« Қазіргі заманғы жасөспірімдердің сөйлеу әрекетіне ағылшын тілінің әсері» тақырыбын таңдап алуымыздың себебі, жаргондардың енуінен тіліміздің мәдениеті шұбарлануда және ауызекі сөйлеуде тілдік құрылымдар мен тіл бірліктері сауатсыз қолданылуда, бұл- жастардың сөйлеу мәдениетінің үлкен мәселесі болып табылады. Біздің күнделікті сөйлеу әрекетіміз- ол жастардың тіл мәдениетінің сауаттылығы мен мәдени эстетикалық құндылығының көрсеткіші ғана емес, ол- бүкіл қоғамға берілетін мінездеменің көрсеткіш құралы болып есептеледі .Сонымен қатар ол жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуының, адамгершілік және зияткерлік дамуының маңызды факторы болып табылады.
Өзектілігі: ол- тіл мәдениетінің бұзылуы, яғни тілдің жаргондармен шұбарлануы, тілдік құрылымдар мен бірліктердің тілімізде сауатсыз қолданылуы – бұл жастардың сөйлеу мәдениетінің мәселесі болып табылады. Біздің күнделікті ауызекі сөйлеу әрекетіміз- ол адамның сауаттылығының, эстетикалық және мәдени құндылықтарының көрсеткіш деңгейі ғана емес, ол- бүкіл қоғамға берілетін мінездеменің көрсеткіш құралы болып есептеледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу ол жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуының, адамгершілік және зияткерлік дамуының да маңызды факторы болып табылады.
Гипотеза: бір жағынан жаңа сөздердің пайда болуы сөз қорын байытса, екінші жағынан кірме сөздерді өте көп мөлшерде қолдану тіліміздің шұбарлануына әкеліп соқтырады, сонымен қатар тіліміздің қайталанбас әдеби көркемдігі, тазалығы бұзылады.
Мақсаты: ағылшын тілінің кірме сөздеріне сараптама жасау арқылы жас ұрпақтың күнделікті ауызекі сөйлеуіне ағылшын тілінің қалай әсер ететіндігін көрсету.
Міндеттері:
1. Тіл, сөйлесулер, Жалтыр негізгі мектебінің оқушылары мен ұстаздарының диалогтары
2. Жасөспірімдер мен үлкендердің вертуалды байланыс жасау құралдарына:
СМС, интернет торабы бойынша “Agent @Mail.ru” байланыстары ;
3. Ақпараттық байланыс құралдары: жергілікті аудандық «Новатор» газеті, теледидар.
Осы зерттеу жұмысын біз лингвистикалық зерттеулер мен салыстырулар әдістерін қолдану арқылы жүргіздік.
Тәжірибелік маңызы: бұл жұмысты ағылшын тілі сабағында, тіл мәдениеті немесе факультатив сабақтарында қолдануға болады және кірме сөздерді одан әрі зерттеу мақсатында пайдалануға болады.
Ғылыми жаңалығы: Ағылшын тілінің кірме сөздерінің біздің лексикаға ену себебін анықтау мақсатында көптеген тіл мамандары сонау 20 ғасырдың басынан бері зерттеп жатса, біздің аудан бойынша бұл мәселенің бірінші рет қаралуы –ғылыми жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.
1. Теориялық бөлім
Зерттеу нысаны
Ағылшын тілінің енуі
Заманауи әлемде ағылшын тілінің маңыздылығы күшеюде, ол «ым-белгі» тіліне айналуда, оның әлемдік дәрежесі жоғарлау үстінде, оның әлем тілі ретінде қолданылу аясы кеңеюде. Ақпараттану, ғаламдық компьютерлік интернет торабынының пайда болуы, әлемдік экономикалық нарықтың , халықаралық туризм саласынының дамуы, мәдени байланыстар- осының бәрі жаңа кірме сөздердің пайда болуына себеп болып отыр. 1898 жылы Герман империясының канцлері Отто Бисмарк : «Заманауи тарихтың қозғаушы күші- Солтүстік Американың ағылшынша сөйлегені»- деген екен. Жүздеген жыл өтсе де, бұл сөз өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. 2004 жылы Эдинбургте ағылшын және өзге тілдер келешегінің мәселесі бойынша өткен Британдық Кеңес конференциясының қатысушылары 2010-2015 жылддары ағылшын тілін оқып-үйренушілердің саны Британиядан тыс елдерде 2 миллиардқа жетеді деп ұйғарған. Бүкіл ғаламшарда жақын уақытта 3 миллиардтан астам адам ағылшын тілінде сөйлейтін болады. Қазіргі жағдайды талқылай келе, көптеген филологтар мен лингвистер кірме сөздердің біздің лексикаға алаңдататын қарқынмен енуде екенін атап өткен. Қазіргі жасөспірімдер мен жастардың ауызекі сөйлеуінде ағылшын тілінің сленгтерін өте жиі қолдануы алаңдатушылық туғызып отыр. Өз ойларын, сезімдерін ағылшын тілінде жеткізу жастарға жеңілірек көрінеді. Мүмкін ұлт болып қалыптасқаннан бері алғаш рет әкелер мен балалары арасында пайда болған алшақтық -адамгершілік критерийлері бойынша емес, ол тілге байланысты болып отырған сияқты.
2. Тәжірибелік бөлім
2.1 Кірме сөздердің тілімізге ену себебін анықтау
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің даму заманында, қоғамдық өміріміздің қарқынды өзгеруі, өте көп мөлшерде жаңа сөздер сөз қорымызды толықтыруда, тіпті кей сөздердің мағынасын түсініп те үлгермей қаламыз. Екі немесе бірнеше тілдердің бір- бірімен қарым-қатынасының сөздік пен сөз құрылымдарына әсер етуі –тілдік байланыс деп аталады.
Адамзаттың тарихи даму үдерісінде ұлт тілдері үнемі бір-бірімен байланыста болады. Ақпараттық ағынның күшеюі, ғаламдық интернет жүйесінің пайда болуы, елдер арасындағы байланыстардың кеңеюі, әлемдік сауданың, экономиканың, ақпараттық технологиялардың дамуы және олимпиадалар мен түрлі халықаралық фестивальдарға қатысуы, сән көрсетілімдері - осының бәрі біздің тілімізге жаңа сөздердің енуіне себеп болып отыр. Шет тілді халықтармен етене жақын қарым-қатынас жасаудың қажеттігі артты. Осының бәрі шет тілдік кірме сөздердің енуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар олар халықаралық терминдер жүйесіне енгізілген.
Қазіргі таңда жер бетінің халықтарының 4\1 бөлігі ағылшын тілінде сөйлеседі, миллиардтаған адамдар оны оқып-үйреніп жүр.
Заманауй ақпараттық технологиялар материалдары ағылшын тілінде жазылған, халықаралық ғылыми конференцияларда барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады және осы тілде басылымдарға шығады. Халықаралық келісімсөздер аудармашының көмегінсіз, екі жақ бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі.
Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің осы заманғы тілдер арасында алатын орны қандай, нақтырақ айтсақ- біздің ауызекі сөйлеуімізде, жастардың сленгтерінде; «англотизация» бұл қалыпты өздігінен болатын тілдік үдеріс пе, әлде әлеуметтік-идеологиялық себептермен байланысты ма? Осындай бір-біріне қайшы келетін сұрақтар біздің Жалтыр негізгі мектебінің оқушыларының ағылшын тілін оқып-үйренуге деген көзқарастарын зерттеуге итермеледі. Сонымен қатар бақылау, жүйелеу және классификациялау сияқты әдістер арқылы кірме сөздерді байланыс аясына қарай жүйелеп, олардың БАҚ пен ауызекі сөйлеудегі қолдану жиілігін анықтауға тырыстық.
Әлеуметтік сауал. «Кірме сөздерді күнделікті өмірде қолданудың себептері » тақырыбында мектеп оқушыларынан сауал алынды. Зерттей келе қазіргі жасөспірімдердің лексиконына шетел сөздерінің енуінің бірнеше себептері бар екен:
1.Әр түрлі құбылыстарға, жаңа заттарға және түсініктерге атау қою қажеттігі. Мысалы: ноутбук, сканер, интернет, адаптор, миксер.
2.Біздің тілімізде кейбір заттардың балама атауларының болмауынан: чипсы, бейнеклип т.б
3.Бір нәрсені сипаттау үшін сөз құрылымдарының орнына, көп түсіндіріп жатпай, англицизм көмегімен бір сөзбен ғана айтуға болады. Мысалы: пиллинг, мейк ап, уикенд, шопинг жасау т.б
2.2 Кірме сөздерді байланыс аясы бойынша классификациялау
Жарнамалардағы, хабарландырудағы және этикеткалардағы (жапсырмалардағы) жазылған шетел сөздері жасөспірімдердің лексиконынан орын алуына және оларды насихаттауда ерекше рөл атқарады. Қазіргі уақытта жапсырмалары ағылшын тілінде жазылған түрлі тауарлар шығып жатыр: «MilkyWay» (cүт жолы), «Baunty» (жомарт), «Nuts» (жаңғақтар), «Head and Shoulders» (бас пен иық), «Fairy» (сиқыршы) жуғыш құралдар, «Tide» (кір жуғыш ұнтағы). Аудио және бейнеаппаратураларда мынадай жазуларды көруге болады: Push,Stop, Wind, Low, High, Noise және т.б. Киімдердегі жазулар олардың қайда жасалғанын, киімнің сапасы немесе оны қалай күту керектігі туралы ақпарат болады: Made in China; 100% cotton; Wash 30-40 С. Соңғы жылдары киімдердегі әртүрлі жазуларды жарнама үшін, кейде географиялық атаулармен, күлдіргі сөздермен безендіру сәнге айналған. Мысалы, футболкалардағы мынадай жазулар: Kiss me!; California; Montana; Milk is better than Wine; Star Wars; Drink Coca-Cola; I love you!; Let’s go shopping! және т.б.
Көптеген жазулар біздің тілімізге әбден сіңіп кеткен кірме сөздерден тұрады. Мынадай сөз тіркестерін де жиі естуге болады: «Бұл сондай керемет шоу болды»; «тамаша клип»; «бестселлер сатып алу»; «бұл нағыз хит емес пе»; «пицца сатып алу керек».
Әртүрлі байланыс аясына жүгіне отыра, әрбір жасөспірім ағылшын тілді сөздерді кезіктіреді:
1. Билік, саясат. Соңғы жылдары еліміздің саяси лексикасында шетел сөздері пайда болды. Мысалы, министрлер советінің басшысы қазір премьер-министр, орынбасары – вице-премьер деп айтады.
2. Бұқаралық ақпараттар жүйесі. Бұл сала аясы англицизммен қарқынды толығуда. Интернет- кірме сөздерді қолдану бойынша ең «рекордсмені» деп айтуға болады, әсіресе жарнама мәтінінде, оқиғалар туралы хабарламаларда және т.б. Негізінде бұл салада өте көп кәсіби тіл мамандары жұмыс жасайды және олар сөйлеу мәдениетін халыққа жеткізуші болу қажет, алайда шынайы өмірде бәрі керісінше: БАҚ, соның ішінде әсіресе телеарна біздің тілімізге басқа кірме сөздердің енуіне күшті ықпал жасауда.
3. Спорт. Бізге үйреншікті көптеген сөздер ағылшын тілінен енген екен. Оларға мына сөздер жатады: спортсмен, футбол, бодибилдинг, фитнес, спринтер, армрестлинг.
4.Техника. Жаңа технологияларға жаңа атаулар құрастырады және олар ағылшын тілінен енген сөздер болып табылады: компьютер, ноутбук, мобильді, сканер, органайзер, клавиатура, монитор.
5. Кино, музыка. Бұл сала ағылшын тілінің әйгілі атағын шығарған сала деп есептелінеді. Қазір көптеген поп жұлдыздар ағылшын тілінде ән салады, көптеген фильмдер де ағылшын тілінде түсіріледі, түрлі әйгілі сөз тіркестері бар, мысалы, А.Шварцнеггердің атақты сөзі : I'll be back; Дима Биланның әнінің қайырмасы: Never- ever let me go; Шекспирдің «To be or not to be, that is the question» бұлар жастардың күнделікті сленгтерінде қалып қояды.
6. Экономика. Бұл салада мынадай кірме сөздер кездеседі: инвестиция, маркетинг, дилер, брокер.
3.3.БАҚ пен ауызекі сөйлеуде басқа тілден енген сөздердің қолдану жиілігі.
Басқа тілден енген сөздердің басым бөлігі жастар сленгтерінде, әсіресе тинейджерлер тілінің маңызды бөлігіне айналған. Зерттеулер көрсеткендей, жастардың лексикалық сөз қорының тиімді көзі БАҚ \интернет\, техника \компьютерлік технологиялар \ , поп-мәдениет \кино, музыка\
Әрине, бұл деректерге социо-мәдени баға беруге болады, Бұл оқушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттырады. Жастар сленгтері- маңызды әлеуметтік фактор болып табылады. Жасөспірімдер үшін әлеуметтену өте маңызды, олар үшін сленг сөздерін қолдану, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздерді қолдану, қайсыбір жастар тобына кіруге мүмкіндік беретін рұқсатнаманың «коды» немесе «кілті» іспетті. Сондықтан шетел терминологиясында сленгтерді in- grouplanguage\ in group vocabulary (топтар арасында қолданатын сөздер) деп айтады. Компьютершілердің «өз тілі» яғни «топтардың тілдері» деген бар, олар геймерді хакерден, ал юзерді флешмобилден жылдам ажыратуға мүмкіндік береді. Сноубордистер сленгтің көмегімен араларындағы жаңа қосылған адамның гуффи ме, әлде нормал екендігін бірден айыра алады. Шетел тілінен енген бұл сөздер тіл байлығымыздың молаюына мүлдем кедергі келтірмейді, себебі нақты әлеуметтік қызмет атқарады, олардың көпшілігі уақыт өте кейбір әлеуметтік топтардың ескіріп, жоғалуына байланысты тілімізден де жоғалады. Оған мысал хиппи сленгі бола алады.
2.3 Оқушылардың зерттеу нысанына көзқарасы
Ағылшын тілінен енген сөздерді қолдану өзіндік сәнге\ модаға\ айналуы жастар ортасында стереотиптің қалыптасуымен сипатталады. Біздің заманымыздың осындай стереотипі бұл- американдық қоғамның өмір сүру деңгейінің әжептәуір жоғары екендігі және ол елдерде техникалық прогрестің қарқынды дамуы, барлық әлемді өзіне қаратуы. Өз тілдерінде ағылшын тілінің кірме сөздерін қолдану жастарды осы американдық мәдениетке, олардың өмір сүру стиліне біршама жақындатады. Дегенмен ағылшын терминологиясына қатысты әлеуметтік айырмашылық та байқалады. Жастарға қарағанда ересектерде бөтен лексиканы қабылдау қарқыны төменірек. Қазіргі уақытта халықтың білім деңгейі жоғарлануынан, кірме сөздерді игеру жеңілірек. Жоғарыда айтып кеткендей, біздің елімізде шетел тілін меңгерген адамдар саны артуда, әсіресе жастар арасында. Белгілікті ортада жастардың англицизмдерді қолдануы олардың жоғары ақпараттанғандығын және басқалардан артықшылығын көрсетеді. Кейбір шетел сөздері жастардың тілдерінде өз орталарында бұрмаланып қате айтылады және бұл сөздер халық арасына тез таралып кетеді. Бұл сөздер көбінесе айтылу, яғни дыбысталу кезінде қате айтылған кірме сөздер болып табылады. Ол сөздер кейбір дыбыстардың дұрыс айтылмауынан, кейбір дыбыстардың қосылуынан немесе орын ауыстыруынан пайда болады.
Мысалы: Шузы shoes сөзінен – туфли; Бутсы Boots- ботинки сөзінен;
Ағылшын тілінің кірме сөздері мектеп өмірінің ауызекі сөйлеуінде де кездеседі, мысалы: мектеп оқушыларының жаргоны «инглиш» сөзі «English» - ағылшын тілі (инглиш бола ма?),
«холидей»- «holiday» - демалыс (өмірімде бәрі O’K , болады жақында холидей) «френд» - «friend» - дос, жолдас (Ол менің гелфрендім) «комп» - «computer» - компьютер «мазер-фазер» - «father- mother» - (әке-шеше мазер-фазер үйде ме?)
Жоғарғы сынып оқушыларынан \7-9- сыныптар\ олардың келешек өмірінде ағылшын тілінің маңызы туралы сауал қойғанда, олардың жауабы:
Мен шетелге саяхатқа барғым келеді – 42%
Бұл маған жақсы жұмыс табуға зор мүмкіндік береді – 18%
Шетел азаматтарымен сөйлескім келеді – 10%
Мен ағылшын тілінде газет- журналдар, кітап оқығым келеді-9%
Мен шетелде оқығым келеді – 11%
Ағылшын тілі-мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын пән- 100%
Түйіндеу:
Біздің еліміз ертеден басқа елдермен саяси, сауда, ғылыми және мәдени байланыста болғандықтан тіліміз басқа тілдермен байытылып отырған. Бұндай сөздер біздің халыққа жаңа заттар, дәстүрлер мен түсініктерге жаңа атаулар берді. Гипертілдердің пайда болуы көптеген мәселелер туғызады. Бұл мәселелерді шешу эколингвистика- тілдердің бір-бірімен байланысын зерттейтін 21 ғасырдың өзекті ғылым саласының тұғырында. Әлемнің ағылшын тілді емес елдерінің халқы мәдениаралық қарым-қатынасқа дағдылану қажет, сонымен қатар өз тілінің тазалығын, ұлттық мәдениетін сақтап қала білу керек. Тәжірибе көрсеткендей, уақыт өте тілдегі артық және қажетсіз сөздер өздігінен түсіп қалады.
Англицизмдерді қолданудың кейбір артықшылығын да айтып кету қажет:
-біріншіден, кейде англицизмдерді қолдану ыңғайлы, өйткені олар қысқа да нұсқа айтылады;
- екіншіден, ұзақ аудармалардан гөрі, англицизмдер бәріне түсініктірек.
- үшіншіден, бұл сөздер біздің күнделікті тілімізге енген, әсіресе жастар мен Бұқаралық ақпараттар құралдарына ;
- төртіншіден, кірме сөздер нормативті лексикаға жатады
Қорытынды:
Қорытынды жасай келе, мынадай бір-біріне қарама-қайшылықты айта кету керек:
Бір жағынан жаңа сөздердің пайда болуы біздің сөз қорымызды байытса, екінші жағынан өте көп мөлшерде кірме сөздер тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғады, сонымен қатар тіліміздің қайталанбас әдеби көркемдігі, тазалығы бұзылады.
Дегенмен жасөспірімдер, соның ішінде оқушылар ағылшын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен. Ең маңыздысы-айтылған сөздердің мағынасын біліп, оларды орынды қолдану керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Гальперин И.Р. Стилистика – Москва: Высшая школа. 1981
И.М. Сингатуллин. Практические вопросы обучения иностранным языкам. ИЯШ 1995 г.