kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диалогтік о?ытуды? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл – т?жірибені ?жымды? ?абылдауды? негізгі ??ралы. Негізінде, білім алу диалог ар?ылы беріледі де, о?ушыларды? сыныпты? ж?мыста?ы ?зара байланыс пен келісушілікті ?абылдау де?гейін білдіретін ?ызметті? диалогпен ?алайша жанасатынына байланысты болады.Александер (2008) диалог т?рінде о?ыту о?ушыларды ынталандыру ж?не дамыту ?шін ??гіме к?шін ?олдану?а м?мкіндік береді деп санайды. Александерді? пайымдауынша, диалог ар?ылы м??алімдер к?нделікті ойтал?ыларда «салауатты» келешек м?мкіндіктерін аны?тап, о?ушыларды? дамып келе жат?ан идеяларымен ж?мыс жасауларына ж?не т?сінбеушілікті же?е білулеріне к?мектесе алады.Мерсер (2000) сипатта?андай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында те? ???ылы серіктестер болып табылады. ??гімені? ?ш т?рін к?рсетті.

??гіме-дебат

• Кумулятивтік ??гіме

• Зерттеушілік ??гіме

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диалогтік о?ытуды? тиімділігі»

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.

Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіменің үш түрін көрсетті.


Әңгіме-дебат

Кумулятивтік әңгіме

Зерттеушілік әңгіме


Болжам: «Егер ағылшын тілі сабағына диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады»деп тұжырым жасаған. Сондықтан «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі» мақсатындағы міндеттерім:
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс - тәжірибе алмасу;
- Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс - әрекетін зерттеу. Осы мақсат - міндет негізінде күтілетін нәтиже:
«Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады.»деп күтілетін нәтижені анықтап алдым.

Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптастыру - бүгінгі күннің талабы болып отыр. К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта (Strong, Ward &Grant, 2011) атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болуы керек [МАН, 9 - бет]. Екінші кезең - «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде зерттеу тақырыбымды «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі» деп алып, Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділігін анықтау мақсатын көздедім. Осы мақсат негізінде орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрып, диалогтік әдіс - тәсіл арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйретуді, сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін арттыруды міндеттедім. басты міндеттер болып табылды.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн (2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ [МAH, 98 - бет].
Мен 5 - сыныпта өткен сабақта оқушыларды 5 оқушыдан 10 оқушыны екі топқа бөлу арқылы өткіздім. Онда шет тілі болғандықтан міндетті түрде тіл үйрену үшін тақырыптық диалогтар беріледі. Сол диалогты оқушылар оқып, өз бетімен оқып, түсініп, аударуға және өз ойларын еркін жеткізуге бағытталған жаттығулар орындады.
Т. Аяпованың «Ағылшын тілі» оқулығының соңғы тараулары бойынша «Астанаға барғым келеді», «Каникулда қай жаққа барғың келеді?», «Каникулды қалай өткізгің келеді?» тақырыптары бойынша сабақ өткізгенде «Астана қандай қала?», «Кім Астанада болды?», "Кім Астанаға барғысы келеді?" деген сұрақпен бастадым. Оқушылар бар мүмкіндігінше жауап берді. Топтастыру стратегиясы бойынша «Астана» сөзі жазылған ментальді карта арқылы екі топқа бөлінген оқушыларға «қандай ассосация береді соны жазыңдар» деп жазғыздым. Олар ментальді карта жасауда «Әдемі қала, жаңа қала, Елорда, Хан шатыр, Байтерек, Пирамида» деген сөздерді қамтыған.
Осы ментальді карта толтырып болғаннан кейін осы сөздерді ағылшын тілінде айтайық деп сөйлеуге жетеледім. Оқушылар екі топта осы сөздерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тілінде «Astana is the capital of Kazakhstan», «Astana is new city», «Аstana is the modern city», «The Monument of Baiterek is new builbing» деген сөйлемдерді құрады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Диалогтік о?ытуды? тиімділігі

Автор: Джампейсова Назира Сансызбаевна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 256083


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства