kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? коммуникативтік ?абілетін дамыту ма?сатында ойын элементтерін ?олдануды? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? коммуникативтік ?абілетін дамыту ма?сатында ойын элементтерін ?олдануды? тиімділігі

Ересек адамдарды? ісі, ж?мысы, ?ызметі сия?ты ойын да бала ?мірінде ма?ызды болып саналады. Бала ойында ?андай болса, ол ?скенде ж?мыста сондай адам болады.

А.С. Макаренко

А?ылшын тілі саба?ында ?рбір о?ушыны? саба??а белсенді ?атысуыны?, ауызекі с?йлеуге ??лшындыратын, а?ылшын тілін о?ып ?йренуге талпынысы мен ?ызы?ушылы?ын арттыратын ?діс-т?сілдер т?рі ерекше орын алады.

Б?л міндеттерді саба?та о?ытуды? ойын ?дістеріні? к?мегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамны?, ?сіресе жас ?спірімдерді? ?абілеттері толы?ымен бай?алады. Ойын – а?ыл к?ші мен ерекше ?йымдастырыл?ан эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ?йымдастырыл?ан саба? т?рі. Ойын – ?алай істеу керек, не айту керек, ?алай же?у керек сия?ты шешімдерді ?абылдау?а к?мектеседі. Осы с?ра?тарды шешуге талпыну ар?ылы ойыншыларды? а?ыл – ой ?рекеттерін дамытады. Егер о?ушылар онымен ?атар шет тілінде с?йлессе, онда ойын олар ?шін ?те бай о?ыту м?мкіндіктерін ашады. Ойын-сауы? ж?не демалыс т?ріндегі ойын о?ушыларды? ара-?атынас ?лгісіне, шы?армашылы??а, о?ыту?а ?йретеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? коммуникативтік ?абілетін дамыту ма?сатында ойын элементтерін ?олдануды? тиімділігі»

















Доклад

Тақырыбы: «Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі»

Оқыған: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Майманова Альмира Акылбековна

















2012-2013 оқу жылы

Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.

А.С. Макаренко

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.

Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе жас өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын – қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – ой әрекеттерін дамытады. Егер оқушылар онымен қатар шет тілінде сөйлессе, онда ойын олар үшін өте бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын-сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара-қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді.

Адамзат қоғамның тарихында ойын сиқырмен және табынумен байланыстырылған.

Ежелгі әлемнің өзінде де ойын оқытудың бір түрі ретінде қолданылған. Алайда орты ғасырларда пайда болған авторитарлық білім беру жүйесі рационалды дидактикаға сүйенгендіктен біртіндеп оқыту – қажеттіліктен туатын ауыр еңбек деген ой қалыптасқан.

«Дидактикалық ойын сөзі» оқыту үшін арналған арнайы ойындар деген түсінікті алғаш рет Ф.Фребель және М.Монтессори енгізген. ХХ ғасырдың ортасыннан 1970 жылдарға дейін шет тілі сабақтарында оқытудың грамматикалық аударма әдістері белең алған.

Оның мақсаты – грамматиканы оқып үйретуарқылы шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және оқу болған. Кейін оқытудың коммуникативтік әдістері пайда бола бастады. Оқытудың ойын әдісінің психо-педагогикалық негізі ойын әрекеттері болып табылады. Оқытудың ойын әдістері мотивацияның әр түрлі тәсілдерін қолданылады.

  1. Ойын міндеттерін бірлесіп шешу тұлғааралық қарым-қатынасқа құлшындыратын және оқушылардың арасындағы қатынасты нығайтады.

  2. Ойын кезінде оқушылар іс-әрекетке деген көзқарастарын өз білімдерін өздері қорғай алады. Әрбір ойынның нәтижесі оқушыларды мақсатқа жетуге құлшындырады және мақсатқа жету жолдарын сезіндіреді.

Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық даму үшін аса маңызды екені дәлелденген. Ойын іс-әрекеттер кезінде оқушының психикалық үрдісінің қалыптасуы жүзеге асырылады көрнекті іс-әрекеттерден бейнелі ойлауға өту, өзіндік еске сақтау абстрактілеу және жалпылауға қабілеттелігі дамиды. К.Роджерс. Ч.Карран және басқа зерттеушілердің гуманистикалық концепциясында көрсеткеніндей, олар адамға ең алдымен эмоционалды жаратылыс ретінде қарайтын, ал шет тілін оқып үйрену үшін ең маңыздысы мотивация, өзін бағалау, қобалжу деңгейі және тәуекелге бейім деңгейін атап көрсетті. Ойын әдісі психотерапевтік және өте бай оқып үйрену потенциалына ие. Ойын жасөспірімдердің ақыл ой іс-әрекеттерін жасайды, мұнсыз белсенді оқу үрдісі мүмкін емес. Ойын тілді төмен деңгейде немесе жеткіліксіз меңгерген оқушылар үшін де мүмкіндік береді. Ойын міндеттерін шешудегі құзыреттілік тілді оқып үйрену мотивациясын күшейтеді.

Қазіргі кезе оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту үшін қолданылатын ойын түрінің әрбірінің белгілі бір мақсаты және ерекше спецификасы бар. Кейбір ойын топтары: шығармашылық ойындар, сюжеттік-ролдік ойындар қолданылады. Бұл ойындар ролдік және симуляция (ситуация көріністері) түрлеріне бөлінеді. Біріншісі оқу әрекеті түрлерінің төменгі, ал екінші жоғарғы деңгейі болып есептелінеді.

Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойын түрлері танымдық әрекеттерін белсендіреді, міндеттерді шешудің проблемалық сипатына тән.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойындар оқу міндеттерін шешу үшін арналған жайын ережелермен әзірленген ойын түрі. Бұл топқа өзіндік лингвистикалық ойындар кіреді.

Лингвистикалық ойын кезінде ойынға қатысушылардың санына қарай жеке, жұптық және топтық болып бөлінеді. Жеке ойын түріне – кроссвордтар, анаграммалар, ал жұптық және топтық ойындарға – бинго тәрізді сұрақтардың көмегімен белгісіз суреттердің орнын табу, «суретті» диктант жазу ойындары жатады. Ойындық ситуацияларды жасау үшін, суреттер ситуациялық жағдайды бейнелеу, нұсқалай, техникалық құралдар, мәтіндер кеңінен қолданылады. Көптеген авторлар сабақтың қорытынды бөлігінде ойын элементтерін қолдануды дұрыс деп есептейді, себебі ойын оқушылардың алған білімдерін қарым-қатынас ситуацияларында қолдануға мүмкіндік береді. Ойын түрлерін ағылшын сабағының кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқушы мен оқытушы тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін өалыптастыратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі негізге алынады. Ағылшын тілі сабақтарында бұл әдістің тиімді жақтары «жүйелілік ұстанымдары». Біріншіден, коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білімі мен сөйлеу негізге алынады. Ал екіншіден, тілдік материал жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, қарапайымнан күрделіге қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында іріктеліп беріледі.

Оқушыңын коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тындау, жазу-ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды. Себебі, оқытудың бұл тқрт түрі де сөйлеушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді.

Оқу процесі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзі баға беруіне көмектеседі. Кәсіби ағылшын тілінен «Аспаз» мамандықтары үшін жаңа лексикамен жұмыс жасау үшін кіріспе кезеңінде қолданылатын ойын әдістемесі: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбына кроссворд ойыны тор алаңында әрбір тор көзге әріптер жазылады. Әріптердің ішінде тақырып бойынша сөздер берілген. Оқушылардың міндеті төменде берілген сөздерді тор алаңынан өз беттерінше іздеп тауып, оларды ағылшын тілінде түсіндіреді.

