kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зерттеу та?ырыбы:«А?ылшын тілін ?аза? тілімен салыстыра ?йрету»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда ?аласыны?
№235 орта мектебіні? а?ылшын тілі п?ніні? м??алімі
Тилеуова Габира Ануар?ызы

 


Зерттеу та?ырыбы:«А?ылшын тілін ?аза? тілімен салыстыра ?йрету»
       Тілге ??рмет – халы??а деген ??рмет. Тілсіз халы?ты?, елді? ?мір с?руі м?мкін емес. ?лем таны?ан ел болуы ?шін тілімізді? ж?лдызын биіктетуге міндеттіміз. ?аза? тілі – ?аза? хал?ыны? ана тілі, я?ни ?аза? баласына  ананы? с?тімен сі?ген тіл.
Тілімізді? мемлекеттік д?реже алуына  байланысты ?азіргі кезде практикалы? жа?ынан да, теориялы? жа?ынан да к?птеген н?тижелерге жетіп жатырмыз. Тіл халы?пен бірге ?мір с?ріп, дамиды. Себебі, ?р ?лтты? тілі – оны? ба?ыты, тірегі.
Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ыны? келешегін ?шт??ырлы тіл саясатымен  байланыстыруында ?лкен бір стратегиялы? м?н-ма?ына бар. Егер де ?аза?стан хал?ы ?аза? тілімен ?атар орыс ж?не а?ылшын  тілдерін ме?герсе, болаша?ымызды? жар?ын болары с?зсіз. ?йткені ?аза? тілі-?лтты?ымызды? белгісі, елімізді? ай?а?ы, сонды?тан оны білу басты міндет болып саналады. Ал, орыс ж?не а?ылшын тілдері бізді? болаша?ымыз?а, ?сіресе б?секеге ?абілетті елу елді? ?атарына ?осылуымыз?а ?з септігін тигізеді. Бізді? елімізді? д?ниеж?зіндегі дамы?ан елдермен терезесі те? болу ?шін ж?не де сол елдермен экономикалы?, м?дени т.б. байланыстар орнату ?шін а?ылшын тілін білу ?те ма?ызды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зерттеу та?ырыбы:«А?ылшын тілін ?аза? тілімен салыстыра ?йрету» »

Қызылорда қаласының

№235 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Тилеуова Габира Ануарқызы





Зерттеу тақырыбы:«Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра үйрету»

Тілге құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуге міндеттіміз. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, яғни қазақ баласына ананың сүтімен сіңген тіл.

Тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты қазіргі кезде практикалық жағынан да, теориялық жағынан да көптеген нәтижелерге жетіп жатырмыз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқының келешегін үштұғырлы тіл саясатымен байланыстыруында үлкен бір стратегиялық мән-мағына бар. Егер де Қазақстан халқы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін меңгерсе, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. Өйткені қазақ тілі-ұлттығымыздың белгісі, еліміздің айғағы, сондықтан оны білу басты міндет болып саналады. Ал, орыс және ағылшын тілдері біздің болашағымызға, әсіресе бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуымызға өз септігін тигізеді. Біздің еліміздің дүниежүзіндегі дамыған елдермен терезесі тең болу үшін және де сол елдермен экономикалық, мәдени т.б. байланыстар орнату үшін ағылшын тілін білу өте маңызды.

Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан да білімді, білікті жас – еліміздің дамуының кепілі. Яғни, жастар тек өз мамандығын ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар шет тілдерін жақсы меңгеріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Осыған орай республикамызда білім беру жүйесінің түпкілікті қайта құру мен оқытудың жаңа технологиясын ендіруге байланысты және шет тілдерін меңгерген мамандарға қажеттіліктің артуы шет тілдері мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары алдына аудармашы – мамандарды оқыту деңгейі мен білім беру сапасын көтеру мәселесін басты мақсат етіп қойып отыр.

Біз бүгін мектептерде ұлттық ойындар арқылы шетел тілі сабағын мазмұнды өткізудің негізгі дидактикалық жағдайларын қарастырғалы отырмыз. Бабаларымыздың мирасы болған ұлттық ойындар арқылы әлем әсемділігін сезіну – шетел тілі сабағында білімнің беріктігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі және ол неғұрлым күрделі педагогикалық міндеттердің санатына жатқызылады.

