kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды о?ушыларды п?ндік олимпиада?а дайындауды? тиімді жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі уа?ытта т?рлі білім жарыстарында ?аза?стан намысын халы?аралы? ареналарда биіктерге к?тере алатын біліді де талантты жастар?а деген с?раныс ?те мол. Елімізді? болаша?ы білімді, ?абілетті жастарды? ?олында. Жастар?а білім мен т?рбие беру мектеп ?абыр?асынан басталады.Олимпиада-интеллектуалды жарыс ?уанышы ж?не ?зіні? білімі мен к?шін тексеру м?мкіндігі

Олимпиаданы? негізгі ма?саты ж?не міндеті:

?абілетті, дарынды о?ушыларды ай?ындап іріктеу ж?не ?олдау к?рсету; мектеп о?ушыларыны? ?ылыми ж?мыс?а деген ?ызы?ушылы?ын ояту; ?лтты? білімді дамыту; дарынды жастарды? ?з ?абілеттерін ж?зеге асыруына к?мектесу; мектеп бітірушілеріне маманды? та?дау?а к?мектесу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды о?ушыларды п?ндік олимпиада?а дайындауды? тиімді жолдары »

Дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары


Қазіргі уақытта түрлі білім жарыстарында, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де талатты жастарға деген сұраныс өте мол. Еліміздің болашағы білімді, қабілетті жастардың қолында. Жастарға білім мен тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталады.
Олимпиада – интеллектуалды жарыс қуанышы және өзінің білімі мен күшін тексеру мүмкіндігі!

Олимпиаданың негізгі мақсаты және міндеті:

қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап іріктеу және қолдау көрсету;

мектеп оқушыларының ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту;

ұлттық білімді дамыту;

дарынды жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу;

мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауға көмектесу.


Олимпиадаға дайындау әдістемесі- қарастырылып отырған тәсілде оқушыларды олимпиадаға дайындау ағылшын тілінің базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі — сабақты олимпиада түрінде жүргізу.


Білім беруде мектеп оқушылары арасында өтетін пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындау, оларға қатыстыру ерекше мазмұнға ие. Олимпиадаға қатысу- оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділігін, дүние танымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға ізденімпаздылық пен мақсаттылыққа, өзін ұстай білу сияқты адамдық қасиеттері бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Мектеп оқушыларының олимпиадасы 8-9-10-11 сыныптар арасында өтіп, аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі бірнеше кезеңдерден тұрады.

  Олимпиадаға дайындық кезінде келесі жұмыстар жүргізілуде:

тестер нәтижелерінің  талдауы,

қиын тақырыптармен жұмыс істеу,

қайталауды ұйымдастыру,

мәліметтерді блоктап  беру,

тақырыптық  тестерді  қолдану.

Пәндік олимпиадалар төмендегі мынадай негізгі міндеттерді шешуге мүмкiндiк береді:
- оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру
-оқушыларды түрлі тапсырмаларды орындауға қалыптастыру;
- мектеп оқушыларының ішінде ғылыми еңбекке бейім оқушыларды анықтау;
- жоғары сынып оқушыларына кәсіп тандауда көмектесу;
- мектепте сабақтан тыс жұмыстар, үйірмелер, факультативтердің жұмыстарын жандандыру;
Ағылшын тілі пәнінен өткізілетін олимпиадалар мектеп бағдарламасы мен базалық курс бойынша өткізіледі.
Олимпиадаларға ұсынылатын тапсырмалар дәстүрлі емес, яғни сабақ үрдісінде негізі қаланған бірақ терең талданылмаған тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды орындау -оқушылардың қосымша ізденуін талап етеді.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау кезеңі өте күрделі. Дайындалатын оқушының білімін жетілдірумен бірге, оның моральдық- психологиялық жағдайларына да мән беру қажет.
Олимпиадаға дайындық үшін алынатын оқушыларды 5-6 сынып оқушыларының ішінен тандаған дұрыс. Біріншіден, бұл сынып оқушыларында білімге деген құштарлық жоғары болса, екіншіден, мұғалім оқушыны олимпиадаға 7-8 сыныптан бастап қатыстыру арқылы, оқушының мол тәжірибе жинақтауына мүмкіңдік береді. Сонда оқушы олимпиадаға 3 рет қатысудың орнына 4-5 рет қатысып. білім денгейін толық көрсетуге мүмкіндік алады. Үшіншіден, мұғалім оқушыны 5-6 жыл үздіксіз дайындау арқылы оқушының пәнді жан-жақты меңгеруіне ықпал жасайды.

Олимпиада білімді оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылғанымен, оның басты мақсаты - аса қабілетті және даярлығы күшті 2-3 оқушыны табу ғана емес, мектеп оқушысының басым көпшілігінің ағылшын тілі пәніне деген ынта, ықыласын арттыру.

Оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында олимпиадалық тапсырмаларды талдаған дұрыс. Себебі, мұндай талдау оқушылардың олимпиадалық тапсырмалардың түрлерімен таныс болып, оны орындауға өз күшіне деген сенімін арттырады.

Ағылшын тілі пәнінен олимпиада – оқушыны ағылшын тілінен білім алуға ынталандыратын ойларының дамуына себеп болатын жарыс болып есептеледі. Ағылшын тілі олимпиадасы мектепішілік, аудандық және қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерге бөлінеді.

Мектепте өткізілетін олимпиада екі кезең бойынша жүргізіледі:
1- кезеңде барлық үлгеретін оқушылар қатысады. Бұл кезеңнен «4-5» алған немесе жоғары ұпай жинаған оқушылыр келесі кезеңдегі олимпиадаға қатысады.
2-кезеңде қияндығы жоғары тапсырмалар ұсынылады. Осы кезеңнің жеңімпаздары алдыңғы олимпиадаға жіберіледі.
Олимпиада —оқушының білім дағдылары саралайтын кезең. Оқушыны олимпиадаға дайындау сәтінде тапсырмаларды орындауда тиімді жолдарын қарастыру – мұғалім атқарар міндетті екені белгілі. Талапкердің жүйелі жұмыс жасай білу қабілетін саралап, тапсырмаларды орындауда тиімді жолдарын қолдана білу шеберліктерін шыңдап, өзіндік бағыт – бағдар беру – қазіргі таңдағы ізденімпаз ұстаздардың негізгі ұстанымы.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында: "Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі" екенін ерекше атап айтты.

Игі мақсатты іске асыру жолында шығармашылықпен еңбек етіп келе жатқан Мұнайлы ауданынындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері жаңа көзқарас, жаңа талап тұрғысында ізденіс танытып келеді.

"Қазақстан Республикасының экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.» ", делінген Елбасы жолдауында.

2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін орта мектептерде ҚР Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген жаратылыстану математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы бағдарламаларымен оқытылуда.


Оқушылар жетістіктері:

2011-2012 оқу жылы 11-сынып оқушысы Қайырберді Айгерім аудандық пәндік олимпиадада-І орын, облыстан –ынталандыруға ие болды.

2011-2012 о.ж. 11-сынып оқушысы Абдрахманова Динара аудандық пәндік олимпиадада ІІ орын, облыстық «Полиглот» сайысында ІІІ орынға ие болды.

2012-2013 о.ж. 10-сынып оқушысы Мырзабай Мадина аудандық пәндік олимпиадада ІІІ орын, 8-сынып оқушысы Ермекбаева Мақбал-ІІ орынды иеленді.

2013-2014 оқу жылы 9-сынып оқушысы Ермекбаева Мақбал аудандық пәндік олимпиадада ІІ орын, облыстық олимпиадада ынталандыруға ие болды.10-сынып оқушысы Абдыхалықов Бекболат ІІІ орынды иеленді. 9-сынып оқушысы Якубова Ұлболсын аудандық «Полиглот» сайысында ІІ орынды иеленді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дарынды о?ушыларды п?ндік олимпиада?а дайындауды? тиімді жолдары

Автор: Кибасова Насима Танжариковна

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 198897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства