Просмотр содержимого документа
«Айбекова Гулнур Нурбергеновна»
Тақырыбы: «ABC +» зияткерлік ойыны Мақсаты: Оқушылардың үш тілде меңгерген білімдерін қорытып, іс жүзінде пайдалану дағдыларын жетілдіру, білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін арттырып, тіл байлығын молайтып, өз ойын еркін, нақты және жүйелі түрде жеткізу қабілетін дамыту. Міндеттері: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мүсіндер, суреттер. Тех.құрал: компьютер, проектор, жылжымалы экран. Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар Барысы: Кіріспе Сайыс барысымен таныстыру АВС + (3 тілде сөздерді әріптеп айту) Mega shop (Суреттерден аты аталған заттарды табу) Harry Porter (Сұрақтарға жауап, Ия/Жоқ) Постер Аукцион Қорытынды Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар, көрермендер, және ағылшын тілін үйренуе аянбай еңбек етіп жүрген сайысқа қатысушы оқушылар!!! Бүгінгі бастауыш апталығының төртінші күнінде өткелі жатқан «ABC+» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзді тілге тиек етіп, бүгінгі зияткерлік сайысымызды бастайық! Бүгінгі ойынымыздың Әділ қазы алқаларынмен таныса отырайық? Бастауыш пәні бірлестігі жетекшісі Дүйсембина Б.Ж Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тақырова А.М Сонымен қатар сайыс мына критерилер бойынша бағаланады: Сауаттылық, байқампаздық, білімділік, қатысым, тапқырлық, логикалық ойлану, жылдамдылық. Келесі кезекте ойынымыздың жоспарымен танысайық. Шартымен танысайық? Әділ ойнау! Шуламау! Не шуметь! Don’t noise! (артық сөйлемеу, кезектен тыс жауап бермеу) Қолымызды шынтақтан артық көтермеу! Егер ережелерді сақтамаған жағдайда ЖИНАҒАН ҰПАЙ САНЫ КЕМИДІ. Олай болса ойынымызды бастаймыз! Ойынымызға қатысушы оқушылар өздерін үш тілде таныстырып өтсе? My name is Меня зовут Менің атым Сонымен алғашқы кезеңіміз «ABC +» деп аталады. Бұл кезеңде біз оқушылармен әріптер қалашығына саяхат жасаймыз! Біздер ағылшын тіліндегі әріптердің барлығымен толық дерлік таныстық. Ендеше бұл кезең сол білімізді сынайтын кез келді. Бұл кезеңде сіздерге әріптер беріледі. Әріптерді алып, музыка ойнатылады барлығымыз жүріп билейміз, әуен тоқтаған кезде барлық оқушылар орын орын орыналасады. Кезең шарттарына түсінсек, сіздерге сәттілік тілей отырып, бастаймыз! Let’s start! Екінші кезең: «» деп аталады. Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтетін болсақ, сатушы мен сатып алушы ойынын ойнаймыз! Сіз өзіңізді Англияда саяхаттап жүрмін деп елестетіңіз. Сізге дүкеннен өзіңізге қажетті бірнеше зат сатып алу қажет. Ал, сатушы болса қазақша түсінбейді, тек ағылшын тілінде ғана түсінеді. Шарт бойынша қай топ дүкеннен көп зат алады, сол бойынша ұпай саны есептеледі. Бірінші топ: банан, сары қалам, қызыл алма, сүт, үлкен қоян, мысық, нан, кітап, қызыл қалам, көк қарындаш, Екінші топ: картоп, сәбіз, дәптер, кішкентай тышқан, қара ит, қарындаш, өшіргіш, Оқушылар жарайсыңдар, бүгінгі саудаларың сәтімен болды деп ойлаймын. Әділ қазы мүшелерінен сайыстың бағасын сұрайық. Үшінші кезеңіміз «Harry Porter» ойыны. Яғни бұл кезеңде сіздерге сұрақтар қойылады.Сіздер сұрақтарға ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бересіздер! Бірінші топқа: Екінші топқа: 1.You names Aisha. No 1. You names ……. Yes 2. Banan is yellow? Yes 2. Apple is red. Yes 3. Today is Monday.No 3. Today is Thursday. yes 4. One plus three five. No 4. Two pus two Five. No 5. My names Gulnur.Yes 5. My names Sanzhar. No 6. The rabbit like carrot. Yes 6. This is classroom. Yes 7. I’m teacher. Yes 7. I’m father. No 8. This is hospital. No 8. The cat like milk. Төртінші кезең «КунФу Панда» деп аталады. Қанеки балалар сендер сандарды жақсы білесіздерма? Ендеше келесі кезеңде сендердің ағылшын сандарын қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көреміз. Балалар мына жерден не көріп тұрсыздар? Әрине ертегі кейіпкерлерін! Қандай ертегі кейіпкерлерін көріп тұрсыздар? Ендеше ертегі кейіпкерлерінің аттарын ағылшын тілінде айтып бере аласыздарма? Дұрыс! Сендер ағылшын тіліндегі есептерді шығару арқылы ертегі кейіпкерлерін толық етіп жинайсыздар! Ойын шарты түсінікті болса, жалғастырамыз. Бесінші кезең «Постер» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге сөйлем беріледі. Сөйлем бойынша постер жасайсыздар! Look at me. I’m a girl. This is my head. And this is my hair. My head is big. My hair is fair. It’s long. This is my face. I have two ears. They’re big. My nose is small. It’s not long. These are my eyes. My eyes are nice. They’re blue. A boy. Look at me. I’m a boy. This is my head. And it’s small. This is my hair. It’s short. It’s not long. Look at my face. This is my nose. My nose isn’t long. These are my eyes. My eyes are big. They’re brown. My ears are small. Осымен бүгінгі сайысымыз әділқазылардан бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын сұрасақ. Құрметті оқушылар, ұстаздар осымен бүгінгі «» атты апталығымыздың төртінші күніне жоспарланған сайысымыз аяқталды! Тамашалағандарыңызға көп көп рахмет! Сау болыңыздар!!!