Педагикалық және психологиялық әдебиеттерде оқыту үрдісінің ұлттық ойындар негізінде шетел тілін оқытудың жүйеге асырудың маңыздылығына талай мәрте назар аударылған. Әртүрлі аспектілерде оның даму тарихы, әдістемелік және теориялық мәні, жолдары қарастырылған.

Халықтың ұлттық ойындары – көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын – сауықтың, дене тәрбиесінің дамуына ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да дәл осындай сипатқа ие. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек шәкірттің ақыл-ойы, парасатты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі.

Әрбір шетел тілі пәні оқулығының ішінде ғылыми білімдердің бірқатар аралас салалары шоғырланған. Дегенмен, ұлттық ойындар тәрбие ішкі бағыныштылық немесе шетел тілі сабағының мазмұнының уақытша сәйкес келуі негізінде белгіленуі тиіс. Сондықтан ұлттық ойындар үшін сабақтың жүйелігін бұзуға болмайды. Жоғарыда айтылған негізгі қағидаларды және оқыту ісіндегі жеке тәрбиемізді басшылыққа ала отырып, шетел тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып көрелік.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалу сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Мұның өзі оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Оқушыларды әсіресе «Сиқырлы қоржын», «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарына қатыстыру өте тиімді екніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды түсіндіру кезінде қолдану керек деген де пікір бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни, жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезеңінде ме, оны дұрыс жоспарлау керек.

Шетел тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданудың тиімділігі мол.

  1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы дұрыс меңгерту.

  2. Орфографиялық ұлттық ойында арқылы дұрыс оқыту.

  3. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.

  4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту.

  5. Грамматикалық құрылымды ұлттық ойындар арқылы меңгерту.

  6. Оқушының ойын дамыту, яғни, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.

Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.

Мәселен, жемістердің атын қайталау сабағында ұлттық ойындарды қолдансақ, оқушының сөз байлығы, сөз сөйлеу мәнері мазмұнды шығады. Шетел тілі сабағында лексикамен жұмыс істеуді ұйымдастырғанда оқушы үшін түсініксіз бірде – бір сөз қалмауы қажет.

Лексикамен жұмыс істеу, біріншіден, оқушыға тағылым-тәрбиелік жағынан әсер етеді, оның пікір деңгейі, болашақ өміріне қажет дағдыларды қалыптастырады, екіншіден, оқушыны, жаңа сөздермен таныстырады. Кейбір сөздердің мағынасына анықтай түседі. Сондай –ақ, үйретіліп жатқан шетел тілінің грамматикасын, орфографиясын, пунктуациясын тереңірек меңгеруге баулиды. Сондықтан да тілдің лексикасын игертуге ұлттық ойындардың ықпалы зор.

Оқу үрдісінде танымдық іс-әрекетті дамытудың негізгі құралы-тіл. Тіл-мұғалім мен оқушының білім мазмұнын айқындайтын ақпаратты қабылдауына, толықтыруына сараптауына, тұжырым жасауына көмектеседі. Тіл арқылы оқушы таным процестерін меңгере отырып, шынайы өмірдегі құбылыстармен, заттармен байланыстыралы, дүниетанымын тереңдетеді. Оқыту процесінде есте сақтау мен ойлау жанаса дамитын психо-физиологиялық құбыс.

Қазақ мектебінің оқушылары ағылшын тілін орыс тілі арқылы меңгеретін ескерсек бұл фактор тілдік құбылыстың күрделілігін айқындай түседі. Сондықтан педагогикалық технологиялар жүйесі оқушылардың қазақша ойлау арқылы орыс тілі мен ағылшын тілінде мағлұматтарды есте сақтау қабылеттіліктерін қалыптастырады деп тұжырым жасай аламыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Зерттеу та?ырыбы:«А?ылшын тілін ?аза? тілімен салыстыра ?йрету»

Автор: Тилеуова Габира Ануаровна

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126432


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства