Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі Көптілділік , мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидумның) көптілділікті және ұлт пен ұлыстың көптілділікті болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп Қадыр ағамыз айтқандай, қазақ тілін білу-бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесерің хақ. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі басым. Бұл-тәуелсіздіктің жетістігі. Елбасы Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді міндеттеді. Орыc тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі алдағы 5 жылда 70 пайызға жетеді. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, [1] шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі. Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үш тұғырлылығын міндеттеді. Менің алдыма қойған мақсатым–ағылшын тілін жетік меңгеру болып табылады. Шетел тілін үйренудегі негізгі қағидаларым: сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларымды дамыту, қалыптастыру, өз ойымды басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілін жан – жақты үйреніп жүрмін. Әсіресе ғаламтордың үлкен мүмкіндіктері қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздім. Мысалы: күнделікті сабақтарда ғаламтор талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалармен жаттығуларды орындай аламын. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, ғаламторда отырып, аударма жұмыстарын жүргізуге және өзіме қажетті мағлұматтарды дер кезінде алуға толықтай мүмкіндіктер аламын, радио бағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктерім бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты ғаламтордың артықшылық көздері пайдалана аламын. Ғаламтор өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Біз ғаламтор арқылы көп нәрсе істей аламыз және бізге ғаламтормен жұмыс жасаған өте қызықты. Елтануға арналған тақырыптарды өтккенде үнемі, алдымен сабақтарымыз ой қозғауды бейнероликтермен басталады. Мысалға: «Great Britain” т.б. тақырыбы бойынша Auto PlayMedia Studio бағдарламасы арқылы жасақталған электрондық оқулығынан бейнеролик қаралып, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы айқындалады. Сол сабақта екі елді салыстырамыз. Осы елтану тақыры бойынша қорытынды сабақта Powerpoint бағдарламасы арқылы оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша әр оқушы өз презентация құрастырып, жұмыстарын қорғады. Үнемі Қазақстан, Ұлы Британия, АҚШ т.б. елдер туралы өтілген тақырыптар бойынша қорытынды сабақтарда „Jeopardy”, «Criss and Nill”т.б.ойындарында балалар белсенділіктері жоғары болады. Сабақтарда және қолданбалы курстарда оқушылар ғаламтор арқылы жұмыстар жасайды және тақырыпқа сай өздері тірек сызбалыр құрастырып сол сызбалар арқылы мәтін бойынша түсінгендерін айтуға тырысады. Мысалы: Сонымен қатар мектеп мұғалімдері сабақтарда оқушылардың логикалық ой өрістерін кеңейту мақсатында үнемі шешімін табуға және қазақша, орысша аудармаларын айтуға тапсырмалар беріп отырады: Мысалы: Грамматикалық тақырыптарды өткен кезде мысалға: idiom, phrasal verbs, the degrees of comparision of adjectives, theplural of nouns, passive voice, gerund, modal verbs etc. әрбір сабақта жаттығулармен қатар қазақша, орысша мақал-мәтелдерді салыстырмалы жұмыстар арқылы грамматикалық тақырыптарды түсіндіріледі. Мысалы: the degrees of comparision of adjectives: A good name is better than riches. Жақсы сөз- жарым ырыс. Добрая слава лучшебогатсва. Better late than never. Лучше поздно, чем никогда. Ештен кеш жақсы. The Gerund: Talking mends no holes. Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер. Разговоры не помогают в беде. Learning is the eye of mind. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп. Ученье – свет, неучение –тьма. Idiom тақырыбын өткен кезде идомаларды қазақ тілімен салыстырып, ағылшынша баламаларын тауып, оқушылар оның қазақша аудармаларын жасағанды ұнатады. Мысалы: on the tip ofone’s tongue: about to be spoken or remembered – біреудің тілінің ұшында тұру немесе ұмыту; button your lip: to stoptalking; be quiet – екі елі ауызға, бір елі қақпақ немесе тыныштықты сақтау; tohave time on one’s hands: to have a lot of time- біреудің қолы бос болу немесезейнеткерлікке шығу. т.б. Сабақта осындай түрлі жұмыстар жүргізу арқылы біз әр елдің, олардың тілдік айырмашылықтарын білеміз,үйренеміз салыстырамыз. Сабақта әр оқушы қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін салыстыру арқылы тез ойлап, шешім қабылдауға тырысады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылар арасында бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасап үйренгендігі, топтық және ұжымдық дағдылары қалыптасқандығы, өз ойын жүйелі түрде саралауға үйренгендігін байқадым. Мұғалім үшін оқушылармен жұмыс жасау жеңілдеді, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы артты. Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Маманға шет тілін меңгеру кез - келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасу - басты міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер: 1. Қазақстан Республикасының Призендеті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік – экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» Астана, 20126 27 қаңтар 2. Қазақстан Республикасының Призендеті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы. Астана, 2007ж 3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар № 1(64) 4. Құдайбергенов Р. Техникалық көптілдік сөздік: 50 мыңға жуық терминдер/Р. Құдайбергенов. – 2008 5. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері/құраст. Е. Баянов 2-ші кітап. – 2009 6. Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ Көп Тілді Болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-15 б. 7. Алметова Н.Ш., Касенова Р.К. Многоязычное обучение в школах Казахстана: опыт, проблемы и решения//Педагогика, №5, 2011г. С.117-122 8. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты. 9. Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/ Slovo, 2008. С– 264-270 10. Абсатмаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов. – Алматы, 1999. 11. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115-120 б. |