Ересектерге ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамыржанова Ляззат Ерыккызы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай қазіргі заманғы білім жүйесі қажет» дегені мәлім. Сондықтан да еліміздің ішінде және мемлекетарылық қатынастар, экономика жағдайы, күннен –күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының артуы білім беру сапасының мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болуда. Қазір өркениетке апаратын құрал тек қана – білім. Сол білім арқылы еліміздің, өсіп келе жатқан ұрпағымызды, жалпы алғанда болашағымызды жарқын ете аламыз. Қазіргі таңда көптеген оқушыларымыз, студенттеріміз өздерінің білімдерін әлемдік деңгейде көрсетіп жатыр, бұл еліміздің Білім Беру жүйесінің жоғары деңгейде екенінің айқын дәлелі. Сол деңгейді одан ары жоғары көтеріп, түсірмей, әлемдік деңгейде ұстап тұруымыз қажет. Ол үшін көп көңіл тіл саласына, әсіресе ағылшын тілінің дамуына ұстаздар, соның ішінде Аңылшын тілінің мамандары өз үлесін қосулары маңызды. Білімді ұрпақ болашақ иесі болып табылады. Ал білімді халық- Еліміздің болашағының қалыптасуы болып саналады. Халқымыздың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі күні білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірт білімді өз бетімен меңгереді. Қазіргі біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі мұғалімнің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды шебер меңгеруді талап етеді. Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруіне емес, тыңдаушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен теория жүзінде таныса отырып оқушылардың қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктерді білдім. Іске тартылған педагогикалық тетіктер: оқыту негізін түсіну, өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдіс-тәсілдерін таңдау, жүйелі ойлауға үйрету, оқушылардың шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру. Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді. Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді. Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Грамматикалық-аударма әдісі; Сатылау; Тізбектеу әдісі; Үнсіздік әдісі;Физикалық сезіну әдісі; Рольдік ойындар;Мәдени қарым-қатынас; Жобалау ідісі; Проблемалық оқытуәдісі;Анализдеу;Миға шабуыл;Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік, көру,есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс; Келесі әдіс;Түсіндіру; Көрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Оқытушының сабақ барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады. Оқытуда жылдар бойы түрлі әдіс- тәсілдер қолданылып, тиімділіктері тексеруден өтті, әлі де алуан түрлі болып келеді. Себебі уақыт өзгере келе, қоғамда өзгереді. Сөйтіп заман ағымына сай сан алуан әдістер дүниеге келтірілді. Қорытындылай келе, ағылшын тілінің Мемлеткетіміздің дамуында, оның алдыңғы қатарлардан көрінуіне мағызы зор. Сондықтан да, бұл тілді әлемдік деңгейде игерту- тікелей мұғалімдердің салған күштеріне, үйретуде қолданған тиімді деген әдіс- тәсілдеріне тікелей байланысты дегім келеді. |