Просмотр содержимого документа
«My favourite season»
рпСабақтың тақырыбы: School schedule.
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: «School schedule» тақырыбы бойынша оқушылардың лексикалық дағдысын, алғашқы оқып үйрену және бекіту; осы шағын тақырып бойынша жағдаяттық қарым-қатынас шеңберінде рецептивтік және репродуктивті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру; Present Simple шағындағы етістіктерді қолдану дағдыларын белсендіру; wr әріп тіркесін оқу дағдыларын, Mm әріпі бар сөздерді және оның транскрипциясын оқу дағдысын қалыптастыру ;
дамытушылық:оқыған лексиканы белсенді ету, сөздік қорды байту арқылы оқушылардың тілін дамыту; диалогтық сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; шет тілдік мәдениетке оң көзқарас қалыптастыру; сабақтағы өз іс-әрекетін өз бетімен бетімен бағалау білігін дамыту;
пәндік:бастапқы тыңдау және айту дағдыларына ие болу; «School schedule» тақырыбы бойынша сөздерді білу және қолдана алу, тұрақты сөз оралымдарын білу және сөйлегенде дұрыс қолдана алу, сабақтың белсенді лексикасын: оқу пәндерінің атауларын дұрыс жаза білу; wr әріп тіркесін оқу ережесін білу және оқи алу;
тұлғалық: оқылатын тілгеқызығушылық, өз мәдениеті мен шет тілдік мәдениетке, үлкендерге, құрдастарына құрмет таныту, жасы кішілерге қамқор болу; оқуға саналы көзқарасты қалыптастыру;
жүйелік-әрекеттік:сабақтың белсенді лексикасын берілген шағын тақырып шеңберіне тән жағдайларда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
-мұғалім үшін: CD ойнатқыш, көрнекі материалдар жиынтығының карточкалары;
-оқушылыр үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: қазақ/орыс тілдері (пәндердің атаулары, қарапайым лингвистикалық ұғымдар: дыбыс-әріп-әріп тіркесі).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті
T: Good morning, children!
Ch: Good morning, teacher!
T: I am glad to see you!
Ch: We are glad to see you too!
T: How are you today?
Ch: Fine, thanks. And you?
T: I am OK. Thank you.
Ch: Tell me please, what day is is it today?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
-Children, today we will learn what school subjects you have and how we name them in English. You already know days of the week, so we will learn to describe your school schedule.
Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар, әдеттегідей сабақты фонетикалық жаттығудан, яғни тілімізді жаттықтырудан бастайық. Мынау қандай әріп? (тақтада Mm әріпі мен [m] дыбысы). What letter is it? You are right, letter Mm. What sound is it? Yes, [m]. Listen and repeat after me: [m], [m], [m]. Let's say together: my, mother, a mother, my, my mother. My mother's name is Mary.
-Well done, children!
Жаңа білімді және әрекет ету тәсілдерін меңгеру.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Learn the new words.
-Балалар, сендер кейбір пәндердің атауларын өте тез жаттап аласыңдар, себебі олар өз ана тілдеріңдегі пән атауларына өте ұқсас. Мысалы, music деген сөз қай пәннің атауын білдіреді. Дұрыс, ол барлықтарың ұнататын «Музыка» пәне сәйкес келеді. Ал РЕ деген «Physical Education » деген сөздің қысқартылған атауыү Ол біздің «Дене тәрбиесі» пәнімізге сәйкес келеді.
«Card trick» дидактикалық ойыны.
2-жаттығу. Listen and read.
Мәтінді тыңдамас бұрын оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:
-Where is Alibek?
-Who is he talking to?
-What is the teacher showing to Alibek?
Оқушылар суретке сүйене отырып, мәтінді тыңдайды. Өз жауабын тексеру үшін , мәтіннің алдына қойылған сұрақтарға жауап табады. Қайта тыңдағаннан кейіноқып жаттығады. Тыңдалған және оқылған ақпараттың қалаай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы түснуге болады.
Track 26.
T: Good morning, children.
Show me your home work, please.
T: Alibek, where is your home work?
Alibek:Oh, no! My home work is at home.
T: But we always have English on Tuesday. Look, this is our schedule. On Tuesday we have English, Maths, Kazakh, Art and PE. Remember your schedule and do not forget your home work.
Мәтінді тыңдап және оқығаннан кейін түсінгендіктерін тексеру үшін қосымша сұрақтар қойыңыз; What school subjects does Alibek have on Tuesday? What other subjects do you have on Tuesday?
Бастапқы түсінікті тексеру.
3-жаттығу. Pair work. Open your schedule and answer.
Сабақтың белсенді лексикасын дамыту осы сабақтың мақсаты болып табылады. Оқушылар үлгіге сүйене отырып, бір-біріне сабақ кестесі туралы сұрақтар қойып, жұптасып жұмыс істейді.
4-жаттығу. Learn to read.
5-жаттығу.
-wr[r] әріп тіркесін оқу ережесін түсіндіріңіз. Оқушылар сөздердің оқылуын мұғалімнің артынан қайталайды.
Сергіту сәті.
(видеожазба)
Білімді және әрекет ету тәсілдерін бекіту.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу.Find the words.
Оқушылар суреттерге сүйене отырып оқу пәндерінің атауларын тауып, оларды қоршап сызуы және жазуы тиіс.
Оқушылар осы лексикалық топқа жатпайтын сөздерді сызып тастаулары тиіс. Оқушылардың өз таңдауларын түсіндіруді сұраңыз.
Monday week Sunday Friday
English Russian Kazakh pen
on in at Art
we my I he
night afternoon breakfast morning
3-жаттығу. Complete your schedule with these words: English, Russian, PE, Kazakh, Music, Art, Maths.
Оқушылар пәндердің атауларын олардың кестесіне сәйкес апта күндері бағанына жазуы тиіс.
4-жаттығу.Write when you have this subjects : : English, Russian, PE, Kazakh, Music, Art, Maths.
Белгіленген жерлерде оқушылар көрсетілген пәндердің (тек сабақта оқығандарын) өз сабақ кестесіне сәйкесін жазу тиіс. Оқушылар әр оқу пәніне бір сөйлем құрастырады.
Сабақты қорытындылау.
-Your work today was good. Let us open your books and look at the new words(Check yourself!) Do you remember these words? Can you translate them? Can you make your own sentences using them?