kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья на тему: О?ушыларды а?ылшын тілінен ?БТ-ге дайындауда ?олданылатын ?діс-т?сілдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру – о?ыту мен т?рбиелеуді? ?здіксіз процесі. ?азіргі ?о?амда ?зекті м?селелерді? бірі – ?леуметтік, экономикалы? ?згермелі жа?дайлар?а ?мір с?руге дайын болып ?ана ?оймай, сонымен ?атар оны жа?сарту?а игі ы?пал ететін, жан – жа?ты жетілген, ?зіндік ой – тол?амы бар, адамгершілігі жо?ары, ?абілетті, білімді жеке т?л?аны ?алыптастыру. М?ндай т?л?а?а ?ойылатын бірінші кезектегі на?ты талаптар шы?армашылы?, жо?ары интелектілік, тере? білімділік, к?сіби сауаттылы?. Осы?ан байланысты мектеп баланы? дамуында негізгі р?л ат?арады. Баланы? жеке т?л?а ретінде жан-жа?ты дамуы, ?зіндік к?з?арасыны? ?алыптасуы мен ой ?рісіні? ке?еюі мектеп ?абыр?асынан ?аланады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья на тему: О?ушыларды а?ылшын тілінен ?БТ-ге дайындауда ?олданылатын ?діс-т?сілдер»

Оқушыларды ағылшын тілінен ҰБТ-ге дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ә.А.Қаражанова «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі мұғалімі
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін, жан – жақты жетілген, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады. 
Қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында.
Бүгінде ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат – халықаралық тіл болғандықтан заман талабына сай жан-жақты меңгерту. Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарылу керек:
• ҰБТ-ға дайындыққа арналған жоспар құрастыру. 
• Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу 
• Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргізу 
• Тақырыптық тест құрастыру 
• Әр тараудан кейін лексикалық және грамматикалық сынақ өткізу. 

Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда мыналарды басты назарға ұстау керек деп ойлаймыз:
Мұғалім өз ісінің жетік маманы болу керек. 
 Білім жүйесін күнделікті арттыру грамматикалық ережелерді жаттау арқылы, 
 тесттерде кездескен жаңа сөздерді аударып, жаттау арқылы іс жүзіне асыру керек. 
 Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып , берілген білімнің сапасын аптасына 1 рет әкімшілік тест тапсырмаларын орындату арқылы жүйелеп, шыққан қорытындылары негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізе отырып үлгерім мен сапаны арттыру керек.
Сонда ғана Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі болады деп ойлаймыз.
11 сынып оқушыларын дайындау барысында теориялық білімдерін практикалық жаттығулармен ұштастырып отырып, үнемі жаттығулар орындату қажет. Жоспар бойынша әр тақырыпқа сай жаттығулар алып отырамыз.
Жаттығуларды ағылшын тілі оқулықтарынан,арнайы электронды оқулықтардан ,интернет ресурстарынан алып қолданып отырамыз.
Интернет арқылы оқушылар өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, қашықтық олимпиадаларға қатыса алады. Пән бойынша on-line тестілеуді, 5+ бағдарламасын жиі қолданамыз.Бұл тесттердің артықшылығы жауабын тез алып, артынша қатемен жұмыс істеуге ыңғайлы.

11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындық жоспары
тақырып Сағат саны күні 
Буын типтері. 1 
Артикль.Географиялық 
атаулармен артикльдің қолданылуы 1 
Зат есімнің көпше түрі 1 
Зат есімнің тәуелділік түрі. 1 
Сан есімдер 1 
Сын есімнің шырайлары 2 
Етістіктің шақтары, активті түрі. 4 
Етістіктің шақтары, пассивті түрі. 4 
Сұрақтар түрлері. 2 
Фразалық етістіктер. 2 
Предлогтар. 1 
Сөз жасау. 1 
Модальді етістіктер. 1 
Герундий. 1 
Есімше 1 
Инфинитив. 1 
Шартты сөйлемдер. 2 
Төлеу сөз. 2 
Елтану. 5 
барлығы 34 сағат 
Қорыта айтқанда, алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім , үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу үшін оқушының білімге деген ықыласын жетілдіріп, өзінің ғана емес , өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізу - бүгінгі күн талабы. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Статья на тему: О?ушыларды а?ылшын тілінен ?БТ-ге дайындауда ?олданылатын ?діс-т?сілдер

Автор: Каражанова Алия Азержановна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284595


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства