kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ытуда?ы инновациялы? технология ?дістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

             О?ытуда?ы инновациялы? технология ?дістері

?азіргі та?да білім б?секесіне бейім ш?кірт т?рбиелеу – бізді? алды?а ?ой?ан зор ма?сатымыз. Сонды?танда со??ы ?лемде болып жат?ан жа?алы?тардан ?алмай ?зіміз де жа?алы? жаршысы болуымыз керек.Б?л ма?саттар?а жету ?шін м??алімні? ізденісі, жа?а т?жірибе, жа?а технологиялар ?олдану ?ажеттілігі туындайды. Инновациялы? технологияларды ?олдана отырып о?ыту - таным ?рекетін ?йымдастыруды? ?тымды формасы. Ма?саты–о?у ?рдісіні? ?німділігін арттыру.  Инновациялы? технологияны ?олдану: о?ып ?йрену, ме?геру, ?мірге ендіру, дамыту кезе?дері ар?ылы іске асады. Инновациялы? о?ыту білімді тере?детумен ?атар, о?ушыны о?у ?рекетіне жетелеп, оларды? о?у?а деген ынтасын оятады. О?у ма?сатыны? ж?йесінде берілген ма?сатты? негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог ?з е?бектеріні? н?тижесі туралы а?парат алу?а м?мкіндік алады. Демек, ма?сат пен н?тиже - жа?алы??а бет б?руды? кілті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ытуда?ы инновациялы? технология ?дістері»

Оқытудағы инновациялық технология әдістері

Қазіргі таңда білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің алдыға қойған зор мақсатымыз. Сондықтанда соңғы әлемде болып жатқан жаңалықтардан қалмай өзіміз де жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру.  Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде   қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.

Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.

Мен де өз әріптестеріммен қатар шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін.  Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым.
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырмалар. Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс –тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім. 
Қазіргі ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар  заманы. Сондықтан да жер бетінде болып  жатқан жаңалықтар мен  өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады.

Мен өзіме біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы жеті модульді тиянақты меңгеріп, тәжірибе барысында орынды қолдануды мақсат еттім.

Бағдарлама модульдері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды(АКТ) пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

Жаңа бағдарлама бізге жаңа әдістерді меңгеруді үйретіп қоймай, сонымен қатар алдымызға қоятын талапты да жоғарылатады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермей сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық оқыту-білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы көп қолданысқа ие болып келеді. Технология –бұл қандай да болсын істегі,  шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.Жаңа бағдарлама бойынша меңгерген білімімді кеңінен меңгеру мақсатымен орта мерзімді сабақ жоспарымды өзім жетекшілік ететін 10 сыныптың ағылшын тілі пәні бойынша жасадым. Алғашқы сабақ жоспарымнан бастап Бағдарламаның негізгі мақсаттарын сабақ жоспарыма енгіздім. Бағдарлама модульдерін пайдалана отырып,оң нәтижеге қол жеткізу үшін сыныптағы ахуалды ретке келтіру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды алдыма мақсат еттім. Балалардың бір-бірімен емін-еркін әңгімелесуіне,өз ойларын қысылмай ортаға салуына, бір-біріне көмек көрсетулеріне, араларындағы дарынды оқушыларға ілесе отырып,оқуға ынталануға, өздері қол жеткізген нәтижеге қуана білуге дағдылануларына көңіл бөлдім. Орта мерзімді сабақ жоспарымды 10-сыныптың күнтізбелік жоспарына сәйкестендіріп «Ұлыбритания»тақырыбы бойынша жасадым.Ондағы мақсатым:оқушылардың шет тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту,сөздік қорын молайту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,өзге елдің әдет-ғұрпы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Осы мақсатты негізге ала отырып, сабағымды «Сергіту сәтінен»бастадым,көтеріңкі көңіл-күймен басталған сабақ оқушылардың күні бойғы сергек жүрулеріне себебін тигізеді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі «Жүректен жүрекке», «Сергіту сәті»,«Миға шабуыл», «Ой қозғау» кездеріндегі әдіс-тәсілдерді оқушылар асыға күтеді.Көтеріңкі көңіл күймен басталған сабақ оқушылардың ары қарай белсене жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызады

3-4-суреттер «Сергіту сәтінде»


Бұдан ары қарай оқушыларды топқа бөліп алу үшін үлестірмелер пайдаландым.«Көкөністер»(«Vegetables»),«Жеміс-жидектер»(«Fruits»), «Гүлдер»(«Flowers») деп бірнеше сөздерді топтастырып алып сол арқылы оқушылар сілтеме бойынша орындарына барып отырды.

Тақырып бойынша таныс емес сөздерді аударуға берілген үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Аялдама» әдісін пайдаландым. А3 қағазына әр топ өздері аудармасын,дұрыс жазылуын білетін сөздерін жазулары керек болды. Белгі берілген сәтте келесі аялдамаға барып ондағы жазылмаған сөздермен сол топтың сөздігін толықтырды. Соңғы аялдамадан соң барлық топтар өз орындарына келіп жайғасып,өздерінің сөздік қорлары қандай сөздермен толықтырылғанын қарап шығып,әр топтан бір оқушыдан шығып дауыстап оқыды. «Аялдама» әдісі оқушыларға ұнады,бұл ойларын олар сабақ соңында жүргізілген «Жарық жұлдызға»жазған пікірлерінен байқадым. Топпен жұмысты оқып-түсінуге арналған мәтінмен жұмыс арқылы жалғастырдық.Әр топтың сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында мәтіннің мағынасын ашуға кластер әдісін пайдалануға тапсырма бердім.Түрлі-түсті қалам қолдана отырып А3 қағазға оқушылар мәтіннің ең негізгі деп тапқан ақпараттарын көрсетулері керек, тапсырманы толық орындап шығуға он минут уақыт берілді. Оқушылар жұмыс істеп отырғанда ,оларды сырттай бақылап отырдым. Уақыт аяқталған соң әр топтан бір көшбасшы кластерлерін магнитті тақтаға іліп, қорғады. Топтың басқа мүшелеріне қажет болған жағдайда толықтырып отырулары керектігі тапсырылды.Деңгейлік тапсырмалар арқылы Айжаннан нақтылы дәлелдер арқылы мәтіннің мазмұнын айтуын сұрадым. Орта деңгейдегі оқушым Жанарға мәтіннен кейінгі сұрақтарға шамасына қарай жауап беруді тапсырдым. Төмен деңгейдегі оқушым Нұрболға мәтіннің ішіндегі кездескен таныс емес сөздерді аударуға тапсырма бердім. Бұл тапсырма оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке баулиды, тапсырма кезінде олар бір-бірлеріне қолдау көрсетеді, бірінің пікірін келесісі тыңдап, өзінің білім деңгейін тексереді, саралайды.

5-6-суреттер Топтық жұмыс үстінде

Үйге тапсырма берілгеннен кейін кері байланыс орнату мақсатында «Жарық жұлдыз»(«Bright stars») стратегиясын пайдаландым. Сабақ соңында оқушыларға стикерлер таратып оларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып тақтадағы А3 қағазына жапсырып кетулерін сұрадым. Сабақ соңында әр топ бойынша формативті бағалау жүзеге асырылды. Әр топ басшысы бірінші өз топтарындағы оқушыларды бағалады,бұдан кейін топ-топпен бағалады. Бұлай бағалау оларды өздеріне деген сенімділігін арттырды. Сабақ жоспарланған мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың жаңа тәсілдерін бір-бірімен байланыстыра отырып пайдалануға тырыстым.

Бағдарлама модулінің АКТ-ны пайдалану бөлімі бойынша келесі сабағымды интерактивті тақтамен тыңдап-түсінуге арналған мәтінмен жұмыс жүргіздім.Үнемі электронды оқулық арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік шектеулі болғандықтан,бұл жерде мәтін тыңдап,түсінгендерін берілген сұрақтарға жауап арқылы толықтыру,мәтіннен кейінгі берілген тапсырмалар оқушылардың сабаққа деген ынтасын,пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Оқушыларда өзара түсіністік қалыптасып,ынтымақтастықта жұмыс істеулеріне мүмкіндік туды.Үйге берілген тапсырма бойынша интернет желісін пайдалануға мүмкіндігі бар оқушылар бұрынғы кездегі жастар ұйымдары туралы тапқан ақпараттарымен басқа оқушыларды таныстырып, өз ана тілімізде оқып шықты.Ары қарайғы тапсырманы кластер әдісін пайдалана отырып,ағылшын тілінде қысқаша түсінгендерін айтып беру тапсырылды. Кластер әдісі оқушыларға ұнады,тапсырманы оқушылар ізденімпаздықпен,қызығушылықпен орындады. Топтық жұмыс барысында көшбасшы өз-өзінен суырылып шығады,себебі әр топ жұмыстарының басқа топтыкінен өзгеше болуына аса зор мән береді,сондықтан топтар арасында өзара бәсекелестік туындайды,ізденіс пайда болады.

7-8-суреттер. Оқушылар кластермен,постермен жұмыс жасады.


Мұндай сәтте сыныбымдағы үздік оқушыларым Айдана,Меруерт,Шыңғыс,Біржандар басқа өз топтарындағы оқушыларға нұсқау беріп,алдыға қарай жетеледі,тапсырмаларды өзара бөлісті.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың арасында өздеріне деген сенімділік,біріне-бірі қолдау көрсетуі,ұжымдық жұмыс істеулері ұнады.Әр топтағы жақсы оқитын оқушы сөйлемдерді байланыстырып,аударманы нақтылы беруге белсене кірісіп,қорғауға өз топтарындағы көлеңкелі жағында қалып қалғысы келетін оқушыны алға тартуының өзі топтың бірлігін,ынтымағын көрсетті. «Жарық жұлдыз»әдісі арқылы оқушыларға мүмкіндігінше өз ойларын қазақ тілінде де жаза беруге болатындығын ескерттім,себебі кейбір оқушылар пікірлері мен ойларын жазар кезде қиналып қала ма деп ойладым.Сабақта қолданған тәсілдер:сыни тұрғыдан ойлау,көшбасшылық,жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытудағы бағалау,дарынды балалармен жұмыстар,ақпаратты-коммуникациялық технологияны пайдалануәдістері қамтылды. Дәстүрлі сабақ кезеңдерінде сызба арқылы тапсырмалар беретінмін, курстан кейін сызбаны кластер сөзімен ауыстыруымның өзі оқушыларда қызығушылық туғызды. Басында қалай жасағаным дұрыс болар еді дегендей абдырап қалғандарымен кейіннен тапсырма оларға ұнайтынын,жұмыс кезінде жалықтырмайтынын байқадым. Бұлай ойлауыма оқушылардан алынған «Жарық жұлдыздағы» пікір-ұсыныстарынан байқадым. Айдана деген оқушым сабақтан алған әсерлерін немесе ой- пікірлерін жазып беруін сұрағанымда өз ойын әдемі өлең жолдарымен өрнектеп жазып берді:

Оқып,біліп,үйрену, Үш тұғырлы ел болу-

Әркімге де керек-ақ. Біздер үшін үлкен бақ.

Кері байланыс арқылы сабақ соңында стикерлерге өз ойларын оқушылар бүкпесіз,ашық жазып қалдырды.

Кластер,постер жасауда, сабақта ойын түрлері арқылы сөздік жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың ойларының ұшқырлығын, тапқырлықтарын, ізденімпаздықтарын көріп сүйсініп, сабаққа деген ынталарының бұрынғыдан да арта түскенін байқап қуандым. Сабақ соңында оқушыларды бағалап,кейіннен әр топқа бірін-бірі бағалауға тапсырдым. Оқушылар бағалау кезінде бір-біріне сыни тұрғыдан бағалап шықты. Жас ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпта топтық, жұптық жұмыстар оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылардың топтық жұмыс барысында ынтымақтастығы артып,өзара келісімге келіп,ортақ шешімге келулеріне, бір-бірін бағалауда нақтылыққа ұмтылушылық пайда болды. Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушылардың ойлау тәсілдерін бақылауға мүмкіндік пайда болды. Берілген материалдан оқушы өзіне ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа оқушылардың ойын тыңдауға үйренеді,бір-бірінің тұжырымдамасын талдап,ұйымшылдықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Жаңа технология тәсілдерін қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.



  1. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ

2.10-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығы,авторы Т.Аяпова

3.Мектептегі шет тілі,№5,2009ж,48 бет

4.Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет.[2]

5.Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003-13 бет.[3]

6.Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан  мектебі" №6, 2003 [4]







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ытуда?ы инновациялы? технология ?дістері

Автор: Ахметова Айдынгуль Тайсаловна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315312


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства