Кіріспе 5 мин. 3мин. | «Шеңбердегі ән» Мақсат: жайлы көңіл-күй сыйлау. «Жеміс, көкөніс, сусын» Мақсат: топқа бөлу. «Алтын ереже» Мақсат: сабақ барысына ортақ ұстаным қалыптастыру. | Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, бір әнді бір-бір жолдан әр оқушылар кезектесіп шеңбер бойымен орындауды сұрау: Оқушыларға жеміс, көкөніс, сусын аттарын таратып беруарқылы төрт, бес оқушыдан тұратын 3 топқа бөлінулерін сұрау. Оқушыларға сабақ кезінде кездесетін кедергілерді анықтата отырып, ортақ ереже құруды ұсыну: -Айтыңыздаршы, сабақ барысында сіздерге не кедергі жасайды? | Оқушылар бір әнді бір-бір жолдан кезектесіп шеңбер бойымен орындайды Оқушыларды алған жеміс, көкөніс, сусын аттары арқылы төрт, бес оқушыдан тұратын 3 топқа бөлінеді. Сәйкесінше топтың аты «Жеміс», «Көкөніс», «Сусын» болады. Оқушылар өз ұсыныстарын білдіреді, бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарап ортақ шешімге келеді.«Топ ұстанымын» құрады | «Бас бармақ» «Шапалақ» «Жарайсыңдар!» | жеміс, көкөніс, сусын аттары, топ атаулары жазылған парақшалар, маркерлер |
Тұсаукесер 7 мин. 2 мин. | «Ой қозғау» Мақсат: берілген суреттердің ішіндегі қай зат саналатынын, қайсысы саналмайтынын ажыратып көру. «+, -, » Мақсат: кері байланыс орнату. | Интерактивті тақтада ұсынылған суреттерді саналатынын, саналмайтынын ажыратып көруді тапсыру. Оқушыларға кіріспе бөлім бойынша ауызша рефлексия жасату. | Оқушылар слайдты қарайды. слайдтағы ұсынылған суреттерді саналатынын, саналмайтынын ажыратып көреді, өз қатесін бірден тексереді 3 топ бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды | Тамаша! | Оқулық. Таныстырылым. |
Негізгі бөлім 20 мин. 2 мин | «Кесте» Мақсат: интерактивті тақтада ұсынылған кестені сыни тұрғыдан ойлана отырып толтыру арқылы сабақта АКТ-ні еркін пайдалануға дағдылану. «Қара жорға» Мақсат: бой сергіту. | - оқулықтағы 12 және 17В жаттығуларында берілген мәтін ішінен зат есімдерді тауып, кестеге орналастыру тапсыру. | Жұптаса, топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды.Табылған сөздерді шапшаңдықпен тақтаға бірінші болып жазуға тырысады. | Жапондық бағалау | Оқулық. Интерактивті тақта. |
3 мин. | «3 минуттық эссе» Мақсат: білімді жинақтап жазбаша ой түйіндеу | Оқушыларға бүгінгі өткен тақырыпты қорытынды жасау үшін қысқа эссе жазу ұсынып, 3 минут уақыт беру. | Оқушылар өткен тақырып бойынша әркім өз түсінгенін және сол білімнен өзіне түйгені туралы ойын жинақтап, эссе жазады. | | Сағат |
Қорытынды 3 мин. | «Чемодан, себет, еттартқыш» Мақсат: кері байланыс жасай отырып, өзін-өзі бағалау. | Топ басшысына «Критериалды бағалау»парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалауды және әр оқушыға кері байланыс жасау арқылы өзіне баға беруді ұсыну. | Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді және оқушылар сабақтан үйренгендерін стикерға жазып өзін – өзі бағалайды. | Критерий бойынша бағалау | "Критериалды бағалау" парақшасы Кері байланыс Стикерлер |