kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

НАУЧНЫЙ ПРОЕКТ "Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің үндестігі, ұқсастықтары мен ерекшеліктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

өте жақсы проект көріп, баға берулеріңізді ұсынам

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«НАУЧНЫЙ ПРОЕКТ "Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің үндестігі, ұқсастықтары мен ерекшеліктері"»












































































































КІРІСПЕ

Менің  бүгінгі ғылыми  конференцияға дайындап әкелген тақырыбым: "Қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдердің үндестігі, олардың құрылымдық жағынан ұқсастықтары мен ерекшеліктері".

        Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде тіліміздің еңсесі биік, күн санап көтеріліп келеді. Еліміздің салт-дәстүрлері қайта өрлеп, ауыз әдебиетіміз құнды бола түсті.  Жалпы халыққа түсінікті мақал-мәтелдеріміздің салмағы арта түсті. Өткенімізден қол үзіп қалмас үшін Елбасымыз барлық жағдайды жасап беріп отыр. Осындай жағдай жасалып отырған елімізде тек білімімізбен ғана басқа елдерге танымал болатындығымызды дәлелдеу ғана қалғандай.

Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі… деп нақты ашық айтқан. Менің алдыма қойған мақсатым, осындай түрлі тақырыптағы  қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдерді  жүйелеп, үндестігі,  ұқсастығы мен айырмашылығына сай  белгілі бір топтарға       топтап, реттепалу.

Міндетім-осы жүйеленген, топталған, айырмашылықтары мен    ұқсастықтары айқындалған мақалдарды қазақ- фразеологиялық тіркестері деген атпен кітап басып шығару.

Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы- жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында ағылшын тілі мақал-мәтелдерін CLIL әдісі арқылы пәнаралық байланыс орнату мақсатында әр тарау бойынша глоссарий ретінде қолдану. Бұл жұмысымды "Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайын.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының                 егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ                 тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың,                мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды.

Өзара    қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын -    қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, сай  белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.
халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. болатындығымызды дәлелдеу ғана қалғандай. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен мақал-мәтелде



Зерттеудің пәні.

Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінінашу.
          Зерттеудегі-ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп алып, мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Мысал ретінде алып кету.



1.1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ, ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАСЫ;



Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал -тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады,жеткізіледі. Сол рухани байлығымыздың бірхалық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті­ халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы. Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге  жеткізген. Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған   мұрат мақсаттары бейнеленген.

Халық ауыз әдебиеті әр түрлі жанрда дамыған. Осы халық ауыз әдебиетінің сегіз түрі бар:
Тұрмыс–салт жырлары
Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Айтыс өлеңдері
Тарихи жырлар
Шешендік сөздер

Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Бірақ ауыз әдебиетінің айырмашылықтары бар. Ең алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық шығарма, белгілі бір нақты авторы жоқ. Бұл ақын – жыраулардың, ертегішілердің өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және  де  ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталауларға жиі ұшырайды. ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы кезінде қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем әдебиетте, білімде – ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік  экономикалық, рухани өмір мол көрініс тапты. Шын мәнісінде халық шығармасы – ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын, оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді. Яғни  Абай атамыз айтқандай: 

«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

Осы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани  асыл қазынамыз. 

           

          1.2. Мақал-сөздің мәйегі, асыл саф алтыны. Мақал – сөз атасы.


Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де – мақалдар мен мәтелдер. Мақал - мәтелдер -  ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі  мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан –алуан құбылыстарына  баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.

Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі, оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
1. Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай  қорытады.
2. Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
3. Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу  процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
4. Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақалдар    мен   мәтелдер     ұрпақтар   ойының   шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің  практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп,  адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін  халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған.

Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет»

«Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір  шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық  болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш-пішіні.
        Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі  бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады. Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл жағдайда көптеген мақалдар  өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол тура мағынасында  бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. «Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған әскер бастығының өсиеті сияқты мағынада қолданылған. Ал қазіргі  көне көз қариялардың сөз сараптау  практикасында бұл мақал белгілі бір әрекетте негізгі, басты қиыншылықты жеңсең ғана табысқа жетесің деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасының жалпылауыштық қасиетінің күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи  өткінші оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі  жағынан мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің  тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға ие  болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан ғылыми талдау жасағанда  мүмкіндігінше барлық қырынан  тексеріп,  барынша байыпты қараған жөн. 

Өмір құбылыстарын жалпылай қорытатын мақалдардың жалпылауыш және типтік қасиеттері ауыспалы мағынасында арта түседі дегенде мақал жанрының тура мағынасының маңызы жоқ деген  ұғым тумайды. Қайта оның ауыспалы мағыналарында қолдану  аясының кеңдігі оның тура мағынасымен тығыз байланысты. Олай болса, мақал  жанрындағы тура және ауыспалы  мағыналар өзара  диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде. «Сөздік көркі – мақал»  дегендей  мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды  жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға  тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Сөздер көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам, басы артық сөз болмайды.

Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Мақал – сөз атасы. Олардың қайсысынан  болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация – барлығы бар. Негізінен мақал – мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жазылған.  Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік параллелизм. Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық түйіндеу, құрылысы жағынан  байқалады. Мақалда бір-бірімен қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей  жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады. Мақалдар  тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды. Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкім де «көрінбейді» дей алмас. Өйткені мақал –тұрмыс айнасы. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше  мыңға кетер.  Бірақ ол мақалдар бұл күнге шейін жиналып, басылып шыққан жоқ. Әркімнің өзінде, әр кітапта бытырап жүр.



  2.1 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ -        МӘТЕЛДЕРДІҢ        ҚҰРЫЛЫМДЫҚ   МАҒЫНАЛЫЛЫҚ        ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ;



Кез келген халық тіліндегі мақал-мәтелдердің тегін тектеп, төркінін тергеп қарасақ, олардың аз дегенде үштен бірі-туыстас, не көршілес елдерден ауысып, етене сіңісіп кеткен ауыс-түйістер.

Ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі мақал-мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, не ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп шығарылған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке дара ділмар-шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, ақын-жырау, көңілі көрікті, кеудесі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір-тіршілігінен алған тағылымынан туындаған ой түйіндері. Демек, мақал-мәтелдер өзінің түп негізінде жеке бастың рухани табысы, әр замандағы даналардың қоғамдық өмірге деген көзқарасы, өзіндік танымы.

Алайда, осылай дүниеге келіп, ылғи өзгеріп, өрбіп-өсіп отыратын жеке-дара тұлғалар қалдырған өнеге, өсиет өрнегі солардың атымен ұзақ сақтала бермейді.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады. 



     



   2.2. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің             құрылымдық,                             мағыналық    ерекшеліктері  топтастыру


 Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді. 
  Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі.

 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады. 
  Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,  т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.  Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды. Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді. Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарыныңпайдаланылуы. Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады. 
 Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. 
       Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі. Ағылшын тiлiндегi жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырдан қалыптасып, күнi бүгiнге дейiн дәстүрлi түрде жалғасып келедi. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тiзбегiн қамтитын алғашқы "Вооk оf Рrоvеrbs in thе Оld Теstаmеnt" атты топтама V ғасырда жарық көрген [49]. Бұл жинаққа өте көне ағылшын мақал-мәтелдерi енген. Кейiнгi жинақтар халық игiлiгiне айналған осы iске етене араласып, зор еңбек сiңiрген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есiмiмен тығыз байланысты. Ротердамда дүниеге келiп, өз заманының ең ұлы да оқымысты ғалымдарының бiрi атанған Дезидериус Эрасмус бүкiл Еуропаны түгелге жуық аралай жүрiп, ағылшын мақал-мәтелдерiнiң жинағын құрастырған. Оның 1500 жылы "Соllесtаpеа" (818 ММ) [50], 1508 жылы Венецияда "Сhiliаdеs" (3260 ММ) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары [51] аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи iз қалдырған ғалымдардың бiрi Джон Хеуд өзiнiң алғашқы "А Diаlоguе Соntаining thе Numbеr in Еffесt оf аll thе Рrоvеrbs iп thе Еnglish Тоnguе" атты еңбегiн 1546 жылы [52], кейiнгiлерiн 1550, 1555, 1560жылдapы бастырып шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бiрқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шiркеу қызметшiсi Тhоmаs Drахе "Вibliоthеса Sсhоlаstiса Insthсtissimа оr, а Тrеаsuriе оf Аnсiеnt Аdаgiеs, аnd Sеntеntiоsh Рrоvеrbеs" [53], 1639 жылы пастор Дж. Кларктың (Jоhn Сlаrkе) 1640 жылы Дж."Раrоеmiоlоgiа Аnglо-Lаtinа" [54], Хербэрттiң "Оutlаndish Рrоvеrbs" [55], 1659 жылы Дж.Хауэльдiң "Рrоvеrbs" [56], 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдiң 'Еnglish Рrоvеrbs" атты еңбектерi [57] жарық көрдi.     Дж.Хауэлдiң еңбегiнде ағылшын тiлiне басқа тiлдерден енген мақал-мәтелдер де қамтылса, соңғы жинақта тiлдiк орамдарға арнайы түсiнiктемелер берiлген.

            Келесi ғасырларда бұрынғы ескi жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Олар: Джеймс Кэлли "Соmрlеtе Соllесtiоп оf Еnglish Рrоvеrbs" (Ағылшын мақалдарының толық жинағы) 1721; Томас Фуллэр "Gnоmоlоgiа: Аdаgiеs аnd Рrоvеrbs" 1732; Воhn: Н.G. Воhn's А Наnd-bооk оf Рrоvеrbs, 1855; Уиллиам Кареу Хазлит "Еnglish Рrоvеrbs апd Рrоvеrbiаl Рhrаsеs" 1869; Винсэнт Стаки "Соllесtапеа" 1902-4; Джордж Латимэр Аппэрсон "Епglish Рrоvеrbs апd Рrоvеrbiаl Рhrаsеs" 1929; 1935 жылы ағылшын мақалдарын қамтыған оксфордтық сөздiктiң "Тhе Охfоrd Diсtiоnаrу оf Еnglish Рrоvеrbs" деп аталған алғашқы нұсқасы жарық көрдi. 1640 жылы Дж.
Уақыт өте келе бұл сөздiктiң толықтырылған нұсқалары бiрнеше мәрте басылып шықты.

Менің алдыма қойған мақсатым, осындай түрлі тақырыптағы қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдерді  жүйелеп, үндестігі, ұқсастығы мен айырмашылығына сай  белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу. сай .Дастан, хиссаларға қарағанда мақал – мәтелдердің ерекше қасиеті  көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі сай  белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.
жалпы адамзатқа ортақ, көңілге ерекше қонымды, ұтымды келеді.

«Бөтен елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол!» – десе ата – бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз! Осы мақалды өз  тілінде оқыған қай жұртына жатырқамай біздей тебіреніп, тәлімді әсерге бөлінері ақиқат.

Менің қарастырғалы отырған тақырыбымда осыған байланысты. Яғни, ағылшын тілін шебер сөйлеумен бірге, көркем сөйлей білуіміз керек. Ол үшін ана тіліміздегі мақал-мәтелдерді де жақсы білуіміз қажет. Себебі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын (эквивалентін) ауызекі сөйлеуде қолдану керек. Екі тілдегі мақал-мәтелдердің де құрамында сан есімдер жиі қолданылады. Әсіресе 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы қазақ тілінен мақал:

Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

Ағылшын тілінде: One man, no man.

Once bitten, twice shy.

Сол сияқты қазақ және ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріндегі «жеті» нумеративті тіркестерді қарастырайық. 7 саны екі тілде де киелі сан болып есептеледі. Екі тілдің аңыз ертегілерінде, діни нанымдарында да көп кездеседі. Қазақ тілінде:

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Жеті атасын білмеген – жетесіздіктің белгісі.

Ағылшын тіліндегі жеті нумеративіне қатысты:

At six and sevens. ( алты мен жеті арасында) – белгісіздік, көңілдегі мазасыздық, ой күңгірттігін білдіреді.

To knock seven bells out of somebody. (біреуді жеті қоңыраумен ұру) – біреуді қатты ұру мағынасын білдіреді.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер сияқты ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің тақырыптары да әр алуан. Екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге арналған.



Human being and human nature. - Адам және оның қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер:

1. All are not saints that go to church. – Мазарға барғанның бәрі молда емес.

2. All are not hunters that blow the horn. – Жылтырағанның бәрі алтын емес.

3. Four eyes see for than two. – Кеңесіп тіккен тон келте болмас.

Ерлік пен еңбекті екі халықта егіз деп ұққан. Сондықтан бір топ мақал-мәтелдерін еңбектің мән мағынасын ашуға арналған. Мысалы:



Work. Labour. Profession. Еңбек пен кәсіп. Ғылым мен өнер туралы мақал-мәтелдер.

1. After dinner comes the reckoning. – Қыста арбаңды, жазда шанаңды сайла.

2.Art is long, life is short. – Ұста өлсе, істеген ісі қалар,

Білімді өлсе, қағазда аты қалар.

3. Honey is not for the ass `s mouth. –Талғамы жаман татымдыны сасытады.

4. In doing the learn. - Өмір үйретеді, еңбек ширатады.

5. Knowledge is power. – Білім – қуат.

6. Little stokes fell great oaks. Тамшы тама берсе, тас жарады.

Білім туралы.

1) Білім – қуат. Knowledge is power. Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал - мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

2) Өмір бойы үйрен. Live and learn.

3) Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді. The fool does think he is wise,

but the wise man knows himself to be a fool.

4) Көргеніңді көңілге түй. Learn wisdom by the follies of others.

Денсаулық туралы:

1) Денсаулық – зор байлық. Good health is above wealth

2) Демі бардың емі бар.Take a hair of the dog that bit you.

3) Тазалық бар жерде денсаулық бар.If each would sweep before his own door,

he should have a clean city.

4) Кесел батпандап кіріп, мысқалдап шығады. Agues come on horseback but go away on foot.

Достық туралы: 1) Досыңды қиналғанда бір сына, қуанғанда бір сына. A friend in need is friend indeed.

2) Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. A friend in court is better than a penny in purse.

3) Жаңа дос жаныңда жүргенде, ескі дос есіңде жүрсін. Old friends and old wine are best.

4) Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.Better an open enemy than a false friend.

Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. 

Мысалы, " Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs" (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан. 

Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі сияқты өмір, өлім, тағдырға байланысты мақал-мәтелдер бар.

Өмір тәжірибесі – ақыл-ойдың көзі.Experience is the mother of wisdom.

Өмірдегі өзі – ұлы ұстаз.There is a crook in the lot of every one.

Қиыншылық. – Үміт. – Ақыл. – Кеңес. – Тәлім-тәрбие тақырыптары ағылшын халықтарына жат емес. Оны мына мақал-мәтелдерден көруге болады:

Игіліктің ерте-кеші жоқ; Ештен кеш жақсы.Better late than never.

Өнеге - өте тиімді өсиет.Example is better than precept.

Біруге ор қазба, өзің түсерсің. He that mischief hatches mischief catches.

Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Gоd hеlрs thоsе who hеlр thеmself " (Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: "күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж. Барэт (Jоһn Вагеі) "Аn Аtуеагіе" (1580) атты еңбегінде: "Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге іndustrious" (Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G. Herbert) "Jасulа Рtudеntum" деген шығармасында "Неlр tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее" (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf" мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің (В. Frаnкlіn) "Рооr Rісһагd's Аlmаnаск" атта еңбегінде қолданылды. .

          Үй-жайға, отбасына қатысты мақал-мәтелдер. Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар "My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді. Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.  Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, "сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам "Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін" деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген. 

Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді.






2.3 Ағылшын –қазақ мақал - мәтелдерінің                 этнолингвистикалық   сипаттары;


Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды.

Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек. 

Accidents will happen — Апаттар (келеңсіз жағдайлар) болады.

Мағынасы: өмірдегі басқа түскен қиын жағдайлар мен апаттарды қашып құтылмастай қабылдауымыз керек, яғни, жақсы да жаман да — тағдыр.

Advice is cheap — Ақыл-кеңес — арзан.

Мағынасы: Бір істі істегеннен, ақыл айтқан оңай. Сол сияқты біреудің басына күн туса, немесе ой таластырғанда ақыл атудан оңай не бар?!

Advicers run no risks — Ақыл беруші тәуекелге бармайды.

Мағынасы: Ақыл айту әрқашан да оңай соғады. Ал оны іспен істеп көрсету, басты тәуекелге тігу оңай емес.

All good things come to those who wait — Барлық жақсылық оны күткенге келеді.

Мағынасы: Сабыр түбі — сары алтын. Сабыр еткен адам ғана барлығын жеңеді, жақсылыққа кезігеді.

All that glitters is not gold — Барлық жалтырайтын заттар — алтын емес.

Мағынасы: Жылтырағанның бәрі — алтын емес.

An apple a day keeps the doctor away — Күн сайынғы алма дәрігерді алшақ етеді.

Мағынасы: “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дегенге ұқсас. Денсаулықты алдын-ала күтсек, ауырып дәрігерге барудың қажеті болмайды.

A bad workman blames his tools — Жаман жұмысшы саймандарын жамандайды (кінәлайды).

Мағынасы: Сәтсіздікке ұрынсақ, кінәні басқалардан іздейміз, басқа нәрсені кінәлаймыз. Мысалы, жолда тасқа соғылсақ, өзімізді кінәлай қоймаймыз.

A cat has nine lives — Мысықтың тоғыз өмірі (жаны) бар.

Мағынасы: Мысық құлағанда жерге үнемі аяғымен жұмсақ түседі. Бұл мақал осыған қатысты айтылған.

A friend’s eye is a good mirror — Достың көзі — жақсы айна.

Мағынасы: Дос жылатса да шындықты айтады. Досың қандай болса, өзің де соның арғы жақ-бергі жағындағы адам боласың.

A bad tree does not yield good apples — Жаман ағаш жақсы алма бермейді.

Мағынасы: Жаман ата-ана баласын қалай жақсы тәрбиелейді?! Немесе Ұясында ұшуды үйренбеген балапан ешқашан да ұшпайды.

A tree is known by its fruit —Ағаш жемісімен танылады.

Мағынасы: Балаларын көріп, олардың ата-анасының қандай адам екендігін және қандай тәрбие бергендігін білуге болады.

Bad news travels fast — Жаман жаңалық тез таралады.

Мағынасы: Адамдар жаман жаңалықты аса ұқыптылықпен тыңдайды және бар назарын салады. Жағымсыз жаңалықты тез таратады.

Beauty is only skin deep — Сұлулық — тек қана сыртқы (көрініс).

Мағынасы: Сыртқы сұлулық ұзаққа соызылмайды. Уақыты келгенде бетіміздің сұлулығы әжімделген бетімізден байқалмайды. Сұлулық та өледі.

Better late than never — Ештен кеш жақсы.

Мағынасы түсінікті болар.

Better safe than sorry — Өкініштен сақтық жақсы.

Мағынасы: “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дегендей мағынады айтылған.

Charity begins at home — Жақсылық (қайырымдылық) үйден басталады.

Мағынасы: Бір жақсы іс істейтін болсаң, онда отбасыңнан, жақындарыңнан баста.

Children and fools speak the truth — Балалар мен ақымақтар шындықты айтады.

Мағынасы: “Балалы үйдің ұрлығы жатпас” дегендей балалар үнемі шындықты айта салады. Ақымақтар да сол сияқты.

Clear moon, frost soon — Анық Ай, жақында аяз.

Мағынасы: Егер аспан ашық болып, Ай анық көрінсе, онда аяз болады деген сөз. Әрине, қыс уақытысына қатысты айтылған.

Clothes don’t make the man — Киімдер адам жасамайды.

Мағынасы: Киім адамның адамгершілігі мен адами қасиеттер жасамайды, тек ұятымызды жабу үшін және бір қалыпты температурада болу үшін.

Diligence is the mother of good fortune — Ынта-жігер — сәттіліктің анасы.

Don’t bark if you can’t bite — Тістей алмасаң, үрме.

Мағынасы: “Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама” дегендей өз орныңды, әліңді біл. Қолыңнан келмейтін, жасамайтын істі бастама.

Don’t count your chickens before they’re hatched — Балапандарды жарып шықпай тұрып санама.

Don’t judge a book by its cover — Кітапты мұқбасына қарап бағалама.

Мағынасы: “Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде” дегендей сыртқы көрініске қарап-ақ шешім қабылдамау, бағаламау.

Every man for himself — Әр кім өзі үшін.

Мағынасы: Алдымен өз мәселңді шешіп ал, содан соң басқалардың мәселесін шешесің.

Every man is the architect of his own fortune — Әр кім өз сәттілінің (бақытының) сәулетшісі.

Мағынасы: Әр кім өз өмірін өзі сүруі тиіс. Өмірін қалыптастырытарын өзі ғана.

Every rose has its thorn — Әр бір раушан гүлінің өз тікенегі бар.

Experience is the father of wisdom — Тәжірибе — даналықтың атасы.

Failure teaches success — Қателік жетістікті оқытады.

Мағынасы: Әр бір қателіктің өзі сәттілікке жету жолындағы жақсы сабақ бола алады.

Faith can move mountains — Сенім тауды жылжытады.

Мағынасы: Барлық ерлік пен батырлық сенім мен үміттен басталады.

From nothing nothing can come — Ештеңеден ештеңе шықпайды.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерде қазақ тіліндегідей өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшелген, сұрыпталған, жымдасы біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай. East or West, home is best. - Өз үйім - өлең төсегім.

As you sow, you shall mow. – Не ексен, соны орарсың.

Better late than never. – Ештен кеш жақсы.

Екі тілде де халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. мысалы: «Ақыл – жастан, асыл – тастан» дегенде «шығады» сөзі қалып қойған. Бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ, түсіп қалған сөз өз-өзінен ойға оралып тұр. Сол сияқты ағылшын тіліндегі:

Like master, like man. Like will to like. – деген мақалдардан да осыған ұқсастықты көруге болады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1)Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

2)Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

3)Cut your coat according to your cloth –

Көрпеңе қарай көсіл.

4)Catch the bear before you sell his skin –

Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.

5)First think, then speak – Ойнасаң да ойлап сөйле.

2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1)Never say die - Салық сұра кетпесін.

2)Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген етігіңді мақтама, орылмаған етігіңді ақтама.

1)Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.

2)Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.

3)Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген сыпайы.

4)Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын баспа.



3. Шартты райлы сөйлем түрінде:

1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:

1)All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.

2)All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес.

3)All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің бәрі ұры емес.

Ағылшын – қазақ халқының даналығы, байлығы – мақал-мәтелдерінің еліміздің болашағын тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор. Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді.















































ҚОРТЫНДЫ



Ал енді бұл жұмысымды аяқтай келе мынандай   қорытындыға келдім:
Ағылшынша, қазақша мақал-мәтелдер бірдей болады. Келтірілген мысалдардан кейде қазақша мақалдар, кейде екеуі де құрылысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура  аудармасы болып келетінін көрдік. Кейде екі тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен  тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, қазақша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп , ұқсас болады.

Мақал-мәтелдер адамды адамгершілікке, тәрбиелілікке, даналыққа шақырып, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды сақтай отырып, өмірлік маңызы бар істерді атқаруда бағыттап отыратын ата-бабамыздан қалған баға жетпес мәдени мұрамыздың туындысы. Құрылысы жағынан әрі ықшам, әрі көркем мақал-мәтелдер – мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитындығымен ерекшеленеді. Айтылмақ ойды астарлап жеткізу мақал-мәтелдерге тән.

Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады: 
 - мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды; 
 - ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады;  - мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан "дайын" материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді; 

 - бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды,

  - тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғүрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниненің тілдік бейнесі болып табылады. 
Мақалдарды бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы.

"Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты" деп аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдарыйқындалды.          
Олар да түрлі тарихи  жағдайларда құрылған, бірақ  сонда  да  халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай  айтылатындығын есту  қызықты. Тегінде мақал-мәтел қай халықтың болсын жан дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының   байлығын танытып қана қоймай, оның уақыт санын құны артпаса, арзымас қазына екенін сөздірер белгісі. Сондықтан қай  тілде  болсын мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек.

Өйткені тіл өзгерсе де, сөз  өзгерседе мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ  ең алдымен өз тілімізді, әркім өз   халқының рухани байлығын білу керек. "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді".  Ғ. Мүсірепов.

Мен алдымда тұрған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Бірақ әлі де істелмеген жұмыстар бар, оларды болашақта әрі қарастырып, жұмыс жүргіземін. Бұл ғылыми еңбекті жазуға түрткі болған «Тілдің үш тұғырлығы» тіл саясаты. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ана тіліміздің бай, көркем тіл екенін біз өте жақсы  білеміз. Сол себепті  ана тіліміздің ауыз әдебиетінде қалыптасқан, ойып тұрып орын алған  ата-бабаларымыздың нағыз ақыл иелері данагөй болғандарын сипаттайтын  мақал-мәтелдердің үш тілде қолжетімді болуы оқушылар үшін  қажетті деп ойлаймыз. Сондықтан осы жобамды болашақта тілдің үш тұғырлығының тілге тиек отырып, тіліміздегі мақал-мәтелдердің өзге орыс, ағылшын тілдерінде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, еліміздің дамуына балалық үлесімді қоссам деймін.
         Бұл жобамды ағылшын тілінде  ғана емес, қазақ, орыс тілі пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл жобамды үш тілде зерттеуге де болады.



















ГЛОССАРИЙ



1.A good name is better than riches – Добрая слава лучше богатства – Жақсы сөз – жарым ырыс.

2.Twoheadsbetterone – Одна голова хорошо, две лучше – Екі кісі бір кісінің тәңірісі.

3.East or west home is best – В гостях хорошо, дома лучше - Өз үйім өлең төсегім.

4.If you run after two hares, you will catch neither - За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь - Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

5.There is no smoke without fire – Нет дыма без огня – Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.

6.There is no place like home – В гостях хорошо, а дома лучше – Айхай өз үйім, кең сарайым боз үйім.

7.There are spots even on the sun – Конь о четырех ногах, и тот спотыкается – Төрт аяқты мал да сүрінеді.

8.Tastes differ – На вкус и цвет товаришей нет – Әркімнің өз талғамы бар.

9.All is well that ends well – Все хорошо, что хорошо кончается – Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.

10.Badnewsfliesfast – Худые вести не лежат на месте – Жамандық жерде жатпайды.

11.We shall see what we shall see – Поживем – увидим – Көргеніңнен көрмегенің көп

12.Who keeps company with the wolves will learn to howl – С кем поведешься от того и наберешься – Жолдасына қарап, кісіні білерсің.

13.Better late that never – Лучше поздно, чем никогда – Ештен кеш жақсы.

14.All is not that glitters – Не все то золото, что блестит – Жылтырағанның бәрі алтын емес.

