kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"My family"-открытый урок

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы:  1

Саба?ты? та?ырыбы:  Unit 2. Lesson1. My family.

Саба?ты? ма?саты:

«Мені? отбасым» та?ырыбы бойынша жа?а лексиканы ?йрету.This is… ??рылымын ма??лдау ж?не с?раулы нысандарды ?олдану; а?ылшын тіліні? [ð], [z] ерекше дыбыстарын д?рыс дыбыстау да?дысын ?алыптастыру. Ата-ана мен тума-туыс?андарды ??рметтеуге баулу.

К?тілетін н?тиже:                                                       

п?ндік: ?з отбасы мен тума туыс?андарын таныстыру да?дысын ?алыптастыру.

т?л?алы?: атата-анамен туыс?андарды ??рметтеуге баулу.

ж?йелік-?рекеттік: осы та?ырып бойынша о?ыл?ан лексикалы?-грамматикалы? материалды пайдалану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"My family"-открытый урок »

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Шиелі кенті, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүсүпхан Бақытгүл.

Күні: 18.10.2015

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson1. My family.

Сабақтың мақсаты:

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрету.This is… құрылымын мақұлдау және сұраулы нысандарды қолдану; ағылшын тілінің [ð], [z] ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру. Ата-ана мен тума-туысқандарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: өз отбасы мен тума туысқандарын таныстыру дағдысын қалыптастыру.

тұлғалық: атата-анамен туысқандарды құрметтеуге баулу.

жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: СД ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар, сурет, компьютер, оқулық.

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка(“My mother, my father, my sister, my brother”әнін орындау), сурет(жұмыс дәптерінде контурларды үстінен бастырып сызу).

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру сәті.

  • Good morning, children! Listen to me and say:

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I’m glad to see you!

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  • Біз өзіміз және достарымыз туралы айта білеміз. Солай емес пе? Бүгін біз ең жақын адамдар туралы айтып үйренеміз. Сендер үшін ен жақын адамдар кім? ( Ана,әке). Дұрыс.

III Тірек білімді белсендіру.Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Бұл Муни. Мунимен амандасыңдар.

  • Good morning, Moony.

  • Hello, children. How are you?

  • Moony – бүгін біз [ð], [z] дыбыстарын айтып жаттығамыз.Біз бұл дыбыстармен таныспыз. Ара ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? Ал шыбын ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? Listen and repeat: [ð]- [z], [ð]- [z], [ð]- [z].

IV Жаңа материалмен жұмыс.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Listen and learn.

Оқулықтағы суретке сүене отырып, жаңа лексиканы еңгізу. Оқушы балаларға таныс кеипкерд – Әлібекті көрсетеді. Ол өзінің отбасы туралы әнгімелеп береді

Track 13.

  • Hi, my name is Alibek. This is my family. This is my father, Marat. This is my mother, Gulmira. This is my brother, Olzhas and this is my sister, Aliya.

Дидактикалық ойын.

Мұғалім отбасы мүшелері бейнеленген карточкаларды көрсетеді, балалар оларды атайды (mother, father, sister, brother). Содан соң мұғалім карточканы корсетеді (mother), айтқанда “father”дейді. Балалар мұғалімді түзету керек.

2 жаттығү. Look and listen to Bota.

Track 14.

  • Hi, my name is Bota. This is my family. This is my father. This is my mother. This is my brother and this is my sister.

Мәтінді тыңдаған кезде оқушылар аты аталған Ботаның отбасының мушесін саусақтарымен көрсету керек. Тыңдағаннан кейін оқушыларға Ботаның отбасы туралы естерінде калғанын әңгімелеп беруді ұсынады.

3- жаттығу. Listen and sing.

Track 15.

My mother, my father, my sister, my brother.

My mother, my father, my sister, my brother.

This is my family, this is my family.

Оқушылар әнді тындайды. Оқушылар әнді орындай отырып, 1-жаттығу суретіндегі отбасы мүшелерінің әрқайсысын көрсетеді.

Сергіту сәті.

(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.)

Hands up,

Hands down

Hop, hop

Turn around

Bend left, bend right

Turn around and sit down.

4- жаттығу. Look and say.

Оқушылар ұсынылған суреттерге сәйкес қажетті отбасы мүшесін атап, сөйлемді аяқтауға тиіс. Мысалы: This is my mother.(1 сурет).

Соңғы сойлемде оқушылар family деген жалпы атауды қолдануы тиіс.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Trace and color. Then say: This is a father.

Оқушылар отбасы мүшелері беттерінің контурларын айналдыра сызып, оларды атайды.

Мысалы, This is a mother. (father, brother, sister).

V Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Осы сабақтан кейін ата-аналарыңа не жайында айтар едіңдер?

  • Бүгінгі сабақта ата-әжелер туралы әңгімелеуді үйрендік. Grandmother, grandfather сөздерін пайдаландық. Әлібек, Бота әне Мунидің отбасыларын сипаттадық.

Содан соң балаларға отбасы суреттерін тақтаға ілгізу керек

Ата-аналарға тапсырма. Келесі сабақта My family жобасын орындау үшін фотосуреттер дайындау. Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап, мадақтап отыру өте маңызды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"My family"-открытый урок

Автор: Ж?с?пхан Ба?ытг?л

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 206933


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства