kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Lesson study әдісінің білім жүйесіндегі орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Лессон стади ерекшеліктері.Оны қолданудың маңыздылығы атап көрсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Lesson study әдісінің білім жүйесіндегі орны»

Эссе

Lesson study

Қазіргі таңда әр бір ұстаз үшін өз біліктілігін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім әрқаша үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтардың куәсі болып отырмыз. Сол жаңалықтардың бірі - жапондық Lesson Study тәсілі. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson studyді өткізудің паидасы көпжақты болып келеді, себебі ол тәжірбиесі бар мұғалімге өз біліктілігін шыңдауға септігін тигізеді, ал жас мамандар үшін білім беру жолындағы жоғары біліктілік болып саналмақ.Шетелдік оқытудан келген бұл әдіс білім жүиесіне жаңа дем беріп, оқушылардың оқу деңгеилерін жоғарылатуға үлкен көмек бере алады.

Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.

Егер мұғалім айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Сондықтан қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Бұлда дұрыс болар, өйткені бұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуметін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарын тұрақты түрде өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын мектептің құрамдас бөлігіне айналдырған дұрыс және де бұндай топтарға барша ұстаздар қауымын араластырған дұрыс. Lesson Study әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындайды. Қазіргі күні көп мектептер осы қағиданы ұстанып, сабақ жоспарларын бекітуді әр күннің кешіне қалдыруда. Бұның өзі ұстаздар қауымы үшін тиімді. Мұғалімдер директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекіту үшін өздерінің бірлесе жасаған сабақ жоспарларын ұсынады. Ұсынылатын сабақ жоспарының мазмұнын жоғарыда айтылып өтті.

Lesson Study топтары өз жұмыстары барысында мынандай дүниелерге назар аударса:

Біріншіден, Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің артатындығы анық. Мұнда Lesson Study топтарына қосылғысы келмейтін мұғалімдерді күштеуге болмайтынына назар аудару керек. Ондай педагогтармен басқаша жолмен жұмыс жасаған орынды. Мысалы, Lesson Study топтарының тізімдерін мұғалімдер бөлмесінде ілу. Мұнда әр топ мүшелерінің аты-жөні жазылған фотосуреттері ілінеді. Ал төмен жақта Lesson Study топтарына қосылмаған мұғалімдердің тізімі жарияланады. Бірлесе жұмыс жасауға құлықсыз мұғалімдерге осылайша жанамалай ықпал жасауға болады: оларды ұялтпай, үгіттеп белсенділікке шақырмай, тек дүйім елден оқшау қалғандарын естеріне салып отырса, ондай педагогтар осы болмысының ыңғайсыз әрі тиімсіз екендігі туралы ойланулары әбден мүмкін.

Екіншіден, әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға қатыстыру қажет. Ол үшін сабақ басталмастан бұрын таңдалған сыныппен не бірнеше оқушымен сұхбаттасу қажет. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойған дұрыс болар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б. Айтылған ұсыныстар мен жауаптар параққа не болмаса оқушы рұқсатымен аудиожазбаға жазылуы керек. Бұл кем дегенде 5-10 минуттай болғаны жөн. Сабақ жоспарын құру барысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде ескеріп жасалған дұрыс.

Үшіншіден, Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Коучингке қатысушылар аталмыш проблеманы шешуге мүдделі және ынталы болып, қорытынды нәтижеге деген жоғары жауапкершілікті сезінуі керек. Осылайша каучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады. Өзін-өзі дамытатын механизм жұмысының бір көрінісі іспеттес. Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.  Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына  ықпал ететіндей  қолдау  көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады.  Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілденбосауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет  етеміз. Оның орнына кәсібилікке  бағытталған  ұжымдық  және  кешенді  тәсіл қажет. Әсіресе  оқушының қай сабақтарға ерекше қызығушылығын байқау мақсатында оқушы тақтаға шығып, өз ойын жазды. Қол көтеріп өлеңнің мазмұнын  айтуға тырысады. Бұл әрине оқушының  барлық сабақтарда нашар еместігін білдіреді. Оқушының   өзі  ұнататын сабақтары арқылы көп сөйлеуге, өз  ойын айтуға  көп мүмкіндік беру керек деп  қорытынды шығарсақ болады. Себебі сол арқылы біз тұйық, баяу оқушылардың ашылуына көмектесеміз. Мейлі  дұрыс болсын, мейлі бұрыс болсын  өз ойын,  оқығанын  еркін айта алғанда ғана ол  ашылады. Оқушының бойындағы қабілет, дарын әр сабақ барысында бірте-бірте көріне бастайды

Зерттеу  сабақтары  мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге басқада мұғалімдердің пікірлерімен санаса білуге, олардың тәжірибелерімен алмаса отырып жұмыс  жасауға мүмкіндік береді.Қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.

Қорыта айтқанда, мұғалімдер Lesson  Study   нәтижесінде оқушылардың  білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алады және  оқушылардың  оқу үдерісіне толыққанды  қатысуына да ықпал  ете алады Сабақ соңында өз мақсатымызға жетіп,қалыс қалған   оқушылар болуына жол бермеиді. Ұстаздар болашақта да  осындай  әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып  оқушылардың білім – білік дағдыларын арттыруға деген мүмкіндіктері зор болмақ.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Lesson study әдісінің білім жүйесіндегі орны

Автор: Есентова Нұрбике Берікқызы

Дата: 23.12.2023

Номер свидетельства: 643046


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства