kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?УШЫЛАРДЫ БА?АЛАУДА?Ы ЖА?А ?АДАМДАР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сапалы білім беру – о?ыту мен т?рбиелеуді? ?здіксіз ?дерісі. ?азіргі кезде білім берудегі ма?сат жан-жа?ты білімді, ?мір с?руге бейім ?зіндік ой-тал?амы бар, адамгершілігі жо?ары, ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру.

Балаларды? білім сапасын арттыруда м??алім бала дамуыны? мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалы? ситуация, шы?армашылы? таным ?рекетін, диалектикалы? ойлауы т.б. ?ада?алап, балалармен жеке - дара ж?мыстар ж?ргізеді. Білімні? жа?а мазм?нын ж?зеге асыру ?шін жа?а технологиялар ?ажет-а?. Жа?алы?ты ме?геру мен ж?зеге асыруда д?рыс т?сінбеушілік ?йымдастырушы?а ?рт?рлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалы? технологияларды? бірі - о?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?УШЫЛАРДЫ БА?АЛАУДА?Ы ЖА?А ?АДАМДАР »

ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР

Тұрғанбаева Жарқынай Асановна

№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ


Түйін

Бұл мақалада мектеп қабырғасында қолданылып жүрген өлшемдік бағалаудың дайын өлшемдері мен бағалау түрлері сипатталған. Мысал ретінде ағылшын тілі пәнінен қалыптастырушы бағалаудың үлгісі ұсынылған.


Аннотация

В статье описываются существующие критерии и формы оценивания в школьном образовании. Как пример взято критериальное формирующее оценивание в отечественной практике на основе стандартов учебных достижений.


Summary

This article describes the existing criteria and forms of assessment in school education. As an example taken criterial formative assessment in the national practice standards-based on educational achievements.



Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке - дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз.

Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Былтырғы оқу жылынан бастап педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде. Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама). Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ) – бағалау моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.

Оқу мақсаты – оқыту курсы барысында пәндердің оқу бағдарламасына сәйкес білімнен, дағдыдан, түсінуден және бейімділіктен күтілетін нәтижелерді тұжырымдайтын пайымдау.

Оқудың міндеті - сыртқы жиынтық бағалаудың тестік спецификациясында берілген бағалау саласы.

Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы

Оқу жылының басында мұғалімдер мен оқушылар бірлесе отыра әрбір пәннің бағалау критерилерін құруы тиіс және ата-аналардың құрылған критерилермен танысып, хабардар болғаны жөн. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

  • Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

  • Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;

  • Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;

  • Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;

  • Білім алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;

  • Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

  • Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

  • Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;

  • Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

  1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

  3. Оқытудың сапасын жақсартуға;

  4. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

  5. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  6. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді



Оқушыларға:

  1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

  2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.


Ата- аналарға:

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.


Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрамыз.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады.






Балдардың жалпы саны

Бағалау көрсеткіштері

5 балдық шкала бойынша бағалау

54-60

Ең жоғары нәтиже

5

48-53

Жоғары нәтиже

42-47

Жақсы нәтиже

4

36-41

Жақсы нәтиже

30-35

Қанағаттанарлық нәтиже

3

24-29

Қанағаттанарлық нәтиже

0-23

Қанағаттанарлықсыз нәтиже

2


Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:


  • балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

  • көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

  • оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Педагогикалық шеберлік орталығы NIS

  2. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

  3. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында» - А: «Принт АСС»

  4. «ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

  5. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.





5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?УШЫЛАРДЫ БА?АЛАУДА?Ы ЖА?А ?АДАМДАР

Автор: Турганбаева Жаркынай Асановна

Дата: 08.06.2015

Номер свидетельства: 218248


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства