ШЕТЕЛ ТІЛІН О?ЫТУ ?РДІСІНДЕ ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? МА?ЫЗЫ
ШЕТЕЛ ТІЛІН О?ЫТУ ?РДІСІНДЕ ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? МА?ЫЗЫ
Б?гінгі та?да шетел тілін жа?аша о?ыту ?те – м?те ?зекті м?селе болып отыр. Себебі, Елбасы Н.?.Назарбаевты? жолдауына байланысты ?ала ж?не ауыл мектептеріне к?птеген к?мектер жасалып, орта мектептер заманауи технологиялар?а ие болуда. Сонды?тан да болар, ИКТ негізінде ?ткізілетін саба?тар о?ушылар ?шін жан – жа?ты, тартымды, ?ызы?ты болуымен ?атар, ?стаздар ?ауымыны? жа?а ?діс-т?сілдерді ме?геруін талап етеді. Педагогикалы? технология деп о?уды? сапасын жа?сарту ж?не жобалы? ?ортынды?а жету ма?сатында м??алім мен о?ушыларды? біріккен технологиялы? іс-?имылын айтады. М??алімні? саба?ты жобалауда?ы жауапкершілігі о?ушыларды? шетел тілінде н?тижелі тілдік ?арым-?атынас жасауына м?мкіншіліктер ту?ызады. Н?тижесінде, «?стаз-о?ушы» ?ріптестігі аз уа?ытта жа?а технология ж?рдемімен ?лкен жетістіктерге жете алады. Білім беруде инновациялы? технологияларды ендіру о?ушылар?а ?рт?рлі ?дістерді жетілдіруге м?мкіндік береді, атап айт?анда: тренингтер, д??гелек ?стелдер, баспас?з -конференциялары ж?не т б. о?ушыларды? саба?та?ы жауапкершілігін, белсенділігін, ?зін-?зі ба?алауын ?амтамасыз етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ШЕТЕЛ ТІЛІН О?ЫТУ ?РДІСІНДЕ ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? МА?ЫЗЫ »
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Алматы қаласы. Алатау ауданы. № 151 жалпы білім беретін мектептің 1 санатты ағылшын тілі мұғалімі
Жампейсова Назира Сансызбайқызы
Бүгінгі таңда шетел тілін жаңаша оқыту өте – мөте өзекті мәселе болып отыр.. Себебі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына байланысты қала және ауыл мектептеріне көптеген көмектер жасалып, орта мектептер заманауи технологияларға ие болуда. Сондықтан да болар, ИКТ негізінде өткізілетін сабақтар оқушылар үшін жан – жақты, тартымды, қызықты болуымен қатар, ұстаздар қауымының жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруін талап етеді. Педагогикалық технология деп оқудың сапасын жақсарту және жобалық қортындыға жету мақсатында мұғалім мен оқушылардың біріккен технологиялық іс-қимылын айтады. Мұғалімнің сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Нәтижесінде, «Ұстаз-оқушы» әріптестігі аз уақытта жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге жете алады. Білім беруде инновациялық технологияларды ендіру оқушыларға әртүрлі әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз -конференциялары және т б. оқушылардың сабақтағы жауапкершілігін, белсенділігін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді.
Инновация дегеніміз - тек қана, жаңалық енгізу емес, сонымен қатар, жаңаны дәстүрлі оқу-тәрбие үрдісіне қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты - субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей педагогикалық міндеттерді шешуге болады:
білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу;
білім алуға мотивацияның жоғарылауы;
өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау;
жеке тұлғаны жетілдіру (түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.)
Оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б. Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады. Оқушыларға шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, дистанционды олимпиадалар және т. б.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану барынша тиімді болмақ: электрондық пошта (e-mail), телеконфереция, видеоконференция; жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web серверге жеке шығару; ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушылар психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, оқушылардың қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын мұғалімнің тікелей қатыспауы, оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік туады. Бұдан мұғалімнің шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек. Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғы шартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни, ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым = тіл». Алайда, тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол оқушылардың қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез – құлқын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағына тағы да сипаттама жасайық. Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде мұғалім оқушының ойлау әрекетін басқарады, яғни, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, оқушылардың ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыларға сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді.
Оқушы мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой, құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, белгілі – бір көрініске ие болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері мыналар:
Оқушылардың моральдық, психологиялық , интелектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.
Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Ұстаз бен оқушы арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.
Оқушылардың еске сақтау қабілеті мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.
Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық мүмкіндіктерді кеңінен іске қосу.
Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік, инновациялық және ақпараттық. Бастысы – технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі. Оқушылардың әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және беру жатады. Оларды оқу үрдісіне пайдалану ерекшелігіне сай төмендегідей топтастыруға болады: Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, зертханалық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және сараптамалық жүйе. Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген . Бүгінде бұл технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие. Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек оқушыларға өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді. Оқушылардың техникалық білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық технология оқушыларды шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым – қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы мынада: оқуды жобалау тәжірибені қорытындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталған.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану – оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал, ол өз кезегінде, бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.