Сонымен ойын өмір тәжірибесінде жаңалық пен тұрақтылықты орнықтырады, мұның мәнісі оқушының даму негзін қалыптастыратын ойны ережелері, сал-дәстүрлер негзінде қалыптасқан ойын шарттарымен ережелерін көрсететін тұрақты іс-әрекет болып табылады. Әр түрлі ғылыми мектептердің, педагогтардың, психологтардың рйын түсінігінің мағынасын бірнеше түрге бөліп көрсетеді:

  1. Ойын – әр түрлі жастағы оұушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;

  2. Ойын – оқушының өзін-өзі тану белсенділігі, жеке шығармашылығы үшін кеңінен ашылатын мүмкіндік іс-әрекеттің қоршаған әлемді таңдап білетін ең еркін түрі;

  3. Ойын – есею барысында өз мақсаттарын өзгертетін жастардың, жасөспірімдердің тең және қалып үлгі іс-әрекеттері тәртібінің алғашқы қадамы;

  4. Ойын – даму тәжірибесі;

  5. Ойын – ақыл-ой мен шығармашылық түйсік арқылы өзін дамыту, өзін ашу еркіндігі;

  6. Ойын – балалардың қарым-қатынас саласындағы ең маңыздысы, онда өзара қарым-қатынас мәселелері шешіледі, адамдар арасындағы қарым-қатынас орнығады.

Оқушылар жан-жақты даму үшін ойын ең маңызда құрал ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымының негізін қалаушы А.С. Макаренко: «Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады».

Ойын бұл сыртқы қабық сияқты оның мазмұны, түрі, бағыты оқыту-сөйлеу іс-әрекеті түрлерін меңгеру, сөйлеу құралы сияқты болу керек.

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаты бар:

  1. Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру;

  2. Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту;

  3. Қарым-қатынас жасай алуға үйрету;

  4. Қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту;

  5. Танымдылық;

  6. Тілдік материалды есте сақтау.

Ойын драмасы ағылшын тілі сабағында оқушыларғы қажетті сөздіктер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Мұнда оқыту үрдісі бірінші орынға қойылады.

Ойын түрлеріне келсек, әрбір педагог немесе зерттеуші өз тәжірибелеріне негізделген ұстанымдарын жөн санайды. Бірақ танымдық сауықшылыдық ойын түрлерін екіге бөлуге болады. Біріншіден дайындық ойындары, оның мақсаты тілдік дағдыларды қалыптастыру. Бұл ойындар тобы сабақ кезінде оқушының пайдалы және қызықты шығармашылық, тілдік әрекетін дамытатын грамматиканы және лекскиканы қолдану арқылы ойды дамытуды жаттықтыратын лексикалық түрлері.

Екіншідерн, оқушының тілідк біліктілігін дамытуға мүмкіндік болатын – шығармашылық ойындар. Осы ойын түрлерінің ішінде драмалық және ролдік ойындар ең маңызды болып табылады. Себебі, оқушы белгілі бір грамматикалық және лексикалық материалды үйренгеннен кейін сабақ барысында алған білімін қолданып өз бетінше шешім жасауға итермелейтін басқа себеп жоқ. Тәжірибе көрсеткендей ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл-ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқушының сабаққа қойған мақсатына міндетіне және шартына байланысты ойын байсалды, қимыл қозғалысты немесе шектеулі қимыл қозғалысты басқа да жұмыс түрлерімен кезегімен ауыстырылып отыру керек.

Сонымен ойын – жағымды эмоционалды күй құралы ретінде дәрісханада жалықтыратындай көңіл-күйге түсетін белгілі тапсырмаларды бірқалыпты орындауға қарағанда оқушы мен оқытушының қызығушылығын және еңбекке қабілеттілігін жоғарлатады.

































Қолданылған әдебиет

  1. «Ағылшын тілі мектепте» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №6 2011 жыл, 34-35 беттер.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Майманова Альмира Акылбековна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства