті, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүсүпхан Бақытгүл.
Unit 3. Lesson 3.
Сабақтың тақырыбы: Our classroom
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Our classroom» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a desk, a chair, a board) таныстыру. Зат есімнің көпше түрімен таныстыру. Сынып бөлмесінде орналасқан заттарды білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: оқу құралдарына және сыныптағы заттарға ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: ағылшын тілінде сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену; кестедегі ақпаратты тарату, бекіту.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, мектеп құрал-сайманы бейнеленген флэш-карталар, есепті қайталау үшін: алма салуға арналған ойығы бар 2 себет, 10 алмадан бейнеленген 2 топтама;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика (1-ден 10-ға дейін санау)
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning,
We are glad to see you!
How are you? (Cl.: Fine, thanks) Sit down, please.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысамыз және оқу құралдарын көпше түрде атап үйренеміз.
ІІІ. Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар, мен жақында зообақта болдым ондағы жануарлардың қалай дыбыстайтындары жөнінде сендерге әңгімелеп берсем деймін. Маған бәрінен бұрын ұнағаны кішкентай маймылдар [tʃi], [tʃi], [tʃi] деп дыбыстаса, ал ересек маймылдар: [tʃа], [tʃа], [tʃа] деп дыбыстайды.
Бір ерекше маймыл былай дыбыстады: [tᶴu], [tᶴu], [tᶴu]. Ал енді осы дыбыстар кездесетін ағылшын тіліндегі сөздерді атап көрелік. Listen and repeat after me: chair, children, teacher.
Өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік: book, a book, books, copy-book, a copy-book, copy-books; bag, a bag, bags; pencil case, a pencil case, pencil cases. Well done, children!
«Кім жылдамырақ» дидактикалық ойыны.
Балалар, 1-ден 10-ға дейін санаймыз. Алмаларды себетке жинап, оларды кері шығарамыз. Алманы жинағанда 1-ден 10-ға дейін, ал оларды шығарғанда 10-нан 1-ге дейін кері санаймыз. Алманы себетке кім жылдам жинап, жылдамырақ шығарса, сол жеңімпаз болады (тақтаға 2 себет ілінеді, оқушылар тапсырманы орындайды).
ІV. Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
жаттығу. Learn the new words.
Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттардың атауларын оқиды. Оқушылар тыңдап, мұғалімнің соңынан қайталайды).
It’s a desk. It’s a chair. It’s a board. (Қажет болған кезде мұғалім балалардың сөйлемдерді түсінген-түсінбегенін тексере алады. Мұғалім суретті көрсетіп, өзге затты атайды. Оқушылар жауап береді:Yes/No). Оқушылар оқулықтағы затты көрсетіп, бір-біріне заттардың атауларын айтады.
жаттығу. Look, find and say.
Суретке қарап, заттарды тауып, оларды атаңдар.
Жұптасып жұмыс істеу. Оқушылар затты тауып, бір-біріне сұрақ қояды: «What’s this?». Сұраққа жауап береді: «It’s a pen/pencil etc».
жаттығу. Listen, remember and say.
Балалар, суретке қараңдар. Мунидің бір қолында неше қалам бар?
(Cl.: One). Дұрыс, оne pen, ал Мунидің екінші қолында неше қалам бар?
(Cl.: Three). Дұрыс three pens. Балалfр мені тыңдап, айырмашылықты табыңдар. «Қалам – қаламдар, pen – pens, сызғыш – сызғыштар; ruler – rulers; өшіргіш – өшіргіштер, rubber – rubbers; кітап – кітаптар, book - _____» деп қай кезде айтамын? (Оқушылар сөзді айтып, зат есімнің көпше түрін жасау ережесін өздері тұжырымдайды).
Оқушылар, аудиожаттығу мәтінін тыңдап, әр суреттен кейін аударады:
Trask 23.
сурет. Оne pen - three pens.
сурет. Оne ruler -four rulers
Осыдан кейінгі 2 суретті балалар өз бетінше сипаттайды.
3 – сурет. One rubber – five rubbers
4 – сурет. One book – two books
Жұптасып жұмыс істеу.
Оқушы партадағы көршісіне қарындаштардың әртүрлі сандарын көрсетеді, ал көршісі оларды айтады.
Мысалы: Six pencils etc.
4- жаттығу. Listen to your teacher and point at the correct picture. Оқушылар сөйлемді тыңдап, оларға сәйкесін белгілейді және бейнеленген заттар мен олардың санын атайды.
Мұғалім:
1-сурет. Five pencils.
2-сурет. A bag.
3-сурет. Three copy-books.
4-сурет. A board.
5-сурет. A desk.
6-сурет. Two pencil cases.
Оқушылардың назарын «case – cases» сөзінің көпше түрінің дұрыс дыбысталуына аудару керек.
Сергіту сәті
Балалар жұптасып қол ұстасып тұрады, санап, жанына қарай бір қадам аттайды, «Бір, екі, үш аяқ ұшымен бас» әнін айтуға болады.
One, two, three on the tiptoes
One, two, three on the tiptoes
One, two, three turn around
Clap, clap, step aside.
Оқушылар бұл жаттығуды тақта алдында орындайды. Ол жерде бос орын жетіспеген жағдайда парта қатарларының арасындағы бос орынға тұрады. Жанына қарай бір қадам аттаудың орнына тізелерін бүгуіне болады.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу.
Play Bingo.
Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздер бейнеленген флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек-кезек 1 карточкадан шығарып, осы сөзді атайды (бірақ сыныпқа көрсетпейді). Қолында осы сөзді бейнелейтін сурет бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастаған бала «Bingo!» - деп айқайлайды. Мұғалім жаттығудың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер сөздердің барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз атанады.
2-жаттығу. Count and match
Оқушылар әр суретке бейнеленген зат санын белгілейтін санды таңдайды:
1-сурет. The bags. 3
2-сурет. Eight rubbers. 2
3-сурет. Two bags. 6
4-сурет. Six pencils. 8
5-сурет. Four books. 1
6-сурет. One desk. 4
V. Сабақты қорытындылау
- Бүгінге сабақтан не үйрендіңдер? Сабақтан кейін ата-аналарыңа жаңа сабақ туралы не айтар едіңдер? Оқушылар: бүгінгі сабақта жаңа сабақпен таныстық (оқушылар сөздерді атайды: a desk, a chair, a board). Заттарды санауды үйрендік. Қандай жаңалық аштыңдар? Оқушылар зат есімнің көпше түрін жасау ережесін тұжырымдайды.
- Дұрыс, ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрі s-тің көмегімен құралады. Well done! (Әр баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды).