Мақсат-«Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірбиесін тарату. Ел педагогтарының біліктілігін, әлемнің ең үздік тәжірбиелерін басшылыққа ала отырып арттыру бастамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011 жылы қолға алған болатын. Осы бағдарлама аясында 2012 жылдың қаңтарынан бастап, Педагогикалық шеберлік орталығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсат-«Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірбиесін тарату. Ел педагогтарының біліктілігін, әлемнің ең үздік тәжірбиелерін басшылыққа ала отырып арттыру бастамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011 жылы қолға алған болатын. Осы бағдарлама аясында 2012 жылдың қаңтарынан бастап, Педагогикалық шеберлік орталығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен оның аймақтың құрылымдық бөлімшелерінің, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» педагогикалық мамандар даярлауды жүзеге асыру нәтижесінде, біздің мектеп ішінде І, ІІ, ІІІ деңгейлі мұғалімдер тобы бірлесіп методикалық зерттеулер жүргізуде. Әдістемелік сабақтар саны көбейіп нәтижелі тәжірбиелер жүргізіліп, түбегейлі өзгертулер мен білім жаңғыртуларына бастама болып сабақты жаңа технология беру үрдісі жақсы жолға қойылған. Әрине сөзден нақтылыққа көшсем, мектебіміздің оқу ісі әдіскері: А Сарғожаеваның басшылығымен мынадай Lesson study» яғни мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі арқылы бірнеше мұғалімнің сабақтарына қатысып 7 модульді пайдалану әдіс-тәсілдерін жақсы меңгергендігін, кейбір кемшілік жерлерінде ұсыныс пікірлер беріп, тәжірбие алмасып, біліктілік арттыруымызға көптеген септігін тигізді. Lesson study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан қағидалар көп-ақ, десек те, мынадай көптеген үдерістің куәсі болдым.
Топ мүшелері арасында өзара келісім жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесі талқыланды
Талқыланғаннан кейін, түйінді идеялар
Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты әдебиеттерді зерделеп, жоспарлауды ортаға салып пікірлестік.
Lesson study мұғалімдерден құралған топ мүшелері мына мәселелерді топ қандай сынып, және қандай үш зертелетін оқушы назарға алынатынын, сондай-ақ сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешіп талқылап отырдық.
Жоспарда «зерттелетін оқушылардың» сабақта өтетін материалды игеруіне ерекше мән берілді. Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізсе, осы уақытта басқалары-зерттелетін үш оқушыны» басты назарға алып сабақты қадағалау қажет жерлерін белгілеп, түртіп алынып отырды. Зерттеу жұмысы оқушыларға білінбес үшін мұғалімдер бар оқушымен олардың пікірімен санасып, ұсыныстарын тыңдадық. Зерттеу парақшалары, бағалау критерий дайындалды. Зерттелген оқушылардың ішінде 8 «Ә» сынып оқушысы: Таджиев Бауыржан өте жақсы бағалау пікірі тобымен бірге сұрақтарды олық меңгере білдім. Білмеген жауаптарды топ оқушылары толықтырып отырды деп-өзінің көсбашылыққа лайықты екенін көрсетті
ІІ-ші зерттелген оқушы орта топ-Исамадин Жансерік. Бұл оқушыда талпыныс, қызығушылық артқандығы, өз пікірін айтып, ой бөлісуі байқалды. Өзіндік жұмыстарды жақсы нәтижелерге жетіп отырды. Маған беріліп зерттелген оқушы 8 «А» сынып оқушысы Қосымбай Нұрерсерік
І кезеңдк Нұрерсерік сұраққа жауапты қасындағы топ мүшелері серіктестері арқылы ғана жауап айта алатындай және мұғалімның сұрақ қоюы арқылы жауап бере алатындай болды.
ІІ кезеңде Топ мүшелері арасында біліндірмей, қасындағы оқушыға да сол типтес сұрақ беріліп, өзін-өзі кішкене алға тартып, жауаптарын ықшамдағандай болды.
ІІІ кезеңде дегенмен топ жұмысына белсендірек араласып, идея қоспаса да сурет салу, сызба жұмыстарын жасақтауға араласып, өзін-өзі бағалау нәтижесі нақты көрсете білді. Алғашқы сабақта жоғары бағаланған еді. Кейінгі сабақта бағалаудың критерийлерін бере білді, яғни Lesson study іске асыру барысында сыныптар да, топ оқушылар да, жекелеген оқушылар жүйелі талданып, нәтижесі көрсетіліп отырды.
Сонымен мектебімізде жүргізіліп отырған жаңғыртулар талабына сай және әлемдік озық тәжірбиелерді ескере отырып, түбегейлі жаңартуларды қолға алғанымызға қуаныштымын!