Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Оспанәлі Г.А.
География пәні мұғалімі: Қабышева Ж.С.
Сабақ өтілетін уақыты: 11.03.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: | Еуразияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да нысандарға саяхат. |
Мақсаты: | Еуразияның физикалық-географиялық орнын анықтау. |
Сабақтың міндеті: | Тақырыпты меңгере отырып, топпен жұмыс барысында өз ойларын еркін жеткізе алуға бағыттау.Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Ағылшын тілінен үстеулер мен көлік түрлерін қолдана отырып, «How do you get to school?» сұрағына жауап беруге үйрету. Оқушыларды шығармашылық ізденіске, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге, логикалық қорытынды жасай алуға дағдыландыру. |
Сабақтың түрі: | Кіріктірілген білімді алу және бекіту. |
Модульдер: | Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. АКТ. Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. Талантты және дарынды оқушымен жұмыс. Білім берудегі басшылық және көшбасшылық. |
Күтілетін нәтиже: | Сыни ойлауы дамиды; Үстеулер мен көлік түрлерін сөйлемде қолдана алады; Бұрыннан оқылған материктер негізінде материктің географиялық ерекшелігін көрсете алады; Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді. Топтық жұмыс жүргізу барысында әрбір оқушы өз білімін толықтырады; Бағалау дағдысы қалыптасады. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер. | «Ой генерациясы» Не? Қайда? Қашан?, Миға шабуыл, диалог, топтық жұмыс. |
Ресурстар | Ағылшын тілі кітабы. Ә.Аяпова, 2012., география оқулығы. Ә. Бейсенова, 2012., флипчарт, маркер |
Сабақ барысы: | |
Сабақтың кезеңдері | Жұмыс түрлері | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Топқа бөлу. (3мин.) | Сәлемдеседі. Балаларды түгендейді. Балалардың назарын сабаққа аударады. Психологиялық жағымды орта құрады Сабақтың жұмыс барысымен таныстырады. Бағалау парақшасын таратады. Топқа бөлінеді. | Сабаққа көңіл аударады. Жағымды эмоциясы қалыптасады. Мақсатқа жетудің жолдарымен танысады. |
Үй тапсырмасын тексеру | Жеке және фронтальды «Таудың ұшар басына шығу» ойын түріндегі интер-белсенді әдіс (5 мин) | Тапсырма беру арқылы үй тапсырмасын тексеріп алады. Тапсырманы түсіндіреді, бағыттайды. | Тапсырманы орындайды. Үстеулердің сөйлемдегі орнын, қызметін және мағынасын қайталап, бекітеді. Бағалау парақшасына белгілеп отырады. |
Жаңа сабақты түсіндіру | Миға шабуыл Сұрақ-жауап әдісі (жіңішкенден жуанға) Диалог әдісі Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс. «Ой генерациясы» Не? Қайда? Қашан? Интер-белсенді әдісі Тапсырма. Топтық жұмыс (28 мин.) | Интерактивті тақтадан слайдты көрсетеді, сұрақ қояды және сыни ойлауына бағыттайды.Сұрақ –жауап әдісі арқылы «How do you get to school?»сұрағына оқушының өзі жауап беруін бағыттайды. Өткен тақырыптарды еске түсіріп, материктің географиялық орнына сипаттама беруіне бағыттайды. Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр? Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасауға бағыттайды. Тапсырма береді. | Көлік түрлеріне сипаттама беріп, топтастырады. Сұрақтарға жауап береді. Әңгімелесу барысында үстеулерді, көлік түрлерін қолданады. Бағалау парақшасына белгілеп отырады Атлас пен оқулықты пайдаланып, материктің географиялық орнына жоспар бойынша сипаттама береді. Тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді, қағаз бетіне түсіреді және топ басшысы мен хатшы баяндайды |
Сергіту сәті 2 мин | Көңілді жаттығу. | Интер белсенді тақтадан бейнебаянды қойып, оқушыларды сергіту сәтіне шақырады. | Жаттығуды орындайды. |
Жаңа тақырыпты бекіту | Ойын арқылы. «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны 5 мин | «Түрлі-түсті теңіздер» ойыны. (Жауабын екі тілде айтып ол жерге немен баруға болатынын ағылшын тілінде айту.Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді) Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табыңдар. 1-топ. Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз? (Жауабы: Ақ теңіз) 2-топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз? (Жауабы: Қызыл теңіз) 3-топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?(Жауабы: Қара теңіз) 4-топ. Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз? (Жауабы: Сары теңіз) |
Бағалау | 2 мин | Бағалауға уақыт беру | Бағалау критерийі бойынша топ басшысы топ мүшелерін бағалайды |
Үй тапсырмасын беру | 1 мин. | Тақырыпты оқу. Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар арасында теңіз саяхатын жасаңдар. | Күнделікке жазып алады. |
Рефлексия | Көңіл күй рефлексиясы.1мин |
Ең жоғарғы балл – 5; Орташа – 4; Төмен – 3.
«5» бағасы - 25-30 балл аралығы; «4» бағасы - 15-24 балл аралығы; «3» бағасы - 5-14 балл аралығы.
Үй тапсырмасын сұрау.