kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми ж?мыс Та?ырыбы: ?аза? хал?ы мен а?ылшын хал?ыны? салт-д?ст?рлеріні? ??састы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?датпа

?ылыми ж?мыс жазу барысында о?ушы ?аза? хал?ы мен а?ылшын хал?ыны? салт-д?ст?рлеріні? ??састы?тарын негізге ала отырып жаз?ан. Зерттеу ж?мысында салт-д?ст?рлерді? шы?у тарихынан м?лімет бере отырып, ?р елді? м?дениетіндегі ?дет-??рып, салты мен д?ст?рін сипаттап баянда?ан. О?ушы ?ылыми ж?мысты жазу барысында ке?інен дайындал?аны? бай?атты.

?аза? тілі мен ?дебиеті м??алімі

Ескендирова ?лжан Еркебековна

Аннотация

Данная научно-исследовательская работа представляет собой творческую работу ученицы по выявлению схожих особенностей в культуре и традициях казахского и английского народов.  Во время исследования ученица выделяет традиции каждого народа и ищет общие качества двух культур. Научная работа написана современным и понятным языком и будет интересна для читателя.

Учитель русского языка и литературы

Меделяева Надежда Гртгорьевна

Annotation

The research is about the traditions and customs of Kazakh and English nations and its similarity. During the searching work the pupil made an accent on each culture and then looking the same qualities of these nations.

The research is written in a modern vivid language and will be interesting for readers.

The teacher of English

Shuakhbayeva Zarina Kairatovna

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми ж?мыс Та?ырыбы: ?аза? хал?ы мен а?ылшын хал?ыны? салт-д?ст?рлеріні? ??састы?ы »

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы

Чехов орта мектебі
















Ғылыми жұмыс


Тақырыбы: Қазақ халқы мен ағылшын халқының салт-дәстүрлерінің ұқсастығы



















Ақбұлақ

2014-2015 оқу жылы




Ғылыми жұмыс авторы

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданының

8 «ә» сынып оқушысы

Кожахметова Айжан







Ғылыми жұмыс жетекшісі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Шуахбаева Зарина

Кайратовна











2014-2015 оқу жылы



Аңдатпа


Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушы қазақ халқы мен ағылшын халқының салт-дәстүрлерінің ұқсастықтарын негізге ала отырып жазған. Зерттеу жұмысында салт-дәстүрлердің шығу тарихынан мәлімет бере отырып, әр елдің мәдениетіндегі әдет-ғұрып, салты мен дәстүрін сипаттап баяндаған. Оқушы ғылыми жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғаның байқатты.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ескендирова Ұлжан Еркебековна

Аннотация

Данная научно-исследовательская работа представляет собой творческую работу ученицы по выявлению схожих особенностей в культуре и традициях казахского и английского народов. Во время исследования ученица выделяет традиции каждого народа и ищет общие качества двух культур. Научная работа написана современным и понятным языком и будет интересна для читателя.

Учитель русского языка и литературы

Меделяева Надежда Гртгорьевна


Annotation

The research is about the traditions and customs of Kazakh and English nations and its similarity. During the searching work the pupil made an accent on each culture and then looking the same qualities of these nations.

The research is written in a modern vivid language and will be interesting for readers.

The teacher of English

Shuakhbayeva Zarina Kairatovna


Мазмұны



Кіріспе 5-6

І Салт-дәстүр ұғымына жалпы түсінік 7

1.1 Қазақ халқының салт-дәстүрлері 8-18

1.2 Ағылшын халқының салт-дәстүрлері 19-22

II Қазақ халқы мен ағылшын халқының салт-дәстүрлерінің ұқсастықтары 23-24

2.1 Шай ішу дәстүрі 25

Қорытынды 26-27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Қосымша 29-31



























Кіріспе

Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауында (2003 жыл) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.

Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де – салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Атамыз қазақ қашанда салт-дәстүрді берік ұстанған. Оны өскелең ұрпағына өнегелі мұра етіп қалдырып отырған.

Зерттеу жұмыстың объектісі қазақ халқы мен ағылшын халқының салт-дәстүрлері болып табылады.

Зерттеу жұмыстың негізі салт-дәстүрлер негізінде екі мәдениеттің ұқсастықтары болып табылады.

Зерттеу жұмыстың жаңалығы мәдениетіміз жағынан ескірген салт-дәстүрлеріміз тек қазақ емес, ағылшын халқының да салт-дәстүрлерін қоса жүйелеп зерттеуінде.

Жұмыстың мақсаты қазақ халқы мен ағылшын халқының мәдениеттерін зерттеп, олардың салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтарды анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей бірнеше міндеттерді алдымызға қойдық:

  • салт-дәстүр ұғымыны жалпы түсінік беру;

  • қазақ халқының салт-дәстүрін зерттеу;

  • ағылшын халқының салт-дәстүрлерін зерттеу;

  • екі мәдениеттің ұқсастықтарын жинақтау;

  • жиналған мағлұматтарды топтастырып, белгілі бір қорытындыға келу.

Зерттеу жұмысы келесідей кезеңдерге бөлінеді:

  1. дайындық кезеңінде жалпы ақпараттық материал жинақталды.

  2. екінші кезеңде екі мәдениет бойынша салыстыру анализі жасалды.

  3. үшінші соңғы кезеңінде жұмыстың қорытындысы жасалынып, зерттеу жұмысы безендірілді.

Зерттеу жұмысы кезінде 2 түрлі әдіс-тәсіл қолданылды: ізденіс және аналитикалық.

Берілген ғылыми-зерттеу жұмысы теориялық бөлімнен және тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан тұрады, соңында қосымша берілген.

























І Салт-дәстүр ұғымына жалпы түсінік

Тілдегі сөздер арқылы айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беруге, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғаруға болады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған материалдық және рухани мәдениетінде ғана сақталған. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қоғамдағы әлеуметтік қатынас түрлерін, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын, тәрбие талаптарының негізін құрап, сонымен бірге қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді.[1] Салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді. Сонымен бірге салт-дәстүр өзгермейтін нәрсе емес, ол да қоғам дамуына сәйкес көнеріп, жаңарып, жаңғырып, одан әрі дамып отырады. Әдет-ғұрып, дәстүр адамдардың қоғамға, өзін қоршаған әлемге көзқарасына, этикеттік нормаларына әсер етіп отырады. Салт-дәстүр қандай да бір халықтың мәдени даму дәрежесін, өзіндік психикалық ерекшеліктерін көрсететін қасиетіне байланысты оны басқа халықтан айырып танитын белгілерге айналады. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деген мақал салт-дәстүрдің осындай қасиетіне орай қалыптасса керек. [3]

Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқвн мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалапта отырған. [5]

    1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.[2]

Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.[6]

Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың т.б. салт-дәстүрге жатады. [4]

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет-ғұрып, ишара, ырым-тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[8]

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».[7]

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».

Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.[9]

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».[10]

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.[13]

Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.[12]

Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.[15]

Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.[18]

Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан.[4]

Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы

Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.[17]

Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: «Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы».[1]

Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.[13]

Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.[2]

Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.[20]

Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.[19]

Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін.[21]

Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған.[14]

Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі - ажырасу көже. Оның мәні ауылдың бір түрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.[23]

Жасы үлкендерге құрмет көрсету

Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының бірі Ф. фон Шварц былай деп жазған болатын: «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленеді». Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.[7]

Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-кесілді тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін.[4]

Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін.[18]

Тамырлық әдет-ғұрпы

Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түсетін. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішісетін. Олар бір-біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын. Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан болса да қонуға болатын, ал үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтын.[15]

Қазақстан аумағында Ресей қазақтары мен қоныс аударып келген орыс шаруаларының пайда болуына байланысты мал өсіретін көшпелі қазақтар мен егін салатын отырықшы орыстардың арасында достасып, тамыр болу әдет-ғұрпы етек алды. Іс жүзінде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери қазақтардың арасында өзінің тамыр-досы болды. Мұның өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-ғұрыптың ең мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала беретін. Дос-тамырлық әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретін сипат алды.[24]

Қоныс таңдау әдет-ғұрпы

Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ болуы себепті көшіп-қонып жүруі үшін уақытша қоныс таңдау әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Ал жайылымның негізгі бөлігі қоғамдық меншік негізінде пайдаланылатын. Мұндай ереже 1867—1891 жылдардағы әкімшілік реформаларының қолданылу барысында да сақталып, бекітілген еді. Алайда көші- қон үшін кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен ру ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп қоныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс саналатын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесе сазды жерге сол ру таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен шөптің басын буып, белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге ешкімнің қоныстануына рұқсат етілмейтін.[15]

Егер жаңа қонысқа әр түрлі ауылдардың өкілдері бір мезгілде келе қалса, онда жер дауы мынадай тәртіппен шешілетін: сұлтан мен қатардағы қазақ дауласса, сұлтан жеңіп шығатын, би мен старшын дауласса, старшынның мерейі үстем болатын, ал егер би мен қатардағы қазақ дауласса, бидің талабы орындалатын. Егер жер дауы сұлтан мен сұлтанның, би мен бидің, старшын мен старшынның, қатардағы екі қазақтың арасында болса, онда олардың қай жасы үлкені жеңіске ие бола алатын. Жерге дауласушылардың мәртебесі мен дәрежесі тең болған жағдайда олардың қай жағының руы не тайпасы жолы жағынан үлкен болса, сол жағына артықшылық берілетін.[19]

Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден ккеле жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.[15]

Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін.[23]

Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.[1]

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.[8]

Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың қалыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне киіт кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.[9]

Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.[14]

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.[20]

Бата беру

Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.[22]

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.[23]

Бала тәрбиесі

Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.[5]

Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор[24]





























    1. Ағылшын халқының салт-дәстүрлері

Англия – көп ғасырлар бойы сақталған, ескі таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге бай ел. Англия – Ұлыбританияның 83 %-ын құрайды. Англияның астанасы – Лондон қаласы. [12]

Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі – қоғамдық ортада адамдармен қарым-қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі. [13]

Ағылшындықтар салты бойынша қарым-қатынас жасап отырған адамның ойын бөлмеу, сөйлесіп отырған адам сөзіне құрметпен қарау керек.

Ағылшындықтардан «мүмкін», « маған солай секілді», «мен ойлаймын» ... деген сөздерді сөйлесу барысында жиі естиміз. Бұл – сыпайылықтың белгісі.[10]

Ағылшындықтар адамдарды жасы үлкендігіне қарап құрметтеп қана қоймайды. Сонымен бірге адамдардың сезімінің жоғарылығына қарап құрметтейді. Ағылшындар бірін-бірі ұнатып жатса некелесуге асықпай-ақ жай ғана бірге өмір сүріп көреді. Егер осы аралықта бірін-бірі жете танып, түсінісіп жатса некелерін уақыты келгенде қидырады. Ал түсініспеушіліктер бола жатса екіге бөлініп кете береді. Мұның нәтижесі ажырасып кетуден, сәтсіз отбасы атанудан сақтанатындығы екен. [12]

Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың ең танымал киімі – ауылдық жерлерде жаз мезгілінде билейтін моррис атты би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекаөшеліктері бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты.[20]

Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді.

Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады. Англияда атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет.[12]

Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады. Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді.[10]

Ұлттық киім

Англияның бай ұлттық дәстүрлер болғанына қарамастан, бұл халықта өз ұлттық киім жоқ. Тек қана моррис халық биін билегенде, бірдей киім киетіні бар. Қазір де Англияның үлкен қаладарын да моррис киіміне ұқсайтын киім киіп жүрген кісілерді кездестіруге болады.Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты.[4]

Оған қоса Англияда ортағасырлық дәстүрлерге сай бірнеше шараларда ескі киімдерді киеді. Олардың ішінде: патша отбасы, парламент үшелері, сот кезінде, ежелгі университеттердің профессорлары мен студенттері және Патша гвардиясы.[15]

Моррис

Морристі ауылдарда жазда билейді. Бұрын оны діни мақсаттармен билеген. Бірнеше кісі ақ шалбар, ақ көйлек киіп, аяғына қоңырау байлап, басына сабан қалпақ киіп, ортаға шығады. Бұл биді бұрын тек ер кісілер билесе, қазіргі уақытта әйелдер де билеп жүр. [8]

Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер

- Қандай бағада болса да қарызға алынған нәрсенің өтемі тойдан кейін міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

- Дәстүр бойынша қалыңдыққа сыйланатын сыйлық жаңа болу қажет. Ол жаңа отбасының жаңаша бақытын білдіреді.

-Жаңа түскен келіннің үстінде көгілдір түсті бірнәрсе болуы қажет.Көгілдір түс риясыздықты білдіреді.

Ағылшындықтар мамыр айы - нағыз отау құруға ыңғайлы, қолайлы, жайлы ай деп есептейді. Осы айда отау құрған екі жас бақытты, ғұмырлары ұзақ болады деп сенген. Ағылшындықтар шай ішуді, әсіресе сүт қосып ішкенді жақсы көреді.Ағылшындықтар үшін шай ішу "тек қана ішіп алып, жұмысқа жүгіру" емес. Оларда шайды ерекше ниетпен ішу ертеректен бері бар. Шайды ішіп отырып армандарын, болған жақсы жәйттарды еске алып, ерекше көңілмен ішеді екен. Ағылшындарда тіпті шай ішу дәстүр болып табылады. Ағылшындарда ең көне әрі қоғамдық дәстүрі"чаепитие"(қазақша баламасы- шай ішу) деп аталады. Бұл дәстүр ерекше құрметпен орындалады, шығыс елдерінен кем емес. Бұл жақта үнді шайы мен қытайдың ұсақ дәрежедегі шайы көп қолданылады. Ал өздерінен шығатын өте ерекше аралас шайды жолға шыққанда, таза ауаға, серуенге шыққанда өздерімен алып шығады. Шайды таңғы аста, жұмыста, үйге келген кезде ішеді, бірақ кешкі астан кейін шай ішуге болмайды. Ағылшындықтардың үйдің жанына бау-бақша отырғызуы да олардың тағы бір ерекше дәстүрі болып табылады. Ол кезде ағылшындықтар аула ішін өте әдемі, өте таза, әртүрлі көкөніс, гүлзарлармен безендіру де олардың өте жақсы дәстүрі болып келеді. Тіпті талапқа сай өте әдемі бау- бақшалар конкурсы да болып тұрады. Конкурста жеңген жеңімпаз өзін өте таза, ұлттық салт-дәстүрді өте қатты сыйлайтын ағылшынмын деп есептейді. Aғылшындарға тән тағы бір ерекше дәстүр- өз балаларына өте жақсы, сіңімді білім беру. Ағылшындар балаларын көбінесе ақшалы оқуға, әсіресе қыздарды бір бөлек, ер балаларды бір бөлек оқытатын мектептерге беруді жөн санайды(балалдың білімді болғаны дұрыс деп есептейді). Ағылшындар дәстүрі бойынша, түскі асқа ерекше киім кию міндетті емес. Күндізгі киіп жүрген киімімен жүре беруіне болады. Мыс, джинсы, футболка, т.б. Ағылшындарда хан отбасы қатысуымен болатын тағы бір дәстүр бар.Бұл дәстүр 1605 жылдан бастау алады.Әдетте бұл дәстүр қазан- қараша айларында өткізіледі. Одан бөлек тағы бір дәстүрі сонау ХІІІ ғасырдан бері келе жатқан монархиялық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Бұл көбінесе ғибадатханаларда, мешіттерде зейнеткерлерге ақша беру, қиыншылықта өмір сүріп жатқан жандарға қол ұшын берумен басталады. Деректерге сүйенер болсақ, ХІІІ ғасырдың өзінде кароль кедей және ауру жандарға киім мен тамақ берген.[19]




















ІІ Қазақ халқы мен ағылшын халқының салт-дәстүрлерінің ұқсастықтары

Салт-дәстүрлердің ішінде наным мен сенім — әлем халықтары арасында кең тараған көне қағида. Әртүрлі наным мен сенім салт-сананың бір саласынан өрбіген. Сыртқы орта мен адамдар арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа көз- қарас, түсінік-таным мен ұғым тізбегі. Наным мен сенімнің міндеті белгілі бір заттарды немесе болжамдарды негізге ала отырыа құдіретті күштерге сену. Наным-сенім қағидаларын зерделеп, қазіргі заманға лайықтап ұғыну және қолдану баршамызға парыз.[3]

Әр мәдениетте наным-сенімдер болады. Еуропалық та, түрік тайпасының өкілі де талисмандардың құдіретті күшіне сенеді және көз тиюден қорқады. Әр-түрлі елдердің кейбір ырымдары ұқсас келеді: таға – сәтілік белгісі, 13 саны – сұрқай «чертова дюжина», айна сынса – бәлеге ұшырау. Бірақ бір нышанның қарама-қарсы мағынада талданатыны да болады. Ресейде қара мысықпен кездесу бәле шақырады және иықтан асыра түкіру түріндегі профилактикалық шараларды қолдануды талап етеді. Ал ағылшындар болса керісінше бір-біріне сәттілік тілеп, қара мысықтар бейнеленген ашық хаттарды сыйлайды.[2]

Сонымен қатар екі халықтада теріс киілген киім пәле-жаладан сақтайды деп саналған. Мысалы, ағылшындар теңіз жалауындағы аймақтарында қыздар теңіз дауылы кезінде көйлектерін теріс киіп, теңізшілерді қауіптен сақтап қаламыз деп сенген. Ал қазақ халқы жаңа туған балаға көз тимесін деп киімін теріс кигізген.[1]

Тағы бір ұқсастық ол қазақ және ағылшын халықтарының шай ішкенді ұнатуы. Және де ағылшындар да қазақтар да шайды міндетті түрде сүтпен ішеді. Егер шайдың бетінде шама қалқып жүрсе, үйге бейтаныс адам келеді деген наным-сенім екі халықта да бар. [13]

Мысалы қалыңдық орындуы тиіс нанымдар мен сенімдер:

• Қандай бағада болса да қарызға алынған нәрсенің өтемі тойдан кейін міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

• Дәстүр бойынша қалыңдыққа сыйланатын сыйлық жаңа болу қажет. Ол жаңа отбасының жаңаша бақытын білдіреді.

• Жаңа түскен келіннің үстінде көгілдір түсті бірнәрсе болуы қажет. Көгілдір түс риясыздықты білдіреді.

Ағылшындықтар мамыр айы - нағыз отау құруға ыңғайлы, қолайлы, жайлы ай деп есептейді. Осы айда отау құрған екі жас бақытты, ғұмырлары ұзақ болады деп сенген.[6]

Ресейде қара мысықпен кездесу бәле шақырады және иықтан асыра түкіру түріндегі профилактикалық шараларды қолдануды талап етеді. Ал ағылшындар болса керісінше бір-біріне сәттілік тілеп, қара мысықтар бейнеленген ашық хаттарды сыйлайды.[21]

Англияның кейбір аудандарында 2 немесе 3 қарғаны бірден көру үлкен жайсыздық саналады. Алайда аңызға сенсек, барлық қарғалар Тауэрден ұшып кеткенде Англияның күні қараң болады. Қарғалар популяциясын сақтау мемлекеттік маңызы бар іс саналатыны таңқалдырмау керек. Ағылшын жарғанатты көрсе немесе оның айқайын естісе қатты өкінеді. Ортағасырлардан бастап бұл аңдар мыстанның серігі болып саналады. Ал көз тиюден ең жақсы қорғаныс болып тауыс (павлин) қауырсынының құбылмалы дағы есептеледі екен.[20]

Осы наным-сенімге қарап, ағылшын халқы да уйлену тойына қазақ халқы тәрізді дайындалатынын көреміз, бірақ қалыңдық киіміне байланысты айырмашылықтар бар.[25]









2.1 Шай ішу дәстүрі

Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д.VI ғасыр ). Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.[14]

Ағылшын шай мәдениетіне келетін болсақ, көп адам англиялық «5 o’clock» шайы туралы есіне түсіреді. Алайда, Британияда шай ішудің нақты уақыты бекітілмеген. Ағылшындар шайды кез келген уақытта іше береді.

Британия жерінде XVII ғасырда жасаған Екінші Карлдың әйелі Катарина Брагансская үнді шайын сәнге енгізгеннен бастап танымал сусын атағына ие болды.

Шай ішу «шай бақшасы» аталатын арнайы кафелерде өтетін. Сонымен қатар, осы британдық «шай бақшаларының» арқасында «шайға беру» түсінігі пайда болды. Ол бақшалардағы шайды тез алып келу үшін ақша тастайтын үлкендеу себет орнатылуынан бастау алады.

Ағылшын шай ішу рәсімінің дәстүрлі ыдысы – күміс сервизі. Сервиз бар-жоқтығы үйдің ауқаттылығының белгісі саналатын.Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.[10]











Қорытынды

Қазіргі таңда салт-дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырыммен салт-дәстүрді шатастырады екен. Ата-баба өсиеті болып келе жатқан салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса ырым-жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған.

Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып. Жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды.


Қорыта келе, қазақ халқы мен ағылшын халықтарының мәдениеттері әр түрлі болғанымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерінде жақын ұқсастықтар мен айқын ерекшеліктер кездеседі. Ежелден сақталып келе жатқан наным мен сенімдер заманға сай өзгеріп отырғанымен, ежелгі мазмұнын жоғалтқан жоқ.











Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Арнольд И.В. Лексикология современного английского языка. – М.: Изд-во лит-ры на иностр.язык., 1959. – 351 б

  2. www.wikipedia.com

  3. www.google.com

  4. www.bilimdiler.kz

  5. www.zharar.kz






















Қосымша №1

Киіз үй ішінде


Қалжа мен шілдехана тойы









Қосымша №2

Моррис биі




















Қосымша № 3

Шай ішу дәстүрі





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ылыми ж?мыс Та?ырыбы: ?аза? хал?ы мен а?ылшын хал?ыны? салт-д?ст?рлеріні? ??састы?ы

Автор: Шуахбаева Зарина Кайратовна

Дата: 21.09.2015

Номер свидетельства: 232476


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства