Пәні: ағылшын тілі | Сынып: 3 «а» | Мерзімі: 14.04.17 |
Тақырыбы: My favourite season. (Менің сүйікті жыл мезгілім) |
Мақсаты | Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын орындата отырып, «Have got , has got » модальды етістіктерін ұғындыру. |
Күтілетін нәтиже: | Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын орындай отырып, жаңа сөздерді меңгереді. «Have got , has got » модальды етістіктері туралы ұғым қалыптасады. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | «Жадылық серуен» әдісі, рольдік ойындар, «Сәйкестендіру кестесі» әдісі, «Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар» стратегиясы, «Жақсы тілек», «Сымсыз телефон», «Мен қандаймын», «Есім туралы» |
Кіріктірілген модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйке оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық |
Кезең | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| 2 минут | Топқа бөлінуге нұсқау жасайды. | 3 топқа бөлінеді. (қима қағаздармен) | Ауызша мадақтама | Таратпа қағаздар |
Кіріспе бөлім | 5 минут | «Жадылық серуен» өткен тақырып бойынша кері байланыс жасайды. (стикерлерге қатысты). Интербелсенді тақтадан үй тапсырмасын жауабын көрсетіп, салыстырту. | Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді және кері байланыста түсінбеген сұрақтарына жауап алады. Интербелсенді тақтадан көрсетілген үй тапсырмасын өздерінің жазып келген үй тапсырмаларымен тексереді. | Бір-бірін критериалды бағалау. | А4 парағы, бағалау парақшасы. |
Жаңа сабақ | 10 минут | Жаңа сабақ бойынша оқушылар рольдік ойындар ойнату арқылы сабақтың тақырыбын ашқызады. | Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген мәтінді оқып, рольге бөлініп ойнау арқылы сабақтың тақырыбын ашады. | Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау | Интербелсенді тақта |
| 2 минут | Сергіту сәті «Жеміс-жидектермен,көкөністер».Мұғалім оқушыларды бір шеңберге тұрғызып бір-бірін жеміс-жидектерге ұқсатуға нұсқаулық жасайды | Оқушылар бір шеңберге тұрып бір-бірін жеміс- жидектермен,көкөністерге ұқсатады | Ауызша мадақтау | |
| 3 минут | «Жаңа ақпарат». Тақтада My favourite season. тақырыбы туралы түсіндіреді. | Оқушылар жаңа ақпаратты дәптерлеріне жазып алады | | Интербелсенді тақта,оқушы дәптері |
Жаңа сабақты қолдану | 10 минут | «Сәйкестендіру кестесі» бойынша топтық жұмыс жасатады. | Интербелсенді тақтадан көрсетілген суретті берілген атаулармен сәйкестендіреді. | Бір-бірін бағалау | Интербелсенді тақта |
| 6 минут | Оқулықпен жұмыс тапсырады. Сабақ кезеңінде. «Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері байланыс стикерін таратады. Толық ай – сабақты толық түсіндім; Жарты ай - мен жартылай түсіндім; - Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды. | Топтық жұмыс арқылы 6,10 жаттығуорындайды және жақсы түсінген оқушы топтастарының сұрақтарына жауап беріп, диалогтік оқыту іске асады. | «Ай» әдісі бойынша формативті бағалау | «Ай» парақшалары |
Қорытынды | 4 минут | «Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар» стратегиясы бойынша топта диалогтік оқытуды қолданады. | Толық ай көтерген оқушыларға сыныптағы оқушылар сұрақтар қояды, жауап береді. | «Ай» әдісі бойынша формативті бағалау | «Ай» парақшалары |
Бағалау Рефлексия | 4 минут | Бағалау кезеңін жариялайды. -әр дұрыс жауап берілген 1 жауап – 5 -кері байланыста өзінің пікірін дәлелдеу-5 -үй жұмысы үшін-5 -белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-5 -түйінді сұраққа жауап беру-5 -топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-5 Баллды бағаға ауыстыру: «5» - 50 «4» - 40-35 «3» - 30-25 «2» - 0-20 Үй тапсырмасын беру.13, 14 жаттығу Аралдар | Критерий арқылы өздерінің бағасын айтады. Табыс критерийлеріне назар аударады. | | Табыс критерийі,бағалау парақшасы |