15.As you have made you bed,so you must lie on it – Что посеешь, то и пожнешь – Не ексең, соны орасын.

16.Rome was not built in a day – Москва не сразу строилась – Еңбегіне қарай өнбегі.

17.Dont count your chickens before they are hatched – Цыплят по осени считают–Балапанды күзде санайды








ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



1. Иностранные языки в школе//2005

2. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3

3. Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды.

4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003

5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика – семантикалық сипаты// Алматы – 2004

6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ им. Казахстанская филология: проблемы и перспективы. – Алматы – 2002

7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан мектебі – 2001, N 3

8. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі сөздіктер, 2001

9. Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары //Алматы-1996, 17 б.

10. Словарь употребительских английских пословиц//Москва-1985

11. Иманбаева К. Мақал-мәтелдерді қолдану//Ағылшын тілі мектепте,

2006,№ 3

12. Жабықбаев М.Қ. Мақал – мәтелдерді ағылшын сабағында

пайдалану//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері// № 3, 2005

13. Кеңесбаев I. - Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер.- Алматы: Ғылым, 1987. - Б.22.

14. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: Изд-во Воронежского университета,1989. -192 с.

15. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Докт.дисс. Алматы, 1997.

-260 б.

16. Айтбаев Ә.Ө. «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» - Алматы: Ғылым, 1975. -14 б.





  1. қосымша

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдердің түрлері



Blind men can (should) judge no colours

Соқыр адам бояу ажыратпас

Blushing is virtue's colour

Ұялу — сыпайылык белгісі

Calamity is man'strue touch stone

Дос, басына іс түскенде танылады.

Адам мен адам токшылықта бір кездеседі,Жоқшылықта бір кездеседі

A carper will cavil at anything. Брюзга ко всему придирается

Жаман теке сүзіскек, Жаман жігіт ұрыскақ

A clean hand wants no washing

Ары тазаның— жаны таза

Cowards die many times before their deaths

Қоркақ күнде өлeді

Despair gives courage to a coward

Қорқакты қуа берсең батыр болады

The devil is not so b lack as he is painted; the devil is not so ill than he's called; the devil is no worse than he's called; the lion is not so fierce as he is painted

Сайтанның затынан аты үрейлі

No sweet without some sweet

Төзе алмасаң бейнетке.

Қалың жетпес зейнетке

Business before pleasure

Алдымен жұмыс, содан соң тыныс

Jack off all trades and master of none

Әр істің басын шалғаның – нәтижесіз қалғаның

Little strokes fell great cars

Еңбек етсең – емерсің

Bread earned hard work is sweet

Ашы еңбектен тәтті нан

If you want to get rid of poverty the work;

If you want to be rich – work

Кедейлік кетсін десең – еңбек ет, молшылық жетсін десең – еңбек ет

A friend in need is a friend indeed

Ерді кебенек ішінде таны

A man can dire but once

Ер жігітке екі өлмек жаз



2-қосымша



Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді                        салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым                         болып келеді.

Мысал:

Ағылшын баламасы

Қазақша баламасы

Орысша баламасы

No pains, no gains

Еңбексіз өнбек жоқ

Без труда нет плода

Two heads are better than one

Кеңесіп пішкен тон келте болмас

Ум хорошо, а два лучше


East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на родине

Take a hair of the dog that bit you

Демі бардың емі бар

Чем ушибся, тем и лечись

Fortune favours the brave

Тәуекел тау жығады

Слипость сдвигает горы с места





3-қосымша



                  Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға,                   кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-                 мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.

Мысалы:

Ағылшын

Орысша баламасы

Қазақша баламасы

The rotten apple injures its nature

Паршивая овца всё стадо пртит

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді

All is not gold that glitters

Не все то золото, что блестит

Жылтырағанның бәрі алтын емес







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: ГАБДУАХИТОВА АЙМАН АСКАРОВНА

Дата: 14.04.2019

Номер свидетельства: 507007


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства