kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электронды о?улы?тарды пайдалану тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Электронды о?улы?тарды ?олдану п?нге ?ызы?ушылы?ты арттырады. О?ушы ?осымша м?лімет алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электронды о?улы?тарды пайдалану тиімділігі»

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

 

Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.  Бұл негізінен адамдардың білім көкжиегін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерін басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, сұрыптау болып отыр. XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.

Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар  – ертеңгі күні оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.   Кез келген жаңа ақпараттық технологияның мақсаты – әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

         Мектептің оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты – мұғалімнің инновацияға  қатынасын және жаңа пікірлерді сауалнамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Мұнымен қатар жаңаруға көзқарас мұғалімінің жеке бас ерекшеліктеріне де байланысты болады, әсіресе жеке тұлғаның жүйке жүйесі жұмысының: үрейлену, белсенділік, білімдарлығы, өзін-өзі баға беру дәрежесі және т.б. түрлеріне тікелей байланысты. Сондықтан жаңалық енгізуде жариялылық пен нұсқау беру басты орын алады. Әрбір мұғалім бұл үрдісте өз орнын білуі керек. Егер мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін-өзі басқару, жаңа іске бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады.

Еліміздің саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді ақпараттандыру. Бүгінгі таңдағы  біртұтас ақпараттық ортаны құру. Бүгінгі таңда білім саласында ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық кеңістікпен сабақтастыру болып отыр.  Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелердің бірі - оқыту үрдісінде  де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімділік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып отыр.  Білім беруде мұғалім құзырлығы ақпараттық-технология құралдарын игерумен тығыз байланысты. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану кезінде әр ұстаз шебер әрі мазмұнды яғни нәтижеге қол жеткізетіндей қолдана білуі керек. Білім беруге жаңа ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге бүгінгі таңдағы адамзаттық ақпаратттық жетістіктерінің алуан түрінде жол таба алатын, өз бетінше ойлай білетін жаңа адамды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Компьютерлік технологияны қолдану- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастырудың бір жолы. Бұл технология мұғалімнің өздігінен үздіксіз жетілуді, оқытудың заманауи құралдарын қолдануда педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды талап етеді.

Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі  өте ауқымды. Сондықтанда сынып оқушыларымен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда  мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді.  Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін  сұрыптауға зор ықпал етеді. Электрондық оқулықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту. Электронды оқулықтар уақытты ұтымды пайдаланып, үнемдейді. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негіздеген жүйе болып табылады.    Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке шығармашылықпен жұмыс істегенімен пара-пар. Ал, электрондық оқулықтар білім беру үдерісін ақпараттандыру құралының бірі деп айтуға болады. Бұл жерде тек оқушы үшін ғана емес, ұстаз қауымы үшін де әдістемелік құрал болып табылады.  Компьютерлерге арнайы орналастырылып оқу үрдісінде автоматтандырылған  жүйе болып отыр. Бүгінгі таңда бірнеше пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен қолданысқа ие. Электронды оқулықтың тиімділігі суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік жүйесімен баурап алады.  Осындай оқулықтар барлық пәндерден  түбегейлі қолданылса нұр үстіне нұр болары хақ. Бүгінгі таңда ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің мәніне айналды. Электронды оқулықтардың бірден бір тиімділігі:

-Материалдардың алуан түрлілігі:

 -Аудиомәтіндер, суреттер, сызбалар, жұмбақ-сызбалар, бейнематериалдар, презентациялар т.б.

-Тапсырманың бірізділікпен берілуі;

-Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі;

-Ақпаратты сұрыптай алуы;

-Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы;

- Белгілі бір  өсу сатысына көтерілуі ;

- Ойының ұшқырлығы;

-Ғылыми жобалар ұсынуы.

Электронды оқулықтағы  сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар оқушының  пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, шығармашылыққа жетелейді,  өз бетінше ізденіп, көш озық болуына  итермелейтіні анық.

Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.

Ақпараттың қажетін сезіну, тиімді қолдану ең бастысы шығармашылыққа жетелеуде электронды оқулықтардың орны ерекше. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр оқушының дұрыс ой түюіне, өнегеге жол сілтеуі, ғылым жетістіктерін терең меңгертіп оқыту, білімге деген мәңгілік құштарлық та  ұстаз парыздылығының  кемел көрінісі болмақ. Мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты электронды оқулықтар  үнемі жаңадан жаңа дүние жасауға мүмкіндік береді.   Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында бірқатар жұмыстар өз нәтижесін береріне сенімім мол.

 

                                                             




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Электронды о?улы?тарды пайдалану тиімділігі

Автор: Габдрахманова Алия Куснетденовна

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329185


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства