Пәні: ағылшын | Сыныбы: 6 «В» | Мерзімі: 20.10.2015 ж. | Пән мұғалімі: Әбжаппарова Ф.Т. |
Сабақ тақырыбы | Famous travellers |
Мақсаты | Белгілі саяхатшылар және қазақ саяхатшысы Шоқан Уәлиханов туралы білуі, түсінуі, айта алуы тиіс |
Оқыту нәтижесі | Белгілі саяхатшылар және қазақтың саяхатшысы Ш. Уәлиханов жайлы білетін болады. өз сыныптастарымен талқылайды, таным әрекеті процесінде қарым қатынас шеберлігін арттырады; тақырып бойынша рефлексия жасай біледі |
Оқыту әдісі | Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау,түсіндірмелі-көрнекілік әдісі, проблемалық-ізденушілік, өздік жұмыс (тесттік жұмыс), дедуктивті әдіс |
Дерек көздері | Оқулық |
Сабақтың типі | Аралас сабақ |
Көрнекілігі | Интербелсенді тақта, презентация, суреттер, үлестірме қағаздар |
Жоспар: I.Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг. Екі топқа бөліну II. Үй тапсырмасын тексеру. 17-жаттығу, 35-бет III. Жаңа сабақ. IV. Жаттығу орындау. 2,4-жаттығу, 36-бет; 5-7-жаттығу, 37-бет; 9,11-жаттығу, 38-бет. а) Сергіту сәті. V. Жеке жұмыс. Тест тапсырмасын орындау. VI. Сабақты бекіту. Рефлексия. VII. Үй тапсырмасы. 12,13-жаттығу, 39-бет. VIII. Бағалау. |
Сабақтың құрылымы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар | Жұмыс түрі Уақыт |
I. Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялық дайындық б) Фонетикалық жаттығу | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу. | Мұғаліммен амандасып болған соң, оқушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады және бір-біріне мақтау сөздерін айтады. Балалар қалаған түстерін алып тұра қалады. Дұрыс етістік және бұрыс етістік арқылы топқа бөлінеді. Мұғалімнен соң қайталап, жеке-жеке оқып шығады. | Етістіктер жазылған түрлі түсті қиынды қағаздар Интербелсенді тақтадан көрсетілген сөздер | Топқа бөліну 4 мин 1 мин |
II.Үй тапсырмасын тексеру | Интербелсендітақтада дұрыс жауаптары жазылып тұр,соны ашады | Топ болып өзара тексеріп,тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады. Оқушылар әр топтың жауаптарының дұрыстығын тексереді.Өз дәптерлеріне «+» немесе «-» қояды | Дәптерлеріне жазған жаттығу Интербелсендітақтаға жазылған жауап | Жұптық жұмыс 2 мин |
III. Жаңа сабақ | -Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың не жайында екенін білу үшін мына ребусты шешіп көрейік. - Қандай атақты саяхатшыларды білеміз? | Оқушылар ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар саяхатшылардың есімін айтады. | Қағазға түсірілген ребус | Топтық жұмыс 2 мин |
IV. Жаттығумен жұмыс Сергіту сәті Жаттығу орындау V. Өзіндік жұмыс | Ex.2 p. 36 Суретпен жұмыс Ex. 4 p. 36 текстпен жұмыс Ex. 5p. 37 сұрақ-жауап «Кезбе тілші» әдісі Ex. 6p. 37 сандар сөйлейді Ex. 7p. 37 нота арқылы Ex. 9p. 36 сиқырлы қобдиша Ex. 11p. 39 сәйкестендіру | Берілген суретпен саяхатшылардың есімдерін сәйкестендіреді Кітап бойынша текстті оқиды,тірек-сызба құрады н/е сурет салады Оқушылар көрсетілген видеодағы іс-қимылдарды бірге жасайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, сұрақ қояды. Қалған топ мүшелері қойылған сұраққа жауап береді. Берілген сандарды оқиғалармен сәйкестендіру Қалып қойған сөздерді ноталар арқылы шешіп, тиісті орнына қояды. Оқушылар қойылған жұмбақты шешу арқылы саяхатшының атын табады. Берілген сөздерді мағыналарымен сәйкестендіреді. Оқушылар берілген тест сұрақтарына тез арада жауап жазады. | кітап, саяхатшылардың суреттері Постер қорғайды Интербелсенді тақтадан көрсетілген видео Үлестірме қағаздары Кеспе қағаздары Нота суреттері Үлестірме қағаздары Үлестірме қағаздары Кеспе қағаздары Тест сұрақтары жазылған парақшалар | Топтық жұмыс 2 мин Топтық жұмыс 12 мин Топтық жұмыс 1 мин Топтық жұмыс 3мин Топтық жұмыс 4 мин Топтық жұмыс 5 мин Топтық жұмыс 3 мин Жеке жұмыс 3 мин |
VI. Үйге тапсырма беру | Интербелсенді тақтаның бетіне үй тапсырмасы жазылады | Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады | Оқулық бойынша Жаттығу 12,13 39-бет | 1 мин |
VII. Қорытынды. Рефлексия | Ал енді, балалар мына кәрзеңкеге бүгінгі сабақты түсінсек, ұнаған болса, гүлді саламыз, ал егер сабақты түсінбей қалсақ, ұнамаған болса, саңырауқұлақты салайық. | Оқушылар кәрзеңкеге гүлдер немесе саңырау құлақты салады. | Гүлдер мен саңырауқұлақтар | 1 мин |
VIII. Бағалау | Оқушылардың пікірін сұрай отырып, суммативті бағалау | Оқушылардың формативті бағалауы | Бағалау парағы | 1 мин |