Просмотр содержимого документа
«Global Education Conference Published Materials»
Шымкент медицина колледжінің кәсіби шет тілі оқытушысы,
Асан Әлия Темірбайқызы
Ағылшын тілі сабақтарында жобалау әдістемесін қолдану тәсілдері
Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шетел тіліне қызығуын,білімге құштарлығын ояту,танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерінің ұйымдастыру,ойлау,шығармашылық,ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде оқытудын жаңа технологияларын пайдаланудың мәні зор.
Мен сабақтарымда соңғы жылдары әдістемелік –педагогикалық газет-журналдарда жиі басылып жүрген жобалау әдістемесін қолданамын.Бұл әдістеме оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге,сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмегін тигізеді.
Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар берілген тақырып бойынша туындалған проблемаларды шешуге,өз ойларын далелдеуге,пікірлесуге үйренеді.
Сабақты түрлендіріп өткізу үшін,әрине,оқушылардың білім деңгейі жоғары дәрежеде болуы шарт,сондықтан жобалау сабақтарын жоспар бойынша берілген тақырыптарды меңгерген кезде,қорытынды сабақ ретінде өткізсе,тиімділігі жоғары болады.
Жобамен жұмыс істейтін оқушылар бірнеше топқа бөлінеді.Әр топқа білім деңгейі жоғары оқушы жетекшісі болып тағайындалады.Оның міндеті мұғаліммен байланыста болып басқаларға көмек көрсету,түсінбегенін түсіндіру.Топқа бөлуде оқушылардың психологиялық үйлесімділігін де ескеру өте манызды.
Жобалау әдістемесі бойынша істелетін жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірнеше кезеңде мұғалімнің көмегімен оқушылар істейтін жұмыстарының мақсатын белгілеп,проблемаларды анықтайды.Әртүрлі сурет,сызба,мәтін тағы басқалары жобаға қажетті материалдар жиналыстырады.
Екінші кезеңде істейтін жұмыстың жоспары жасалып,топ мүшелері өздеріне нақты тапсырма алады.
Үшінші кезеңде оқушылар әртүрлі лексикалық,грамматикалық,ойлау,оқу,сөйлеу т.б.қабілеттерін дамытатын жаттығулар орындап,білімдерін жетілдіреді,туындаған проблеманы шешуге,жобаны жасауға әдіс-тәсілдермен жұмыс түрлерін анықтайды.
Төртінші кезеңде әр топ өздері белгілеген жобаны жасап дайындайды.
Жұмыстың бесінші,қорытынды кезеңде оқушылар дайындаған жобаларын қорғап,пікірлерін дәлелдейді.
Эксперт тобы әр топтың жұмысына талдау жасап,қорытындылайды.Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін айтып,келесі сұрақтарға жауап беріп,қорытынды жасайды:
1.Жобалау әдістемесі пайдаланылған сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2.Жасалған жұмыстың білімдеріңді кеңейтуге тигізген пайдасы болды ма?
3.Дайындық кезінде қандай ізденіс жұмыстарын жүргіздіңдер?
4.Жұмысты жасауда жіберген кемшіліктерді жою жолдары қандай?Нені ескертіп,неге көңіл аудару қажет?
Мұғалім әр кезеңде әр түрлі рөл атқарады,ол –көмекші, бақылаушы,нұсқаушы жұмыстың барлық кезеңінде мұғалім шәкірттерінің іс-әрекеттерін қолдап,мадақтай келе,олардың ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.
Жобамен жұмыс істеу әрбір оқушының жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады,шығармашылық қабілетін дамытып,оқытудың түпкі мақсаты:Білім сапасын жақсартуға улкен ықпалын жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Полат Е.С.Иностранные языки в школе
2.Том Хатшинсон. Project English.
3.Монахов.Проектирование и внедрение новых технологий обучения.Советская педагогика 1990г.