Ұйымдастырушылық кезең | Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Жұмбақ шешіңдер: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр? Қар қайдан жауады? Қардың түсі қандай? Балалар ұлпалары әртүрлі болады. Кейбірі жалпақ, кейбірі ине пішіндес ұсақ, ірі болады. Күннің жылы, аяз болмаған кездерінде жапалақтап жауады. Ал суық, аязды күндерде қиыршық түрінде жауады. Аяз күндері аяқ астындағы қар сықырлайды. Ал сендер қандай қыстық ойындар білесіңдер? Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? Мына суреттерге қараңдаршы, кімдерді көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жүр? Қызықты сәт. Балалар біреу есікті тықылдатады. Кім екенін көрейікші. Аққала келеді. Ой, балалар бізге қонаққа кім келген? Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кіммін? Мен неден жасалғанмын? Менің түсім қандай? Сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме? Аққала: Балалар мен сендерге көрсететін қызық сиқырым бар. Көргілерің келе ме? Аққала басындағы шелегін алып, ішінен киімдердің суреттерін алып шығады. Тәрбиеші: балалар не деген әдемі көп суреттер. Аққала сіз біздің балаларға әдемі суреттер әкелген екенсіз. Аққала: Мен осы суреттермен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар? Енді Осы суреттегі киімдерді жылдың қай мезгілінде киеміз соған қарай топтаймыз. Д/о: « Киімдерді топтау» Сергіту сәті Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар атысып ойнасақ, Су болады қолғаптар. Аққала біздің балалар қазір сізге көп аққала жапсырып береді. Үлгі ретінде тақтаға бір аққаланың жапсырылу жолы көрсетіледі. Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды. | Қыс мезгілі. Суық, аяз болады.
Қар Қар басып тұр. Аспаннан жауады. Аппақ мамықтай.
Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз. Балаларды көріп тұрмыз. Ойнап жүр. Сәлеметсіз бе, Аққала! Аққаласыз. Аппақсыз.
Біз тебеміз сырғанақ, Таудан төмен сырғанап. Бір шанада екеуміз Құламайды екенбіз.
Әртүрлі киімдердің суреттерін көріп тұрмыз.
|
Рефлексивті түзетушілік | Дайын жұмыстарды Аққала мадақтайды, рахметін айтады. Қоштасып кетеді. Қорытынды: Біз бүгінгі оқу қызметінде не туралы өттік? Кім бізге қонаққа келді? Қандай жыл мезгілі туралы тақпақтар айттық? Барлығың оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. | Балалар сұрқтарға жауап береді. |